Quantcast
Channel: Балабақша|Дедсад - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all 348 articles
Browse latest View live

Қазақ әліпбиі

$
0
0

Батыс Қазақстан облысы
Зеленов ауданы
Махамбет жалпы орта білім беретін
мектеп-балабақшасының бастауыш сынып мұғалімі
КАДЫРБЕКОВА ЖАЗИРА КУРАКОВНА

«Қазақ әліпбиі»

Сабақтың мақсаты: а\Білімділігі: Оқушылардың әліпби туралы түсініктерінің қалыптасуына мүмкіндік жасай отырып,
әріптердің ретімен дұрыс оқылуын меңгерту.
ә) тәрбиелік.Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, тазалыққа,
шапшаңдыққа тәрбиелеу.
б\Дамытушылығы:Балалардың оқу және жазу дағдыларын жетілдіру,
сөйлеу тілін дамыту.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Әдісі: сұрақ-жауап, сөздік, көрнекілік, талдау-жинақтау, мадақтау, тексеру
Түрі: аралас сабақ, сыни тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері
Көрнекілігі: «Әліпби» бейнеленген плакат, қосымша дидактикалық материалдар
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық. Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. Балаларыма . Бауыржан Момышұлы.(1-2 оқушыдан сұрау)
-Балалар сіздер теледидардан балаларға арналған қандай бағдарламаларды көресіздер?
-Балапан арнасын қарайсыздар ма?
-Балапанның қандай айдарларын қарайсыз?
- Жүзден жүйрік, Айгөлек,Зерде, Ойлан тап т.б.
- Олай болса бүгін бізде балапан арнасы қонақта.Бізге түрлі тапсырмалар беріп жіберіпті.
1-тапсырма. Мың түрлі сұрақ.
Өткенді қайталау. Ережелерді еске түсіру.
ІІІ.Негізгі бөлім.
2-тапсырма. Ойлан тап. Жұмбақтар.
Жаңа сабақ:
1) Сауатымызды ашқан қай кітап? (Әліппе)
2) Ешкінің төлі? (Лақ)
3) Қармен жүргенде соңымызда не қалады? (Із)
4) Алып жануар (Піл)
5) Жаза-жаза арықтаған не? (Бор)
6) Адамның сенімді серігі? (Ит)
Жұмбақ шешулерінің алғашқы әріптерін қосу арқылы, жаңа тақырыпты шығару.
Ә Л І П Б И
-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақ әліпбиі» Ермек Өтетілеуұлы.
Әліпби туралы қысқаша түсінік. (Электронды оқулық)
-Кітаппен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқу. Мазмұнын ашу.Автор туралы қысқаша.
Ермек Өтетілеуов 1938 жылы Ақмола қаласында дүниеге келген. Балалар жазушысы Абай атындағы Қаз. Пед.Инст. бітірген.Балдырған журн.Жалын,Жазушы баспасында қызмет атқарған.Мектеп Тілашар,Балақай Өсіп келе жатырмын т.б. балаларға арналған шығармалары бар.
Сен білесің бе? айдарының тапсырмасы.
106-жаттығу ауызша.
1.Ақындардың аты- жөнін әліпби ретімен жаз.
2.Сен қай ақынның өлеңін жатқа білесің?
(балалар жаттаған өлеңдерін айтады)
Сергіту сәті «Айголектің тапсырмасы.» Әліппе әнін орындайды.

Данышпан қарға тапсырмалары. Дәптермен жұмыс.
1)Құстардың ұясын әліпби ретімен жазу.
2.Ұлы адамдардың аты-жөндерін жазу.

Али мен Аяға көмектес. Топтық жұмыс
І топ.Мына сөздерді буынға бөл.
Қоңырау, ойыншық, тауық, теңізші.(Ережесін айту)
ІІ топ. Артық сөзді тап.
1) Кеш, егіз,білім, жапырақ.
2) Жолдас, жарық, ағаштар, бүлдірген.
3) Азамат, керемет, қағаз, батыр. (Ережесін айту)
ІІІ топ. Сөздің соңғы дыбысын өзгертіп сөз жаса.
Кел, кек ,кем ,кен ,кең, кер, кес,кет,кем.

Білгіштер бекетінің тапсырмалары. Шығармашылық тапсырма


Білімпаз ата сұрағы. «Қандай әріп мақал білесіңдер?»
«А»1.Ана сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды.
2.Ақыл бастан, асыл тастан.

«Ә» 1.Әдепті бала-арлы бала,
Әдепсіз бала-сорлы бала.
2.Әке-асқар тау.

«Б» 1.Балалы үй- базар,
Баласыз үй –қу мазар.
2. Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.

«Д» 1.Досы көпті жау алмас.
2.Дос жылатып айтар,
Дұшпан күлдіріп айтар.

«Ж» 1.Жалқауға жан жуымас.
2.Жаман шайқап сөйлер,
Жақсы байқап сөйлер.

«Е» 1.Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарының тіленбей.
2.Еріншектің ертеңі бітпес.

«Н» 1.Нан болса ән де болады.

«Ы» 1. Ырыс алды –ынтымақ.

«О» 1. Отан-оттан да ыстық.
2. Отансыз адам –ормансыз бұлбұл.


«Т» 1.Туған жерге туыңды тік.
2. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.

VІ. Үйге тапсырма беру.«Әліпби» өлеңін жаттау. Алфавитті жаттау.106-жаттығу.
VІІ. Қорытынды.VIІІ. Бағалау.Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.




Іздегенде табылатын қасыңнан

$
0
0

Мақсаты:  Ұжым арасындағы адамдардың бір-біріне деген сыйластығын арттыру.

 

Міндеті:

. Адам қарым-қатынасындағы достық ұғымының  маңыздылығын ашу.

. Ұжымның адам өміріндегі достық, шынайылық, адалдық асыл қасиеттерін  ұғындыра отырып, сыйластық қасиетін түсіндіру.

. Ұжымды бірлікке, сыйластыққа, татулыққа тарту.

 

I.Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ қолыңызды айқастырмаңыздар. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоция мен тілек қалауыңызды  шайып , жүрегіңіздің қауызын ашты.

      Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

       Одан ары нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы , ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен тек жақсылықты ғана күтеді. Сіздің басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

       Нұр бірте бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.

       Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жандарға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне  нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде ... Мен нұрмын.»

        Осындай Нұр, Махаббат және  Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

  1. Психологиялық сынақ: Өмір, жар, дос

Сіз қандай адамсыз, қалай өмір сүріп жатырсыз, өмірге көңіліңіз тола ма... Өзіңізге беймәлім  өз ішкі жан әлеміңіздегі құпияларды психологиялық сынақ арқылы анықтаңыз. Әр сұрақтың жауабын есіңізге сақтап отырыңыз немесе жазып алыңыз. Жазба соңында жауаптарымен салыстырасыз.

Ну орманды аралап келе жатқаныңызда, алдыңыздан бір күркеше кезікті дейік:

  1. Сізше күркешенің есігі қалай тұр? (Жабық ,не ашық)
  2. Үйдің ішіне кіргенде бір үстел көзіңізге шалынды, сізше үстелдің формасы қандай? (Дөңгелек, сопақша, квадрат формалы, тік төртбұрыш формалы, үшбұрыш формалы)
  3. Үстелдің үстіне бір гүл құмырасы қойылған, бұл құмырада су бар, сізше бұл құмыраға қаншалықты су құйылған? (Толтырылған, орта, су жоқ)
  4. Сізше бұл құмыра қандай материалдан жасалған? (Әйнектен, фарфордан, балшықтан, металл, пластик)
  5. Сәлден кейін бір сарқырамаға келесіз, сол арада жарқ-жұрқ еткен бір затты көрдіңіз, ол затты иіліп алсаңыз бір топ кілт тағылған кілтілгіш екен. Сізше онда қанша кілт бар? (Бірден онға дейін)
  6. Бұл жерден өтіп, тағы да жолға шықтыңыз, жолдың сорабын іздеп жүргеніңізде алдыңыздан қала қорғаны көзіңізге шалынды, сізше бұл қандай қорған? (Ескі қорған, жаңа қорған)
  7. Қала қорғанының ішіне кіріп жүріп келе жатқаныңызда алдыңыздан бір ластанған малтау көлшігі кезігеді, кенет былғанған көлшік бетінен жалт-жұлт еткен асыл тастарды байқайсыз, сіз бұл асыл тасты қайтесіз? (Аламын, алмаймын)
  8. Ластанған көлшіктің қасында тағы бір көлшік бар, бұл көлшіктің суы мөп-мөлдір, бетінде ақша қалқып жүреді, оны сіз теріп аласызба? (Аламын, алмаймын)
  9. Қала қорғанының енді бір басында шығатын есік бар, сіз осы есік арқылы қала қорғанынан шығып кеттіңіз. Одан шыққаныңызда үлкен гүл бақшасын көрдіңіз, бақшадан бір сандық көзіңізге түсті. Сізше сандықтың үлкендігі қандай? (Кішкене, орташа, үлкен)
  10. Сандық қандай материалдан жасалған? (Қатты қағаздан, ағаштан, металдан)
  11. Сандыққа жақын жерден гүл бақшаның ішінен көпір көрінеді. Сізше оны неден салған? (Металдан, ағаштан, өсімдік сабағынан)
  12. Көпірдің қасына келгеніңізде бір арғымақты көресіз, сізше арғымақтың түсі қандай? (Ақбоз, күрең, қара)
  13. Арғымақ не істеп тұр? (Тыныш , жайылып тұр, шапқылап жүр)
  14. Арғымаққа жақындау жерде қатты құйын соғып кетті, сіз не істейсіз?
  • Жүгіріп барып сандыққа тығыламын.
  • Жүгіріп барып көпірдің астына тығыламын.
  • Арғымаққа міне қашамын.

Жауап:

  1. Есік.

Ашық есік: сіздің қандай іс болса да басқалар мен ортақ игіліктенуді қалайтын адам екеніңізді бейнелейді.

Жабық есік: қандай іске тап болсаңыз да жалғыз өзіңіз шешуді жөн санайтын адам екеніңізді бейнелейді.

  1. Үстел.

Дөңгелек, сопақша формадағылар: сізге серік болатын бірнеше достарыңыз бар, сіз оларға өте сенім артасыз.

Квадрат, тік төртбұріш формалылар: сіз дос талғайсыз, тек жақсы танитын адамдарыңызбен ғана дос бола аласыз.

