№11 «Балапан» балабақшасы
Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті
Тобы: «Құлыншақ»
Тәрбиеші: Исаева К.
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі «Кім аяздан қорықпайды?» тақырыбында «Құлыншақ» тобы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» бөбекжай-балабақшасы
Тәрбиеші: Исаева Кигаш Нагашыбаевна
Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Тақырыбы: «Кім аяздан қорықпайды?».
Кіріктірілген: «Денсаулық», «Шығармашылық»
Мақсаты: Табиғаттың сауықтырушылық күшін пайдалана отырып, балалардың денсаулығын сақтап нығайтуға ықпал ету. Қимыл-қозғалыс қабілеттерін жетілдіріп, сергек, шат көңілді және белсенді болуға, ептілікке, жылдам қимылдауға, батылдыққа, төзімділікке баулу. Досқа көмектесу, сыйластық, мейірімділік, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Қажетті-құрал жабдықтар: 2 шана, әр балаға ойыншықтар,
қар жапалақтары-бала санына.
Кейіпкерлер: Қар-адам.
Өткізетін орын: Балабақша ауласы.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық Қозғаушылық |
- Сәлеметсіздер ме, балалар! - Амандасу деген не?
- Аман-саулық немесе денсаулық деген не?
- Бүгін сендерді шынығып шымыр болып, аязға қарсы тұру үшін, батырлар мен батылдардың еліне саяхатқа шақырамын. Аяздан қорықпай, қызықты саяхатқа аттануға дайынсыңдар ма? - Ендеше, сиқырлы пойызға отырып, саяхатты бастайық! - Балалар, бірінші аялдамаға жеттік. Бірінші аялдама: «Жаттығу қаласы». - Балалар, қараңдаршы, бізді кім қарсы алып тұр? (Аялдамада Қар-адам тұрады). - Қар-адам: Амансыңдар ма, балалар! Денсаулық мықты болу үшін, шынығып шымыр болу үшін әр күнді неден бастау керек? Әдемі: Таңертеңгі жаттығуды орындаймыз күнде біз. Кәусар: Нығайтамыз денсаулықты, болу үшін бізде күш. Нұрағат:«Қыстың суық күндерінен, Аяз соққан желдерінен. Қорықпайды бүлдіршіндер, Шұғылданған спортпенен!» Музыка сүйемелдеуімен балалар көңілді жаттығуды орындайды.
|
Балалар амандасады. -ол аман-саулықты сұрау. Адамдар сәлемдескенде бір-біріне денсаулық тілейді. - Денсаулық-ол күш-қуат, ептілік, шымырлық, тазалық, сұлулық, жақсы көңіл-күй.
- Таңғы жаттығудан.
|
Ұйымдастырушылық- Ізденістік |
1-ші жаттығу:«Қарлы мүсіндер». Аяқтарды-топылдат! Соқ қолыңды-шапалақ! Бастарыңды шайқалтып, Соз қолыңды аспанға. Отыр бүгіп тізеңді, Қайта секір түзеліп. Жүгір шеңбер бойымен! Үшке дейін санаймыз! Қарлы мүсін жасаймыз! Бір, екі, үш! 2-ші жаттығу: «Спортшы қоян». Құлақтарын шошайтып, Отыр аппақ қояным. Басын бұрып жан-жаққа, Қайта-қайта қарайды. Тоңып қалды қояным, Жылдам ойын ойнайық, Соқ-соқ, шапалақты соқ! Топ-топ, аяғыңды соқ! Секек-секек қозғалып, Шеңберде жүгір айналып! Қар-адам: Жарайсыңдар, мені өздеріңмен бірге саяхатқа алыңдаршы! -Балалар, сиқырлы поезға отырып, саяхатымызды жалғастырайық! Келесі аялдама «Спорттық қала» Қар-адам: Спорттық қалада жарыстар өтеді. Сендер жарысқа дайынсыңдар ма? Ал менің жолдастарым аю мен қоян бір-бірімен жарысқанды ұнатады. Эстафета: «Аңдар жарысы»
- Саяхатымызды жалғастырамыз. Сиқырлы пойызға отырыңдар.
Келесі аялдама- «Ойын қаласы». (Балалар бір тізбекке тұрып жүреді).