Үшбұрыш формалылар: сіз өте қазымыр адамсыз, сондықтан досыңыз көп емес.

  1. Құмырадағы су.

Құрғақ: сіз көз алдағы тұрмысыңызға риза емессіз.

Орташа су: сіздің тұрмысыңыз сіз армандаған тұрмысқа жартылай болса да жақын.

Толы су: сіз қазіргі тұрмысыңызға өте ризасыз.

  1. Құмыраның материялы.

Әйнек, фарфор, балшық: сіздің тұрмыста дәрменсіз, басқалардың көмегіне мұқтаж екеніңді бейнелейді.

Метал, пластик: сіздің тұрмыста мықты адам екеніңізді бейнелейді.

  1. Кілт.

Тек бір ғана: сіздің тек жалғыз досыңыз ғана бар.

Бірден беске дейін: сіздің бірнеше досыңыз бар.

Алтыдан онға дейін: көптеген достарыңыз бар.

  1. Қала қорғаны.

Ескі қорған: сіздің өткен өміріңізде араласқан достарыңыз жайлы көңілсіз, еске алуға татымайтын істер болған.

Жаңа қорған: сіздің өткендегі достарыңызбен болған тамаша қарым-қатынас сезіміңіз жүрегіңіздің түпкірінде сақталған.

  1. Лас көлшіктегі асыл тас.

Алған болсаңыз: сіздің өмірлік жарыңыз қасыңызда болса да, сіз басқаларға қырындайсыз.

Алмаған болсаңыз: сіздің өмірлік қосағыңыз қасыңызда болса, сіз тек осы адаммен бірге боласыз.

  1. Мөлдір көлшіктегі ақшалар.

Алған болсаңыз: сіздің өмірлік қосағыңыз сіздің қасыңызда болмаса, сіз маңайдағыларыңызбен жақсы боласыз.

Алмаған болсаңыз: сіздің өмірлік қосағыңыз сіздің қасыңызда болмаса да, сіз оған мәңгі адалсыз.

  1. Сандықтың үлкен-кішілігі.

Кішкене: жауапкерсіз.

Орташа: мәлім мөлшерде жауапкершілік бар.

Үлкен: жауапкершілігі күшті.

  1. Сандықтың материалы.

Қатты қағаздан, ағаштан (сырты жарқырамайды): сіз кішіпейіл жансыз.

Металл: мақтаншақ әрі тоңмойын жансыз.

  1. Көпірдің материалы.

Металл: достарыңызбен өте жақын, жақсы байланыстасыз.

Ағаш: достарыңызбен белгілі дәрежеде байланыстасыз.

Өрім: сіздің айналаңызда ешқандай досыңыз жоқ.

  1. Аттың түсі.

Ақбоз ат: сіздің қосағыңыз сіздің жүрегіңізде кіршіксіз әрі ардақты.

Күрең арғымақ: сіздің қосағыңыз сіздің жүрегіңізде әдеттегідей ғана.

Қара тұлпар: сіздің қосағыңыз сіздің жүрегіңізде тым жақсы емес тіпті жаман болу мүмкін.

  1. Аттың қимылы.

Тыныш тұрған не жайылып тұрғанды таңдаған болса: сіздің қосағыңыз үйдің қамын жейтін кішіпейіл адам.

Шапқылағанды таңдаған болса: сіздің қосағыңыз тұрпайы адам.

  1. Ең соңғы әрі ең маңызды сұрақ, иә, әңгіменің аяғы боран соққанға келді, сол жағдайға не істедіңіз:
  • Жүгіріп барып сандыққа тығыламын.
  • Жүгіріп барып көпірдің астына тығыламын.
  • Арғымаққа міне қашу.

Қазір біз бұл заттардың нені бейнелейтініне қарайық:

Соққан құйын: сіздің өміріңіздегі қиыншылық.

Сандық:өзіңіз

Көпір:досыңыз

Жылқы:өмірлік қосағыңыз.

Сандыққа тығылу: қандай қиыншылыққа кездессеңіз де жалғыз өзіңіз қарсы тұрасыз.

Көпірдің астына бару: мейлі қандай уақытта қандай қиыншылыққа жолықсаңыз да достарыңызбен бірге шешесіз.

Тұлпарды таңдаған болсаңыз: қандай қиыншылық болса да, боран-шашынды күндерді де өмірлік қосағыңызбен бірге өткізесіз.

 

III. Ризашылық әні: «Достарым»

 Әні: О. Көшеровтікі.     Сөзі: Х. Закарияновтікі           

 

IV.Шығармашылық жұмыс «Ұжым бір болса, алынбайтын қамал жоқ!»

 

Дәйексөз: «Өзіне  өзі дос адам, жұрттың бәрімен дос бола алады»

 

  1. «Жүректен жүрекке»

Достығымыз достар арылмасын,

Пейіліміз кеңейсін тарылмасын,

Жиі-жиі бас қосып сыр шертіссек

Жүрегіміз қалайша жарылмасын.

Күніміз күлкілі бола берсін,

Қуанышқа көңіліміз тола берсін,

Нұрлы аспан астында , аясында,

Басымызға бақ келіп қона берсін,

Зұлымдықтан әрқашан жиренейік,

Адалдықты сүйуді үйренейік,

Бірлікпенен тірлікті ұштастырып,

Бір әдемі ғажайып, күйге енейік.

Берсе берді бермесе санаспайық,

Болмайтынға ұрысып таласпайық,

Арамызда алаяқ біреу болса

Оны қатар ортадан аластайық!-

 

  1. Қорытынды

«Шын дос үшін қалайда ,

Тік қатерге басыңды.

Айыра біл алайда,

Досың менен қасыңды»- дей келе «Іздегенде табылатын қасыңнан» атты тренингімізді аяқтаймыз.

 

МКҚК «Айналайын» балабақшасы

Тренинг

Тақырыбы: «Іздегенде табылатын қасыңнан»

 

Өткізгендер:

Психолог: Колкабаева К.Т

 

Сайын Шапағатов ауылы

2016 жыл

 

Мейірімділік шуағы

$
0
0

МКҚК «Айналайын» балабақшасы

Сабақтың тақырыбы: «Мейірімділік  шуағы»

Дайындаған: Өзін-өзі тану жетекшісі: Денбаева Н

Сайын шапағатов ауылы

2017 ж.

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Мейірімділік  шуағы»

Сабақтың мақсаты: «мейірімділік» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту.

Білімділік: Өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік  туралы   түсінік  беру;

Дамытушылық: Өзін және айналасын сүюге, жақсы  көруге деген ниеттерін ояту ;

Тәрбиелік: Қоршаған ортаға  жақсылық жасай білуге, ата-ананы жақсы көре білуге тәрбиелеу;

Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу,  сұрақ- жауап,  сергіту   сәті,   мадақтау,  қорытынды.

Көрнекі  құралдар:   автобус, алтын жүрекше, смайликтер, бұлт, бейне ролик.

Жетекші: - Балалар қараңдаршы, бізге бүгін қонақтар келген екен, кәне амандасайық.

I.Сәлемдесу.Үш тілде

Армысың асыл күн!

Армысың көк аспан!

Армысың туған жер!

Армысың достарым!

Армысың қонақтар!

Қош келдің біздерге!

 

Добрый день солнце золотое!

Добрый день  небо  голубое!

Добрый день моя земля!

Добрый день мои друзья!

Добрый день гости!

Добро пожаловать к нам!

 

Good day gold sun.

Good day blue sky.

Good day motherland.

Good day dear friends.

Good day dear guests.

Welcome to us!

 

II.Тыныштық сәті

«Мейірімділер әлеміне » саяхатқа шығайық.Бұлттың үстіне отырмыз деп елестетейік. Өздеріңді қуаныш және мейірімділер әлемінде деп ойлаңдар.Бұл елде ерекше адамдар өмір сүреді. Олар өте мейірімді және бақытты.Бұл елде барлық адам бір-біріне қамқор, дос ерекше жылы және жарық. Себебі, бұл «Мейірімділер әлемі».

-Балалар, қане , өз жүректеріміздің  дүрсілін тыңдап көрейікші, дос,анаға деген махаббат пен мейірімділікке толғанын сезінейік  және оларға қарап жымияйық.Көздеріңді ашуларыңа болады.

III. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

Жетекші: Балалар, біз бүгінгі оқу қызметімізде мейірімділік, достық, махаббат  туралы әңгімелесеміз. Мейірімділік дегеніміз ата-анаңа, ата-әжеңе,  досыңа, ініңе, қарындасыңа, кез- келген адамға қамқорлық, ізгілік жасау.

Күн: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен шуағын шашатын, жылуын беретін, нұрын төгетін Күнмін. Сендердің  жүректеріңе жылылық орнатуға әзірмін. Мейірімділік шуағына қонаққа келдім.

Балалар: Сәлеметсіз бе, күн!

Күн: Амансыңдар ма, балаларым!

Жетекші: Қош келдіңіз, төрлетіңіз! Біз мейірімділік шуағы елінен «Алтын жүрекке» саяхатқа шығамыз. Онда мейірім, қуаныш сыйлайтын жүрекке барып өзіміздің жақсы сөздерімізді айтып, орындалуын тілейміз. Күн, сіз бізбен бірге саяхат жасауға қалай қарайсыз?

Күн:  Әрине, мен балалармен «Алтын жүрекке» саяхатқа шығуға дайынмын.

Жетекші: Барлығымыз көлікке мініп, жайғасайық. Көңілімізді көтеріп, «Атамдыда жақсы көрем» әнін хормен айтайық (ән айту).

Балалар, міне Алтын жүрекке де келіп қалдық (барлығы көліктен түседі).

Жетекші: Кәнеки балалар, қолымыздағы  көңілді смайликтерді тілек айтып жапсырайық.

Алтын жүрек: Сәлеметсің бе күн, сәлеметсіздер ме балалар! Алтын жүрек қалашығына қош келдіңіздер. Жүздеріңнен күлкі жүректеріңнен жылу мейірімділік кетпесін. Сіздердің айтқан тілектеріңіз қабыл болсын! Жолдарың болсын, сәт сапар! Сау болыңыздар!

Жетекші: Армандарың орындалсын! Осы қуанышты, жақсылықты, мейірімділікті, жылылықты  өз елімізге бірге ала кетейік.

 Енді өзіміздің Мейірімділік шуағы елімізге қайтатын уақыт болды.(балалар, күн  автобусқа мінеді).

Жетекші: Балалар, бізге жылылығын, мейірімділігін беріп, «Алтын жүрек» қалашығына бізбен бірге саяхатқа  барған  Күнді  шығарып салайық. Сау болыңыз, жолыңыз болсын!

Сергіту сәті: Жетекші   балаларға  сергіту  сәтін  қимыл-қозғалыстарымен  көрсету  арқылы  жасатады:

Атамның  алып  күрегін      (күрек  ұстаған...)

Ауланың  қарын  күредім    ( қарды  күреу....)

Әжеме  мен  құдықтан         ( құдықтан  су  алған...)

Су  әкеліп   беремін            (шелекті  көтеру....)

Еденді   де  жуамын,           ( еденді  жуу..)

Шаң-  тозаңды   қуамын.    ( шаңды  сүрту..)

Ойын: Сиқырлы почта

Балалар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, жылы сөздер айту арқылы, жылы сөздер айту арқылы  бір-біріне жақындау керек. Балалар әр сөз айтқан сайын жақындайды.

Ғажайып сөздер: балалар сабақта айтып үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады. Мейірімділік, қамқорлық, қуаныш, жақсылық

Қорытынды: Бір-бірімізге мейірімді болуымыз керек. Барлық жақсы атаулыны, мейірімділік шуағы сендердің  жүректеріңде мәңгі орын алсын!Топтық жұмыс(Балалар гүл жасап, келген қонақтарға сыйға тартады)

Жүректен-жүрекке:  

Мейірімді ізде, таза аңғал жүректен,

Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен

Мейірім ана бойында сіңірген бойға,мойында,

Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.

 

 

 

 ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

 

Орманға саяхат

$
0
0

Намазбаева Гүлжан

Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

С. Шапағатов ауылы

«Айналайын» балабақшасы

Дене шынықтыру нұсқаушысы

 

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Орманға саяхат»

Мақсаты:

Білімділік: Әртүрлі бағытта жүруге, нысанаға көздеуге, қос аяқтап секіруге   

                     жаттықтыру;

Дамытушылық: Майтабандықтың алдын-алуға шынықтыру;

Тәрбиелік: Ойын кезінде бір-біріне достық, қамқор, көмекші сезіммен қарауға           

                    тәрбиелеу. Ептілікке, жылдамдыққа, батылдыққа баулу.

Құрал жабдықтар: таяқша, арқан жіп, жаңғақ , ысқырғыш, кедергілер.

Ойын атрибуттары: қасқыр, қой бетперделері, аңшы бас киімі, мылтығы.

 

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс -әрекет

 

Мотивациялық қозғаушы

 

Маршпен шеңберлене айнала  кіру, сап түзеу.

-Сәлеметсіздер ме!

Оңға бұрыл, солға бұрыл! Бір орында адымда!

 

 

 

Сап түзеу

 

-Сәлеметсіз бе!

 

 

 

 

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Музыкамен «Орман ханшайымы» келеді.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Ой, мен қайда тап болдым?Қандай керемет,әсем жер!

 

 

Ханшайым:

-Балалар, мен Орман ханшайымымын, сендер орманның не екенін білесіңдер ме?

 

 

 

 

Ханшайым:

-Балалар, мен орманда тәжімді жоғалтып алдым,содан іздеймін деп адасып, сендердің балабақшаларыңа тап болдым (мұңайып)

Жүргізуші:

-Ханшайым орман ішінде тәжін жоғалтып алыпты, адасып кетіпті,көмектесеміз бе балалар? Қане балалар алдымен жолға шықпас бұрын, ханшайымның көңілін көтеріп алайық.

(Буги-буги би жаттығуы)

 

Ханшайым:

Көздерімізді жұмып, мұрынмен ауа жұтып, ауыз қуысынан дем шығару, 3 рет қайталаймыз, сонда біз орманда боламыз.

Жүргізуші:

-Қане балалар, тыныс алып, орманға барайық.

Жүргізуші:

-Ендеше орманға саяхат жасап, ханшайым тәжін табайық.

Шеңбермен жүру,жүгіру.Алдынан шашылған жаңғақтарды  көреді.

Жүргізуші:

-Балалар мынау не шашылып жатырған?

Дұрыс айтасың, бұл жаңғақ. Ненің азығы бұл? Өте дұрыс,  жарайсыңдар!

Ханшайым:

-Ой, менің тиыным ай, азығын шашып қойғанын ай.

Жүргізуші:

-Балалар,  қане олай болса біз мына жаңғақтарды  алып, себетке, нысананы көздеп лақтырып, саламыз. Қане, тиынның азығын жинап көмектесейік.

(Жаңғақтарды  жинау)

Ханшайым:

-Жарайсыңдар, не деген епті, қамқор балалар едіңдер.

Жүргізуші:

-Бәрекелді, жарайсыңдар! Балалар жан жағымызға қарайықшы, ханшайым тәжі көрінбей ме?

-Кеттік ендеше, саяхатымызды жалғастырайық.

(Жүру)

Алдарынан қоян секіріп шыға келеді, де:

-Сәлеметсіңдер ме, қайда бара жатырсыздар?

Мен мына таяқшалардан,аңдардың тұзағы ма деп өтуге қорқып отырмын, маған сендердің көмектерің керек.

Жүргізуші:

-Көмектесеміз бе! Олай болса қане, бірінің артынан бірі тұрып, таяқшалардан қолды белге қойып, қос аяқпен секіріп өтейік.

(Қос аяқпен секіру)

Қоян:

-Ал енді мен көрейін (секіреді). Алақай мен өттім, рахмет балалар, сендер болмағанда мен мына жерде ұзақ тұрар едім. Не деген епті, мықты балалар едіңдер! Сау болыңыздар, жолдарың болсын!

Ханшайым:

-Ой менің қорқақ қояным ай!

Жүргізуші:

-Жарайсыңдар, қане балалар балабақшада шар үрлеп қалай тыныс алатын едік.

(Тыныс алу «Шар үрлеу»)

-Балалар тәж көрінбей ме?Ендеше саяхатымызды жалғастырайық.

Жылап отырған аюды кездестіру.

Жүргізуші:

-Аю, неге жылып отырсың?

Аю:

-Ой балалар,сәлеметсіңдер ме!Менің аяғым майтабан, мына аяғыма жаттығулар жасағым келеді, бірақ білмей отырғаным.

Жүргізуші:

-Аю, сен мұңайма, біздің балалар майтабанға қарсы жаттығуларды балалабақшада үнемі жасап жүреді, солай ма балалар? Қане олай болса балалар көрсетейікші.

Қойылған арқан бойымен қолды белге қойып, бір қырымен, жүріп өту.

Аю:

-Ендеше, мен көрейінші, ой, балалар, қандай қызықты жаттығу, алақай, табаныма жағып барады, қыдығын-ай, рахмет, балалар, жолдарың болсын, сау болыңыз!

Жүргізуші:

-Балалар, ханшайым тәжі көрінбей ме?

 

 

Жүргізуші:

-Қане барып, көрейік, дұрыс айтасыңдар, бұл орман ханшайымының тәжі ғой, алақай!

Орман хайшайымы:

-Жәрайсыңдар, балалар, сендер сондай ақылды, мейірімді, епті, қамқор балалар екенсіңде! Ештеңеден қорықпай, жеңе білетін, батыр екенсіңдер, рахмет сендерге!

-Мына қоржын сендерге сыйлығым, -деп жүргізушіге ұсыну.

Жүргізуші:

-Рахмет, ханшайым, енді бізді, өз табиғи сиқырыңызбен балабақшаға жеткізіңіз.

Ханшайым:

-Әрине, кане шеңберге тұрып, көздерімізді жұмып, мұрынмен ауа жұтып, ауыз қуысынан дем шығару, 3 рет қайталаймыз, сонда сендер өз балабақшаларыңда боласыңдар! Сау болыңдар!

(Тыныс алу, 3 рет)

Жүргізуші:

-Міне, балалар, өз балабақшамызға оралдық.

Сап түзеу.

-Ханшайым берген сыйлығын ашайық, ішінде не бар екен? Балалар,

қараңдаршы,  ханшайым бізге ойын ұсыныпты.

Ойын: «Аңшы мен қасқыр»

Шарты: бір бала қасқыр болады, қалған балалар қой болады. Тәрбиеші аңшы болады. Қойлар аңшының артына тығчылады.Қасқыр қойды ұстауға тырысады.

Жүргізуші:

-Балалар, қоржынның түбінде тағы да сыйлық бар екен, қараңдаршы, орман ханшайымы, тәттілер  салыпты, алақай!

(Шырын үйлестіру)

Сәлеметсіз бе!

Бала:

Сіз Түпқараған ауданы,Сайын Шапағатов ауылы «Айналайын»балабақшасындасыз

-Иә!

Бала :

Орман ол нулы,ағаш, талдардың шоғырланған табиғи жер,жан-жануарлардың мекені.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Иә, көмектесеміз!

 

 

Би жаттығуын қайталап орындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Жаңғақтар

Бала:

-Тиынның азығы ғой!

 

Жаңғақтарды, бір-бірден алып, себетке лақтырып салу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Жоқ!

 

Бала :

-Сәлеметсің бе,біз ханшайым тәжін іздеп жүрміз.

 

 

 

-Иә көмектесеміз!

Жетекшімен бірге қайталап, қойылған таяқшалардан секіріп өту.

 

 

 

-Сау болыңыз!

 

 

 

 

Мұрынмен ауа алып, ауыздан ауа үрлеп шығару.

 

 

 

 

 

 

 

-Сәлеметсің бе!

 

 

 

 

 

 

-Иә,солай!

 

 

Арқан үстімен,бір қырымен жүріп өту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бала:

-Апай, талда бір нәрсе ілулі тұр, ханшайым тәжі сияқты.

 

-Алақай!

 

 

 

 

 

 

 

-Рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

Шеңберге тыныс алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Алақай!

 

 

 

 

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

Қош балғын,балалық шақ

$
0
0

Қарағанды облысы.  Сәтбаев қаласы

№5 «Нұрбөбек» б\б  тәрбиешісі КМҚК

І-санатты тәрбиеші Абдрахманова А.Х

 

«Қош балғын,балалық шақ» 

             

 Балалар залға «Маленкая страна» әні бойынша, әуен ырғағымен кіреді.

 

Кемел:Құрметты қонақтар армысыздар
             Бәріңізде есен- аман бармысыздар?
             Таусылмайтын ағытып ой арманның
            Ал достарым, қысылмастан сөйлегін.