Қар-адам: Мен сендерге бірнеше жұмбақ жасырамын, шешуін тапсаңдар қызықты ойын ойнаймыз. Жұмбақ: 1. Шанамен сырғанап келемін, Шаңғы, коньки тебемін, Аққала жасап ойнайтын. Қай мезгіл деп ойлайсың? 2. Шелек қалпақ басында, Сәбіз екен танауы Қыста қардан тұрады, Танып көрші сен оны. 3. Мамықтай ұлпа, Қанттай ақ. Қыста жер бетін басады, Жазда сайға қашады.
Ойын: «Қар қиыршықтары» Шарты: Екі топтың балалары екі жаққа бөлініп, алдарында тұрған қар қиыршықтарын бір-біреуден алып межелі жерге тасу. Қай топта қар қиыршықтары көп болса, сол женімпаз болады.
Ойын: «Кім тапқыр?». Шарты: Екі топтың алдарында тұрған шыршаның артына сәбізді қоян болып секіріп жүріп апарып, тығады. Келесі бала барып тығылған сәбізді тауып алуы керек.
- Сиқырлы поезға отырып, келесі аялдамаға аттанайық. Келесі аялдама: «Музыка қаласы» Қар адам: - Қазір жылдың қай мезгілі? - Далада жерде не жатыр? - Музыка қаласында би билеп, ән айтады. Мен сендерді би билеуге шақырамын. Би: «Қар жапалақтары».
- Балалар, келесі аялдама «Балапан» балабақшасы. Қар – адам әрі қарай суық жаққа саяхатқа кетеді. |
- Балалар бір орында мүсін жасап тұрып қалады
- Балалар сөздерін айтып қимылдарды салады.
- балалар тізбекке тұрып жүреді
-Балалар екі топқа бөлініп, ойыншықтарды шанамен белгілі жерге дейін тасып жарысады
- Қыс
-Аққала
- Қар
- балалар ойынды қызыға ойнайды.
- Қыс мезгілі - Қар жапалақтары
Балалар шеңберге тұрып, қолдарына қар жапалақтарын ұстап билейді. |
Рефлексиялық Түзетушілік |
Қар-адам: Балалар, сендер суықтан, аяздан, қиындықтан қорықпайтын қайсар, батыр балалар екенсіңдер. Сендермен саяхатқа шығу маған ұнады. Сау болыңдар! - Балалар қоштасып «Зырлайды шанамыз» әнімен бақшаға оралады.
|
- Балалар Қар-адамымен қоштасып, топқа ән айтып оралады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін, қысқы ойын түрлерін
Түсінеді: жұмбақтар шешуді, тақпақтар айтуды, ойындарды.
Меңгереді: аққала жасауды.
№11 «Балапан» балабақшасы №12 «Құлыншақ» тобының ашық оқу іс-әрекетіне
А н ы қ т а м а
18.02.2015 ж «Құлыншақ» тобында «Кім аяздан қорықпайды?» атты ашық оқу іс-әрекеті болып өтті. Ашық оқу іс-әрекетіне барлық бала қамтылып, балабақша ауласында өтті.
Балалар сиқырлы пойызға мініп бірінші аялдама «Жаттығу қаласына» келді. Онда Қар адамымен кездесті. Жаттығу жайлы Әдемі, Кәусар, Нұрағат тақпақтарын айтты.
1-ші жаттығу: «Қарлы мүсіндер», 2-ші жаттығу: «Спортшы қоян» жаттығуларын жасады.
Сиқырлы пойызға мініп келесі аялдама «Спорттық қала» аялдамасында «Аңдар жарысын» өткізді.
Келесі аялдамамыз «Ойын қаласына» келіп ең алдымен Қар адамының жұмбақтарын шешіп, ойын ойнады. Ойын «Қар қиыршықтары», «Кім тапқыр?» ойындарын қызыға ойнады.
Сиқырлы пойызға мініп балалар «Музыка қаласына» келді. Мұнда балалар тәрбиешімен және Қар адамымен бірге «Ұлпа қарлар» биін топ болып биледі.
Келесі аялдама келгенде Қар адамымен қоштасып «Балапан» балабақшасына «Зырлайды шанамыз» атты әнін айта жүріп топқа оралды.
Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті өте жақсы деп бағаланды.
Тәрбиеші: Исаева К.
Тобы: №12 «Құлыншақ» тобы