             Балабақша есігін,

             Сәби болып ашқанбыз

             Балапандай мәпелеп

                Өсіреді бақшамыз.

  Назерке  Ақ тілекті ақытып бір тастайық,
                  Қоштасатын кешімізді біз бастайық
                   Жүздерінен көркем шаттық арайлы
                   Болсын солай әрбір күнің,әр айың.

                   Балабақша базарлы үй,

                   Көшедегі ажарлы үй,

                     Шаттығы бар шуақты,

                   Өз үйіміз сияқты.

Темірлан:  Тәрбие берген ұямыз,

                Тәртіпті бала боламыз

                 Қоштасып балабақшамен

                     Біріншіге барамыз.

Гүлжан : Сүйген өз қыз, өз ұлын.
                Бөбегім деп аянбай
                Балабақша өз үйім
                Апай болды анамдай.

1.Тәрбиешілер:  Бір ата, бір ананың тірегіміз                       

                               Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,

                               Бірлік барда , тірлік бар деген бабам.

                               Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз!

2.Тәрбиешілер:  Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!

                   Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын!

                   Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!

                   Біріншіге баратын қадамдарың құтты босын!

Ән : «Біз мектепке барамыз»

Білім ханшайымы: Сәлем ,менің достарым,

Қауышқаныма қуаныштымын.

Мен сендерге қонаққа келдім

    Мен – Білімпазбын мейірімді әрі дана,

Мен көмектесем барша балаға ,

Оларды мен баулимын ерінбей.

Оқу менен көркем жазуға да!

Жүргізуші: Балалар-біздің балабақшамыздың түлектері,болашақ  оқушылары.

Білім ханшайымы: Ал сендер мектепке оқуға дайынсыңдар ма?

Ал қазір мен сендердің білімдеріңді тексеріп,жұмбақ жасырайын.

Бар білімнің бастауы,

Бар ғылымның бастауы,

Жас балаға нұр шашқан,

Қандай кітап тіл ашқан?  (Әліппе)

2 .Қабат-қабат қатталған,

Ақыл сөзбен апталған,

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін.  (Кітап)

  1. Ілулі тұр кең алаң,

Керегімді мен одан,

Жазып алам көшіріп,

Сүртем сосын өшіріп.  (Тақта)                                                                                                   

 Білім ханшайымы: Жарайсыңдар ,балалар! Сендер мектепке жақсы дайындалыпсыңдар. Олай болса ойынмен  жалғастырғым келіп тұр «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.                                                                                                                    1.    Мектепке біз барамыз ба?
2.    Кілең бестік аламыз ба?
3.    Айтқан тілді аламыз ба?
4.    Ақылды бала боламыз ба?
5.    Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6.    Сабаққа ерте тұрамыз ба?
7.    Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
8.    Ойыншықтармен ойнаймыз ба? 
9.    Екі алғанда жылаймыз ба?
10.     Оқушы біз боламыз ба?                                                                                                           

Білім ханшайымы: Енді жаңағы балаларға қойылған сұрақтар сияқты  ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

  1.  Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?
    2.    Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?
    3.    Тамағын уақытында бересіз бе?
    4.    Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
    5.    Сериал көріп жатасыз ба?
    6.    Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
    7.    Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
    8.    Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
    9.    Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
    10.   Бала үшін асулардан асасыз ба?

Ойын : « Сандағы қоңыздар»

Білім ханшайымы: Ой менде сіздерге өте қуаныштымын. Рахметін айтып шығып кетеді.

Жүргізуші:-  Айналайын  балалар,

                       Алда мектеп-ана бар

                       Өздеріңнен өседі,

                       Өнерпаздар даналар деп.Ұлдарымыз бен қыздарымыздың орындауында 

Би: «Көңілді би»  

Жүргізуші:-  Балалар тыңдаңдаршы бір дыбыс естілетін сияқты.

Ортаға ортаңғы топ балалары кіреді.

     Шыңғыс : Баулып, баптап өсірген.
                          Бұзықтық етсек кешірген
                          Ұмытпаймыз өзіңді.
                          Ұмытпаймыз сөзіңді.

Исмат: Кітаптарда қалам да,

         Көп болатын ағамда

         Менде бұрын жоқ еді,

         Әкелді апам маған да,

         Тазалап жуып басымды,

         Тарап қойдым кекілді.

          Бола қалдым лезде,

              Болат ағам секілді.

Алихан: . Қуанамыз, сыйлаймыз
                Қуаныштың мың гүлін
                Бақшамызды қимай біз
                Қоштасатын күн бүгін.

Міне осындай жаста сендерде балабақшаға келгенсіңдер      

                Содан жеттіңдер, ойнадыңдар,күлдіңдер.

                Асыр салып өтті көп күндер, сәбиліктен өттіңдер,

                Алты  жасқа  жеттіңдер, мерекені әрдайым

                Бірге қарсы алдыңдар, көңілді биге салыңдар.

Балалар өздерінің дайындаған «Ойыншықтар» биін сыйға тартады ,қабыл алыңыздар.             

  Музыка әуенімен ортаға Буратино жүгіріп келеді.

Сәлеметсіздер ме,ұлдар!  Сәлеметсіздер ме, қыздар!  Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Мені таныдыңдар ма?

Мен -көңілді Буратиномын.

Айдаршығым қысқа, ал мұрыным ұзын

Жер беті мен суастынан ,

Іздеп журмін кілтті алтын!

Бәріне! Бәріне! Бәріне! Құрметті достар! Мен білім әлемінің  алтын кілтін іздеп жүрмін. Бұл өзі не деген сиқырлы әлем!

Ой-ой-ой ,мен қайда келдім?

Жүргізуші: -Демінізді басыңыз Буратино,сен балабақшаға келдің. Біздің балалар балабақшамен қоштасқалы жатыр.

Жүргізуші: - Не болды саған?

Буратино:  -Артымнан мысық Базиломен түлкі Алиса қуып келе жатыр.

Менің қалтамда тиындарым бар еді соны алмақшы. Ой,санай алмай жатырмын.

Жүргізуші:-Балалар санауға көмектесіңдерші. (Балалар қосылып бірге санайды.)

Жүргізуші:-Сен ақыры білім кілтің іздеп жүр екенсін білім ошағы туралы ән тыңдауға қалайсын.

Ән: «  Сәлем, саған мектебім»                                                               

Жүргізуші:-Енді көңіл көтеріп,біздің балалармен билеуге қалайсың?

 Білім әлемінің кілтің іздеп жүрсіңба,білім еліне бару үшін сен жазуды да,есепті де шығара білмейсің гой. Ендеше сен біздің балалардың білімін тексеріп көр. Ойын ойнаған кезде балалар сан таңбаларын да білмейді екен,біз оған сан таңбаларын үйретіп  жіберейік.

                 Ойын «Көршісін тап»

Мысық Базиломен түлкі Алиса келеді.

Мысық Базило : -Сәлем, сәлем  Буратино.

Түлкі Алиса:-Сәлем біздің сүйікті ұлымыз. Сен біздің туған ұлымыздайсың.

-Артыңдағы не,қолында не бар?

Мысық Базило: -Ия, біздің де көргіміз келіп тұр.

Буратино: Қолымдағы жаңа үй

                  Үйдің аузы құлып та,

                  Ал, ол үйде тұрады

                  Кітап,қалам, карандаш.

                   Мен өте ақылды, білімді болғым келеді.

Түлкі Алиса:-Сен үшін өте қуаныштымын. Бірақта саған бір ақыл айтайын.

Асықпа сен тұра тұр. Не бар саған мектепте (портфелін жұлып алады) лақтырып жібереді.Оданда сен бізбен бір елге,білім аралы өте тамаша бір елге жүр.

Буратино: -Ол қандай ел?

Мысық Базило : -О,ғажап ел. Ол ақымақтар елі. Ол жерде өте көңілді, ол жерде ешкім  жұмыс істемейді,есеп-қисап деп миларын ашытпайды.

Түлкі Алиса:-Ол жерде бәрі ойнайды, күледі, өте көңілді.

Буратино:Папа Карло керісінше айтады, мектепте оқу керек,ақылды болу керек.

Түлкі Алиса:-Ой,мектеп жылдары өте сұмдық жылдар. Ең қорқынышты,біз сені өз мектебімізге шақырамыз.Ол жерде миынды ашытпайсын.

Мысық Базило: Ия,ия. Сені біз өз мектебімізге шақырамыз. Ол жерде өзімізді жақсы сезінеміз.

Буратино: (Ойланады) Ой,ой , ол қандай ел екен? Өте қызық екен, таң қалып тұрмын .

Жүргізуші: Жоқ, жоқ, сен оларды да тыңдама. Балалар қалай ойлайсыңдар? Білім елі ме әлде ақымақтар елі ме? Көрдіңбе, Буратино

Ойын : «Мектепке дайындалайық»

Мысық Базиломен түлкі Алиса сені алдап тұр. Сен оларға ерме. Оданда біздің балалар сияқты білім ордасынан білім алып,ақылға  кел,  әнді тыңда

Ән  :  «Әліппе» әні

Жүргізуші: Буратино міне көптен іздеп келген білімнің кілті. (тәрбиеші қолына береді)

Буратино: Мәз болып алақай, алақай! Білімнің кілті менде. Қараңдаршы маған мен сияқты кілтті ешкім мұрынына қойып жүгіре алмайды,деп залды екі рет жүгіріп шығады. 

Түлкі Алиса:-Кәне, кілтіңді маған бере тұршы, менде мұрыныма қойып,менде жүгіре аламын деп мақтанады.(мұрынынан түсіріп алады)

Жүргізуші: -Ай, қу түлкі қулығынды іске асырамын деп мақтанып едің, іске аспай қалды, қулығында қой енді,жасаған қулығын іске аспай қалды.

Жүргізуші: Ей, бүлдіршін, бүлдіршін
                                   Өмір бізді күлдірсін
                                 Тойға келген мына жұрт
                                 Ән мен биге бір тойсын

Қыздарымыз бен ұлдарымыздың орындауында: « Блюз» биі

Назерке тақпақ  (ағылшынша) 

Ән  «Первоклашка»  Балжан ,Шыңғыс

Жүргізуші: Алдындағы балалар,

                    Мектепке кетіп барады,

                    Тақпақ айтып тамсанып,

                    Қимай кетіп барады

Ақниет:   Жеті жасқа толамыз,

               Әдепті бала боламыз.

                Қуантып ата-ананы

                Мектепке кетіп барамыз.

                Балабақшам қош енді,

                Әркез аман бол дейді.

                Әкем менен шешемді,

                    Ертіп енді келмеймін

Кәусар: Мектепке ертен барамыз.

               Оқимыз,сауық құрамыз

                Қашық емес арамыз,

               Бақшаға келіп тұрамыз.

               Оқимыз,білім аламыз 

               Болашақ жолын саламыз.

Жанайым: Бұл екінші үйіміз,

                    Бір туғанбыз бәріміз

                     Біз осы үйдің гүліміз

                    Біз осы үйдің сәніміз.

                    Ойыншықты жинаймыз,

                    Бөбектерге сыйлаймыз.

                    Өнер-білім үйреткен,                                                                                                                                                                       

                     Бақшамызды қимаймыз.

Ән: «Тәрбиеші »

Жүргізуші: Балабақша  бесігім

                     Қайсысын айта берейін

                     Қабыл алшы гүлімді

                     Сіздерге сыйлап кетейін

                     Демекші енді балаларымыздың құттықтау сөздерін қабыл алыңыздар.

Мунира: Әліппеден әріп танып,

              Алғаш рет оқимын.

              Тәрбиеден тәлім алып,

             Санамызға тоқимыз.

Балжан:  Орын берген бақшадан
              Директор  Жамалқия Қабденқызы жақсы адам
               Сондықтанда біз үшін
              Артықсыз  өзіңіз басқадан  

Бақдәулет:  Әдіскер Жанар .Арқабайқызы,   Ақмаржан  Ғабитқызы  

                   Алғыс айтып қимай барамыз.

                   Қабыл алып ақ тілігімді

                   Әрқашан әдемі болып жүріңіздер
С.Дарын: Ойыншық та, кесе де,

                   Шанышқы мен тәрелке,

                   Орыныдық,шкаф,төсекте,

                    Бәрі өзі келе ме?

                    Сонын бәрін табатын,

                    Шаршамайтын күлетін

                   Зыр жүгіріп жүретін.

                   Гүлшат апайға мың алғыс!

Жүргізуші: Мерекеде сызылтып ән салады,
                   Ән айтып би де билеп жан салады.
                    Бұл ұлы мерекеде , «Қоштасу вальсін»
                   Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.Қыздарымыз бен ұлдарымыздың орындауында «Қоштасу вальсі»

Еңілік: Суға түсіп шомылып,

             Бойымызды жаздық біз,

             Денемізді тік ұстап,

             Сұлу болып өстік біз.

             Лаззат апайға

             Айтамыз біздер мың алғыс.

Муханбет: Көңілді өскен баламыз,

                  Шырқатып әнге саламыз

                  Тойымызға сән беріп,

                 Би де билей аламыз Лена .Федоровна . Айнаш. Жалаубек қызына  мың алғыс!

Ақкүміс:  Витамин жеп қолынан

                Өскен сәби баламыз,

              Медбибі  Анар, Балдырған

              Алғыс айтып барамыз

Ерислам: Баулап-баптап өсірдіңіз,

                 Бұзықтық етсек кешірдіңіз.

                 Ұмытпаймыз сөзіңізді,

                 Ұмытпаймыз өзіңізді                                                                           Тәрбиешілеріміз Алтынай Хамариденқызы,                  Балгүл Сайлауқызы

                Сіңірген  еңбектеріңізді ақтаймыз.

                Сіздерге де мың алғыс.

Қ. Дарын: Қош « Нұрбөбек» бақшамыз

                    Естен кетпес есімің

                  Қош балдырған бақшамыз                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

                    Алғаш ашқан есігім                                                                                                                                                        

                    Білім әлем көгінде                                                                                                                       

                      Қанат қағып ұшамыз.

Айғаным: Қуанамыз,сыйлаймыз

                 Қуаныштың мың гүлін

                 Бақшамызбен қимай біз

                  Қоштасатын күн бүгін.

Жүргізуші: Мың бұралып би билеп, шығам менде ортаға

                      Бүгінгі той тамаша

                      Қуанамын балаша

                      Ортаға Әбділда Гүлжанның орындауында  «Шығыс биі»

Құттықтау сөзін балабақша директоры Ж.Қабденқызына береміз.

Грамоталарды тарату

Ең соңынан «Қызыл гүлім –ай әнімен» Жанайым

Жүргізуші: Айналайын, балғындар,

                          Алға бағыт алдыңдар.

                           Ертең өсіп толыңдар
                          Ел мақтаны болыңдар!
                         Орындалсын ойларың,

                          Ашық болсын жолдарың

                          Қош,балалар,сәт сапар,

                           Үлгілі бәрің  болыңдар                                                                                                                       

                            Жақсы оқып  әрқашан,                                                                                                                    Тек 5-тікті алыңдар –дей  отырып,  бүгінгі  «Қош балғын, балалық шақ» атты    ертеңгілік  кешімізді жабық  деп жариялаймыз.

 

Тақырыбы: Әдепті бала – арлы бала

$
0
0

Қарағанды облысы.  Сәтбаев қаласы

№31 «Балапан» б\б  тәрбиешісі КМҚК

ІІ-санатты тәрбиеші Жанабатырова А.А

 

                 Тақырыбы: Әдепті бала – арлы бала

 

Білім беру саласы: Қатынас, әлеуметтік орта

Бөлімі: Тіл дамыту, айналамен таныстыру, қоршаған орта

Мақсаты :  Балалардың коммуникативтік әдетін қалыптастыру.                                         

Білімділігі:. Жақсы мен жаман әдет қалыптарын ажырату. Дамытушылығы: Тіл байлығын, логикалық ойлау, көру, сезіну қабілеттерін дамыту. Халқымыздың  салт – дәстүріне деген қызығушылығын арттыру. Тәрбиелілігі: Адамгершілікке , кішіпейілдікке, ұқыптылыққа баулу. Көрнекіліктер: Суреттер, дидактикалық ойын «Жаман мен жақсы», сыйлықтар.

Әдіс тәсілдері: Әңгімелеу, ойын ойнату,тапсырмалар,көрсету.

Тәрбиеші: -Балалар қарандаршы бізге көп қонақтар келіпті, кәнеки балалар қонақтармен амандасайық

-Сәлеметсіздерме!

Балалар орындыққа отырады

Тәрбиеші: Балалар алыста  не дауыс естіліп жатқан?

Тәрбиеші : Балалар бұл кім екен?

Мысық: Қой дедім ғой мен саған.

Ит : Р-р-р-р саған не керек! Қандай ұсқынсыз едің!

Мысық: -Не дедің? Мен бе ұсқынсыз? Өзіне қарашы, жылайды

Тәрбиеші:-Сәлеметсіздерме сіздер кім боласыздар? Сендерге не болды ?

Мысық: Мынау барғой мені ылғи кемсітіп, мазақтай береді

Тәрбиеші: Бұларын енді дұрыс емес, сендер балабақшаға келдіңдер кішкенең,қарандаршы біздің балалар қандай әдепті, тәртіпті балалар, бізге көп қонаққтар келіп отыр олармен амандасу керек

Мысық: ой біз амандасуды білмейміз мяу-мяу .

Ит: Амандасу деген не?р-р-р

Тәрбиеші: Ендеше сендер білмесеңдер біздің балалар көрсетеді, ендеше келіңдер шеңберге тұрыңдар біздің балалармен амандасуды үйреніңдер.

 Ал балалар тұрайық,

 Үлкен  шеңбер құрайық,

 Үлкен  шеңбер құрған соң,

Әдептілік  сақтайық.

Шаттық шеңбер:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылсын

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, кәнекей, бәріміз

Сәлем берейік, үлкенге

Сәлеметсіздер ме?!

Амансыздар ма?!

Есенсіздер ме?!

Ит: р-р-р қандай керемет біз білдік амандасудың не екенін.

Тәрбиеші: Кәне балалар отырайық. Мысық ,ит біздің балалар әдептілік туралы көп  тақпақтар біледі.

Медина: Кім үлкенді сыйласа,

               Кім үлкенді тыңдаса,

               Үлкен болған кезінде

                Сыйлы болмақ өзі де.

Жандос: Атам маған өмірде

               Әдепті жан бол деген.

                Ата сөзі санамда,

              Жасы үлкенге жол берем.

Меруерт: Сәлеметсіз бе, ағай деп,

                   Сәлетсіз бе , апай деп,

                 Ұл-қыз сәлем береміз,

                Өнегелі өренбіз.

Мирас:  Дастарханның басында,

             Әдептен біз озбаймыз,

               Үлкендердің қасында

              Қолды бұрын созбаймыз.

 Амина: Нан қоқымын шашпаңдар,

              Жерде жатса баспаңдар.

              Теріп алып қастерлеп,

                Торғайларға тастаңдар

Тәрбиеші: балалар біздің мысық пен иттің көңіл күйлері болмай тұрған сияқты, кәне оларды ортаға шақырып бір көңілді ойын ойнайық.

Тікіриіп құлағы

Менен бұрын тұрады.

 Бойын жазып керіліп

Бетін қолын жауады. Мяу-мяу-мяу

 Қасымнан бір қалмайды.

 Көзін қысып алады,

Ұйқта десең ұйқысы ,

Ұйқысы оның қанбайды. Мяу-мяу-мяу.

Мысық : Балалар сендерге көп рахмет әдептіліктің не екенін түсіндік.

Ит: рахмет балалар р-р-р ,мяу-мяу

Мысық ,ит : Балалар рахмет сендерге, біз енді әдепті боламыз сау болыңдар!

Тәрбиеші: Балалар сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдарма?  Орманға  тез жету үшін ән айтып барайық.

Аяз-қысып, өрнек сызып

Терезені торлайды.

Кейде ұлып, кейде ысқырып,

Ұйтқып боран сағады.

Бөбектерім айтындаршы,

Бұл қай кезде болады?

-демек, балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Дұрыс (Қыс)

Тәрбиеші: Балалар біз орманда әдептілікті сақтау керекпіз! Қоқыстарды тастауға болмайды, бұтақтарды сындырмаймыз, құстарды атпаймыз, ұяға тейіспейміз.

Музыка: торғай, өзен, жел т.б

Орманшы: Талдарды бақылап жүреді, бұтақтар сынып жатқан жерде

тұрады, басын шайқап.

Тәрбиеші: балалар қарандаршы, алыста орманшы тұр кәне амандасайық

Сәлеметсізбе орманшы

Орманшы: амандасады

Тәрбиеші : сізге не болды көңіл күйініз жоқ қой?

Орманшы : ия балалар қарандаршы орман іші көңілсіз талдарға, шыршаларға зиян келтірген. Балалар шыршаның бұтақтарын сындыруға болама?  Табиғатқа зиян келтіруге болама? Біздің табиғат құрып бара жатыр жабайы жануарлар да азайып кетіп бара жатыр. Ох- ох

Тәрбиеші: Ия балалар, табиғатты біз аялауымыз керек.

Тәрбиеші: Балалар біздің орманшы өте көңілсіз екен, кәне балалар ормандағы жабайы жануарларды еске түсіріңдерші, орманшының көңілін көтерейік, бір ойын ойнайық орманшы біз балалармен ойын ойнап көңілінізді көтеруге қалай қарайсыз?

Орманшы : -Жарайды балалар ойын ойнайық

Тәрбиеші: жабай жануарладың қимылдарын өлең арқылы қозғаламыз.

Аю маң-маң басқан,

Қоян үркіп қашқан.

Қасқыр ылан салады,

Түлкі бұран қағады.

Орман іші көңілді

Бұтақтаң қар түседі.

Жарайсыңдар балалар жабайы жануарлады жақсы біледі  екенсіңдер . Онда балалар орманның сулулығын тамашалайық.

Орманшы: -Балақай сен нестеп жатсың?

-Балалар торғайды атуға бола ма?

- Жоқ!

Тәрбиеші:  -Балақай құстар біздің досымыз, біз оларға қамқорлық жасауымыз керек. Қыс кезінде торғайларға қорық табу өте қиын сондықтан біз оларға жем беруіміз керек.

Кәне, балақай біздің балалармен шеңберге тұра ғой, орманшы сізде тұрыңыз әдепті туралы  «Жақсы ,жаман» деген ойын ойнайық.

Ойын  шарты: Мен жақсы туралы айтқанда қолдарынды шапалақтайсыңдар, жаман туралы айтқанда аяқтарынды топылдатасыңдар қымылдар көрсетесіндер.

 -Бір бала құстың ұясын бұзып жатыр екен, ол қандай бала?

 -Үлкен кісіге орын берген бала, қандай бала?

-Атасына терек егіп көмектесіп жатқан бала қандай бала?

- Жерге құлап қалған балапанды ұясына салып жатқан қандай бала? Тәрбиеші: орманшы ағай біздің балалар  әдепті туралы мақал -мәтелдер біледі  соны тыңдаңыз.

Мақал мәтелдер:

-Әдепті бала балабақшада

- Әдепті бала көшеде,

-Әдепті бала үйде.

-Әдепті бала ата- анасын мақтатар,

- Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар.

-Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен.

Орманшы: өте керемет жарайсыңдар, балақай көрдің бе әдепті бала қандай болу керек!

Бала: ия орманшы балалар енді мен тентек бала болмаймын әдепті бала боламын. (қолындағы садақты береді)

Орманшы: жарайсың балақай күзде жинаған алмамнан тату етем, ала ғой.

Бала: балалар орманшы рахмет сау болыңыздар!

Тәрбиеші: Балалар балабақшаға кайтатын уақыт келді.

Орманшы: Балалар сендер қандай әдепті баласындар көп тақпақ, мақал-мәтелдер біледі екенсіңдер, әдепті туралы (балалардың бастарынан сыйпайды орманшы)

Сендерге базарлығым бар апайларына берейін балабақшаларына барғанда үлістіріп береді.

Балалар: -Сау болыңыз орманшы !

Тәрбиеші:- Балалар балабақша тез жету үшін ән айтып барайық

Мен әдепті баламын,

Әдепті мен сақтамын.

Жас үлкенге жол берем,

Мен тәртіпті баламын.

Балалар біз орманға бардық. енді көңіл көтеріп бір ойын ойнайық

 «Біздің топта кім жақсы»

Тәрбиеші: Кәне балалар отырайық әдепті туралы сурет тамашалайық кәне балалар қарандаршы

-Балалар суретке қараңдаршы мына бала не істеп жатыр?

 -Талдың бұтағын сындырып жатыр ма?

-Ол әдепті бала ма, әлде әдепсіз бала ма?

-Балалар құсты садақпен атып жатыр? Олар қандай бала?

-Балалар автобуста орын бермей тұрса? Ол қандай бала?

 -Енді мына суретке қарайықшы.

Суретте бала не істеп жатыр?

-Бұл бала құстарға жем беріп жатыр?

 -Ол әдепті бала ма, әлде әдепсіз бала ма?

-Құстарға бидай беріп жатқан қандай бала?

Үлкен атамен амандасып тұрған  қандай бала?

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар біз қандай баламыз қолмен балалар жақсы баламыз деп белгі көрсетеді.

Қоштасу шеңбері

Орнымыздан тұрайық

 Үлкен  шеңбер құрайық

Келген  қонақтармен қоштасайық.

 Кездескенше күн жақсы, сау саламат болайық, сау болыңыздар!

                                              

Ғарыш әлеміне саяхат

$
0
0

Қарағанды облысы.  Сәтбаев қаласы

№5 «Нұрбөбек» б\б  тәрбиешісі КМҚК

І-санатты тәрбиеші Абдрахманова А.Х

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Ғарыш әлеміне саяхат       

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті:  Сауат ашу
Сабақтың мақсаты: дыбыс пен әріп туралы түсінік беру

Білімділік: сөйлем құрату арқылы сөздік қорын молайту.

Дамытушылық: дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету.                 

 Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл-ойын дамыту,

Тәрбиелік: балаларды ғарыш әлемінде өзін-өзі ұстауға, ұстамдылыққа тәрбиелеу.

Топтық жұмыста бір-біріне көмектесуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Әдіс- тәсілдер: көрсету, сұрақ-жауап.
Көрнекі құралдар: кеспе әріптер мен буындар, жұлдыз, зымыран мен

ғаламшарлардың суреттері,көкөністер мен жемістер, дидактикалық материалдар
Белингвалды  компонент: Ғаламшарлар-планеты, зымыран-ракета,

ғарышкерлер-косманавты,

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Біз әдепті баламыз

   Біз ерекше боламыз.

Қонақтарды көргенде

Сәлемдесіп аламыз

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз

Жарқырайды даламыз,

Қуант,шаттан, алақай,

Қуанатын  күн бүгін.

Қайырлы күн балалар!

Сәлеметсіздер ме, қонақтар.
Әңгімелесу. Слайд
- Аспанда нелер болады, балалар? Планеталар  болады  (ғаламшарлар)

Біздің тұрып жатқан жеріміз мына глобус сияқты дөңгелек тәріздес.

- Дұрыс айтасыңдар, ал зымыран бізге не үшін қажет?

- Зымыран әлемдегі ғаламшарларды зерттеу үшін қажет.

-Зымыранмен кімдер ұшады?

- Зымыранмен ғарышкерлер  ұшады.

-Зымырандар ұшатын орынды не деп атаймыз?

- Зымыран ұшатын орынды – космодром

- Ең алғашқы ғарышкер  кім деп ойлайсыңдар?  Ю.А. Гагарин
- Қазақстаннан алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкерлер – Тоқтар Әубәкіров пен 

Талғат Мұсабаев. Олар ғарышқа ұшып, зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары. Олар - ержүрек, батыр, халық

қаһармандары. Осы кісілер сияқты батыл, ержүрек болу үшін, білімді, тәртіпті

үлкен азамат болуымыз керек.

Ал балалар  ғарышкерлер туралы тақпақ білесіңдер ме?

Кемел:

Ғарышқа үш рет сәтті сапар жасаған атақты ғарышкер Талғат Мұсабаев
Ғарыштың кеңістігін бағындырған,
Үш жүзден артық онда тәулік болған.
Бір емес үш қайтара сапар шеккен,
Ер жүрек,батыр едің аға неткен?!
Ел мерейін өсірген ерлігімен,
Сапар шегіп ғарышқа Жер серігімен.
Туған жерге оралған ел батырын,
Ұмытпаймыз,қосамыз әнге атын.
Шыңғысхан: Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров
Алтын бесік тербеткен 

“Байқоңырдан ”аттандың                                    
Ең алғашқы қазақтың,
Ғарышкері атандың.
Мақтанады өзіңмен,
Бүгінгінің баласы.
Мүмкін олар ертең-ақ,
Ізбасарың болады.
- Сендер де ғарышқа ұшқыларың келе ме?
- Олай болса, біздер бүгінгі ғарыш әлеміне саяхатқа жасайық.

 қызықты тапсырмалар  орындаймыз, яғни ғарышкерлер боламыз.

1-ші планетамыз  Венера

Балалар стрелка арқылы планетаға келіп  жетеді.

Тәрбиеші: -балалар  бізге хат қалдырып кетіпті. Хаттың тапсырмасын оқиын.

Тапсырма : Сөздер мен дыбыстар

Дыбыс. Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде? Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дыбысты біз естимыз, әріпті жазамыз,  көреміз, оқимыз.

Дыбыстар екіге бөлінеді: дауысты және дауыссыз.

Дауысты дыбыстар жуан , жіңішке болады.

Ана деген сөзге дыбыстық талдау жасау. Ана деген сөзде үш дыбыс бар.

Бірінші дыбыс А – жуан дауысты дыбыс. Екінші дыбыс Н – дауыссыз дыбыс.

Үшінші дыбыс А – жуан дауысты дыбыс. Барлығы үш дыбыс бар.

Бір дауыссыз, екі дауысты дыбыс.

Ойын «Жемістер мен көкөністер» ойыны

  1. Планета «Сатурн»

Тапсырма : Буын неден тұрады?  Буын  сөзден тұрады.

Тапсырмалар бойынша буынға бөліп  оқыту.

Ойын : Өтілген әріптерге сөз ойла және тез ойла»

Ойын: «Жасырынған сөзді тап»

Шарты: балалардың алдында сандар тұрады.

Балалар сандарды алып,қатар-қатар тұра қалады да,сандардың екінші жағын

аударады да ,жазылған сөздерді басқа балалар оқиды.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

 

 

а

н

а

н

а

н

а

ғ

а

Ойын : «Өтілген әріпті ата және тез сөз  құра»

3.Планета: Юпитер

Тапсырма:

 - Балалар, жұлдыздар қандай тамаша! Жарқырап тұр. Сендерге ұнай ма?

Ендеше көңілімізді бір көтеріп бір сергілті жаттығуларын жасап алайы.

Балалармен « Тіл ұстарту жаттығулары»

Енді демалып, шаршағанымызды басып, бір шынығып алайық

Қалай  балалар дайынбыз бе?

Кел,балалар, кәнекей,

Парақтайық әліппей,

Талай қызық күтуде                    

Бәрімізді  әлемде.

Жалықпа сен, жалықпа,

Оқы,тоқы арманда,

Бәрін білген балаға,

Жақын болар алыста.

4 Планета:Марс

Ой, балалар  марс планетасына                           

да келіп жеттік. Робот  қонаққа келеді.

Сәлеметсіздерме, балалар! Жер шарын аралап жүрмін. 

Міне ,Марсқа да келіп жеттім. Мен жай жүрген  жоқпын.

Марсты зерттеп жүрмін. Балалар мен сендердің білімдерінді тексергім келіп

тұр.

-Сендер қай планетадан келдіңдер?

-Жер әлемі планетасынан келдік. 

-Өз әлемдерін жайлы не білесіңдер?

-Біз сізге тақпақтар, әріптерге байланысты тақпақтар айтып береміз.

Балжан:

А-деген ол аналар ғой, ардақты,

Ә-деген ол әжелер ғой салмақты

Б-деген ол балалар ғой  әдемі

Біздің  елде үшеуі де кәделі

Сондықтан да алшақ  кетпес расында,

Тұрады олар – алфавиттің басында

Мунира:

«Ғ» Ғасыр, ғылым, ғаламшар,
Ойлаған ғалым адамдар
Ғарышкерлер ұшқанда

Жасайды ғажап қадамдар

Мен «Ғ» әріпімін                                           

Муханбетәли :

 «Н» Нан - әлемнің азығы
Дастарқанның қазығы
Нар - түйенің асылы,
Өрісі ел жазығы
Мен «Н» әріпімін

Исмат: Барлық әріп бағалы,

            Айттық әділ бағаны,

             Әріпсіз сөз болмайды,

             Буын онсыз толмайды.

              Адам барлық әріпті.

             Ардақтайды, қолдайды.

Аида: Тиіспе,күшік, қоянға,

           Тентектікті қойыңдар!

Кикілжің жоқ аранда,

Тәту тәтті болыңдар!

Робот: балалар сендер қандай білімді, тапқыр балалар  екенсіңдер.Мен мынадай

балаларға қалай сыйлық бермеске, жай сыйлық емес,сиқырлы сыйлық.

Тәрбиеші:

Ал балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Көріскенше  күн жақса,

Сау-саламат болыңдар!

 

Қатынас

$
0
0

Ергалиева Клара Жонисовна

БҚО, Зеленов ауданы, Жаңатаң

жалпы бастауыш білім беретін мектебінің

жанындағы «Балдырған» шағын

орталығының тәрбиешісі

 

Білім беру саласы: Қатынас

Оқу іс-әрекеті: Тіл  дамыту

Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ» орыс халық ертегісінің қойылымы

Мақсаты: Балаларға ертегінің мазмұнын баяндау, кейіпкерлендіру арқылы түсіндіру, тіл байлығы, сөздік қорын молайту. Сұраққа толық және нақты жауап беруін қадағалау. Сонымен бірге жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ажырата білуге үйрету. Ертегі бойынша көрсетуде балаларды дауыс ырғағы дұрыс келтіріп, сөйлей білуге жаттықтыру.

Қолданалатын көрнекілік құралдар: ешкі, лақтар, қасқырдың кейіпкерлерінің атрибуттарының бейнелері.

Қос тілдік компонент: волк-қасқыр, козленок-лақ, коза-ешкі.

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Балалар бір-бірімен амандасып, жылы лебіздерін білдіреді.

Шеңбер болып түрайық,

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын алайық.

Таза ауаны жұтайық.

Жүрекке жылу салайық,

Мейірімділік шоғын алайық.

Жиналған жылы шуақты.

Қонақтарға шашайық.

Тосын сәт.

Әндетіп бауырсақ кіреді (әуен ойналады бауырсақ домалап келеді). Бауырсақ: сәлем балалар. Балалар мен сендердің қасқыр мен жеті лақ ертегісінің қойылымын көрейін деп едім. Сендер қалай қарайсыңдар?

Балалар бір-бірімен амандасып, жылы лебіздерін білдіреді.

 

Алақай бауырсақ келді. Сәлем, бауырсақ.

Көріңіз

Ұйымдастырушылық ізденістік

 

Балалар біз қандай ертегілерді білеміз? Бүгін біз жеті лақ пен қасқыр ертегісін ары қарай жалғастырып тыңдаймыз. Өздерің сол ертегі кейіпкерлерінің атрибуттарын киіп, сахналайсыңдар.

Театрландырылған көрініс.

Қатысушылар:

Лақтардың анасы –

Лақтар:

Қасқырлар:

Тәрбиеші: Ерте заманда бір ешкі болыпты оның жеті лағы бар екен. Ол орманда әдемі үйінде балаларымен тұрады екен. Ешкі күнде тоғайға барып, тамақ жинап әкеледі екен. Ешкі тоғайға барарында есікті ішінен бекітеді менен басқаға есік ашпаңдар деп кетеді екен. Ал енді балалар «Қасқыр мен жеті лақ» орыс халық ертегісін қойылымын рөлге кіріп ойнайық.

Лақтар музыка үнімен ортаға шығып билейді, секіреді. Осы кезде өз әнімен анасы кіреді. Лақтарын жақсы көріп бастарынан сипап жаным, лағым, шұнағым дейді. Лақтары анасын ортаға алып «Ақ мамам» әнін айтады.

Бауырсақ, Шалқан, Дос іздеген Бота, Жалқау мысық

Ертегілерін білеміз

 

 

 

 

 

 

 

Лақтар туралы тақпақ айтып беру.

Шөре, шөре лағым,

Тентек болма шырағым.

Рефлексиялық түзетушілік

Балалар ертегіден не түсіндіңдер? Қай кейіпкерлер ұнады? Балаларды мадақтап, еңбектеріне қарай ойын түрінде бағалау.

Ешкі, лақтар

Күтілетін нәтиже:

Балалардын білуі: «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі мазмұнын таныстыру, мәнерлеп оқып беру.

Балалардың менгеруі:Кейіпкерлердің сөздерін жаттау.

Балалардын жасай алуы: Ертегіні толық түсіну үшін оны рөлдерге бөліп ойнату.


Г дыбысы мен әрпі»

$
0
0

Сабақтың тақырыбы: «Г дыбысы мен әрпі»

Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға Г дыбысы мен әрпін таныту,  

                                        сөздегі орны туралы түсінік беру. Ол берілген  

                                        сөздерді оқу және жазуға үйрету.

                                      2.Балалардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу        

                                         дағдыларын, сөздік қорларын, жұмбақ шешу, сөз  

                                         ойлау арқылы тіл байлықтарын дамыту.

                                      3.Балаларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу,     

                                         таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе әріп.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Оқушылармен амандасу, түгендеу
  3. Психологиялық дайындық.

Сыныбымыз тап - таза

Борда дайын тақтада

Денемізді жинақтап

Отырайық партаға

                  ІІ. Өткен сабақты қайталау

Мұғалім: - балалар біз сауат ашудан нені үйрендік?

Оқушылар: - оқуды жазуды.

Мұғалім: - дыбыс дегеніміз не?

Оқушы: дыбысты естиміз, бірақ көрмейміз.

Мұғалім: - әріп дегеніміз не?

Оқушы: әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.

Мұғалім: - дыбыстар нешеге бөлінеді?

Оқушы: дыбыстар екіге бөлінеді, дауысты және дауыссыз дыбыс.

Мұғалім: - әріптерден не құралады?

Оқушы: - сөз.

Мұғалім: - сөзден не құралады?

Оқушы: - Сөйлем.

Мұғалім: - сөйлем қандай әріппен жазылады?

Оқушы: - бас әріппен.

Мұғалім: - сөйлемдерден не құралады.

Оқушы: - мәтін. Өте жақсы.

Мұғалім: - өткен сабағымызда қандай дыбыспен таныстық?

Оқушы: Ү дыбысы. Мұғалім: Ү дыбысы қандай дыбыс?

Оқушы: дауысты жіңішке.

Үкі, Үйрек суреттерін іліп, дыбыстық талдау жасау.

Ә. Табылдиевтің «Кім кінәлі?» диалогын мәнерлеп оқыту, жатқа сұрау, рольге бөліп оқыту.

- Кім сызды мына партаны?- деп ұстаз бізден сұрады. Үсенбек айтты: - Мен емес. Үміт айтты: - Мен емес. Күміс айтты: - Мен емес. Бұған жалғыз кінәлі - Елемес үнсіз тұр әлі.

Ойын: «Кім білгіш?»

Шарты: Буындардан сөздер құрау.

                         III Жаңа сабақ

Мұғалім: Аналарға сыйлайтын,

Аралар бал жинайтын.

Бұл немене балалар,

Үзуге адам қимайтын.

(Гүл)

Мұғалім: балалар гүл дегенде қандай дыбыс естіліп тұр.

Оқушылар Гг дыбысы.

Мұғалім олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Г дыбысы және әрпімен танысамыз.

Мұғалім: Г дыбысы, дауыссыз дыбыс, ұяң дыбыс, сөздердің басында ортасында кездеседі.

Гүлдің суреті. ГҮЛ - гүлді мерекеде, тойда, қуанышта, туған күнде, бір - бірімізге сыйлаймыз.

Бүгінгі сабағымыз ерекше өткелі тұр. Бүгінгі сабақта гүлдер әлеміне саяхатқа шығамыз.Саяхат барысында бірнеше гүлдермен таныстын боламыз.

Түймедағы гүлдің тапсырмасы бағандағы сөздерді оқу.

                     IV.Оқулықпен жұмыс

Е - гін – егіс алқабы, бидай егетін алқабы.

Е - геу - үйге қажетті қолданылатын құрал.

Е - гіз - бірге туған екі адам.

Се - гіз - сан: жетіден кейін келетін, (математикадан алдыңғы уақытта өтеміз).

Ке - ре - ге - киіз үйдің бөлігі «шаңырақ, уық кереге»

Бе те ге «шөптесін өсімдік қазақта «бетегеден биік, жусаннан аласа» деген мақал бар.

Ше ге - күнделікті тұрмыста қолданылады, ағашты бір - біріне біріктіру үшін шеге қағады.

Не - ге - сұрақ.

Шең - гел - тікенді өсімдік.

Мез гіл - уақыт, жылдың төрт мезгілі бар.

Мұғалім: Н. Баймұхамедовтің «Ақ көгершін» өлеңін мәнерлеп оқу.

Оқушыларды - тізбектеп оқыту.

Дәрілік түймедақ – биіктігі 35-40см –ге жететін бір жылдық шөптесін өсімдік. Гүлдері өте көп, себет немесе кәрзенке гүл шоғырын түзеді.. Себеттердің тілше гүлдері ақ түсті, түтікше гүлдерінікі сары, иісі күшті жұпар иісті, дәмі татымды, ащылау.Емдік қасиеті бар

Сергіту сәті                          Шаршағанда ырғалып

                                               Гүлге ұқсап дем алам

                                              Қолымызды қозғалтып

                                              Гүлдей болып жайқалам.

Қызғалдақ гүлінің тапсырмасы.

  1. Дәптермен жұмыс.

-         Ауада жазу, тақтада көрсету.

-          Бас әріп, кіші әрпін жазу.

 

  1. Шығармашылық тапсырма.

Гүл, көгершін сөздерін текшені, бояу.

Қызғалдақ– лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар. Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары. Жемісі – қауашақ. Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып, оны құрғақ, салқын жерде сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Келесі тапсырма раушан гүлінің тапсырмасы.

VIІ. Жаңа сабақты бекіту.

Дидактикалық ойын «Гүл теру» ойыны.

Шарты: Гг дыбысы мен әрпіне байланысты тапсырмалар

Раушангүл тұқымдасы— қос жарнақтыларға жататын бұта, ағаш тәріздес бір не екі жылдық өсімдіктер. Жер шарында кең таралған, негізінен, қоңыржай аймақта өседі, 100-ден аса туысы, 3 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда 36 туысы, 200-ден артық түрі бар, оның 12-сі өте сирек кездесетін өсімдіктер, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

VIIІ.Қорытынды.

Мұғалім: қандай дыбыспен таныстық,

Г дыбысы қандай сөздерде кездеседі екен?

«Ақ көгершін» өлеңін жатқа айту.

ІХ.Мадақтау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

Таным

$
0
0

Сагизбаева Жадыра Жораевна

Маңғыстау облысы            

Түпқараған ауданы

С. Шапағатов ауылы «Айналайын» балабақшасы

Тәрбиеші                                                                                  

 

Білім беру саласы: Таным                                                                                                 

Оқу қызметі:  Қоршаған ортамен таныстыру                                                                                    

Тақырыбы:  Біздің өлке - бай өлке!                                                                                    

Мақсаты:Білімділік: Отан,Туған өлке туралы түсініктерін нығайту. Өлке байлықтарын ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық:  Туған өлкеге деген қызығушылығын арттыру. Саусақ маторикасын дамыту.                                                                                                   

Тәрбиелік: Өлке байлықтарын бағалай білуге, табиғатын қорғауға,сүюге,Отансүйгіштікке тәрбиелеу.Ұжымдық жұмыс барысында   ауызбіршілікке,ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелеу.                                                                                                          Билингвальды компонент: Балық-рыба,мұнай-нефть

Сөздік жұмыс:  Өлке байлықтары.                                                                                                           Көрнекіліктер:Теледидардан көрсетілетін суреттер,ұжымдық жұмыс көрнекіліктері.

Шаттық шеңбері.

Бейбіт таңдар арайланып атады,

Туған жерді аймалайды шапағы.

Байтақ  елім - Қазақстан

Ең бақытты балалардың Отаны.

Тәрбиеші:Бәрекелді,балалар,ендеше табиғат аясында тыныстап,оқу-қызметімізді бастайық.

Топқа велосипедпен саяхатшы келеді.

Саяхатшы:  Сәлеметсіздер ме,балалар!

Балалар:  Сәлеметсіз бе!

Саяхатшы: Көңіл-күйлерің қалай?

Балалар: Тамаша.

Саяхатшы: Мен Қазақстанның қалаларын,аудан-облыстарын аралап келемін.Мен осы қайда келдім?

Тәрбиеші: Сіз Республикамыздың даңқын әлемге танытқан,қазына қоймасы,мұнайлы өлке ( балалармен бірге) Маңғыстауға келдіңіз.

Саяхатшы: Е-е-е солай ма?!

Тәрбиеші: Балалар,саяхатшыға өз өлкеміз туралы таныстырайық.

-Біз қай елде тұрамыз?

-Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

-Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

-Астанамыз Астана қаласы.

-Біздің елбасымыз кім?

-Біздің елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.

-Біздің Республикамызда қанша облыс бар?

-Біздің Республикамызда 14  облыс бар.

-Біздің облыс қалай аталады?

-Біздің облысымыз Маңғыстау облысы деп аталады.

Саяхатшы:Ендеше өз  өлкелерің туралы таныстырып өтіңдерші.

 1 Бала:Каспийдің көгілдір айдынын орап жатқан ,осынау түбекті кім таныстырмайды,әрине таныстырамыз.

2.Бала: Маңғыстау түбек,мөлдір бұлақ,

              Қарт Каспийдің жағасы.

              Айналасы таулы қырат,

              Форт-Шевченко қаласы.

3 Бала: Маңғыстау- біздің елдің жайлаған жер,

              Қара орман  қалың дәулет айдаған жер,

              Ғасырдан он жетінші бермен қарай

              Қонған ел қонысынан таймаған жер.

Тәрбиеші: Бәрекелді,саяхатшымызбен бірге табиғаттың таза ауасын тыныстап,  киелі өлкеміз Маңғыстаудың байлықтарын әңгімелеп отырайық.(Тыныс алу жаттығуларын орындау)

Тәрбиеші:Маңғыстау-өте бай өлке. Байлығымыз деп нені айтуға болады?

4 бала.     Қара алтынымыз-мұнайды айтуға болады.

 5 бала.  Өлкеде мекендейтін  - жан-жануарларды айтуға болады.

 6 бала. Қиқулап ұшқан- алуан құстарды айтуға болады.

7 бала .Көгілдір Каспийдің  байлығы –балықтарды айтуға болады.

Саяхатшы: Көпшілік айтушы еді,Маңғыстау мұнайлы түбек деп,сол рас екен гой!

8 Бала: Қыз-қыз қайнап ұдайы,

            Өндірістер мекені

           Атқылаған мұнайы,

           Сан жылдарға жетеді.

Тәрбиеші: Міне,біздің өлке  мұнайымен әлемге әйгілі. Мұнайдан көптеген шикізаттар алынады.Мұнай-нефть

 (Құстардың дыбысы естіледі)

Саяхатшы: Балалар,мынау ненің дыбысы?

9 Бала: Бұл  құстардың  дыбысы.  (Теледидардан көрсетілген суреттерді айтып,таныстырады  аққу,шағала,қоқиқаз,бүркіт,торғай)

Саяхатшы: Достар,Маңғыстауда үй жануарлары мен  дала жануарлары мекендейді ме?

10 Бала:Әрине мекендейді.

Маңғыстау халқы үй жануарларын өсірумен айналысады. Олардың сүтін, етін, жүнін, терісін пайдаланады.(түйе,қой,ешкі,сиыр,жылқы)

11Бала.:Дала жануарлары:Қарақұйрық,қасқыр,қарсақ,арқар,киік,қоян,түлкі.

Тәрбиеші: Каспий теңізінің суретіне қарап,балалар,саяхатшыға  теңізіміз туралы да  таныстырайық. Жол –жөнекей сергіп алайық.

Сергіту жаттығуы.

Қоян,түлкі,қасқыр,құстар қимылымен шеңбер бойында екі рет айналып жүреді.

Тәрбиеші: Міне, теңізіге де  жақындадық, теңіз жағасындағы тастарды да табанымызбен басып өтейік. (Жалпақтабандылыққа қарсы жаттығу)

Тәрбиеші: Бәрекелді, біздің теңіздімізқалай аталады?

Балалар: Каспий теңізі -деп аталады.Теңізде нелер тіршілік етеді? Балалар балықтың қандай пайдасы бар,балықтың дене құрылыстарын кім айтып береді?

(Балалар балық туралы айтып береді)

Тәрбиеші:

-Саяхатшы,сен балық  түрлерін  білесің бе?

Саяхатшы: балық аулап білемін,бірақ аттарын білмеймін.(Мұңаяды)

Тәрбиеші: Сен ренжіме, балалармен бірге балық аулап,аттарымен де  танысасың. (Саяхатшы балалармен  балық аулайды,сазан,кефаль, бекіре,майшабақ,мұңгірт)

Саяхатшы: Мен сендермен саяхаттап,Маңғыстау туралы көп нәрсе білген сияқтымын.Жарайсыңдар!

Тәрбиеші: Өлкеміздің күннен-күнге көркеюі, біздің бақытты өмір сүруіміз тәуелсіздігіміздің арқасы.

Саяхатшы: Сендер Отан туралы,Тәуелсіздік туралы не білесіңдер?

12 Бала  .Отан –оттан да ыстық.   Отан үшін отқа түс,күймейсің.

13 Бала.Биыл Тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр.

 14бала   Біз тәуелсіз мемлекетпіз!

  15бала   Тәуелсіздік-тәңірден келген тәтті сый.

          

16 бала.Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,

               Бізге оны ешкім аяп бермейді.

               Тәуелсіздік-Қайрат,Ляззат,Ерболдың,

               Тас көшеде,тас-талқан боп өлгені.

 Саяхатшы:Бәрекелді,жарайсыңдар, мен де тәуелсіздікке арнап тақпақ арнаймын. (Саяхатшы тақпақ оқиды)

Тәрбиеші: Қандай керемет! Тәуелсіздік алған күн әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталады.

Саяхатшы:Балалар, елімізді қорғау үшін ,қолдау қолдау үшін,сақтау үшін не істей алар едіңдер?

Балалар ұжымдық жұмыс орындайды.

1 топ  Теңіз әлемін әшекейлеу.Қима суреттерді орындарына

            орналастырады.

2 топ Жан-жануарларды  табиғат аясына орналастырады.

3 топ  « Туған жерді гүлдендірейік» тақырыбында  жұмыстанады.

4топ  Мұнай құрылғыларын,ұшақтарды орналанастырады.

Балалар ауызша жұмыстарын қорғайды. Сұрақтарға жауап береді.

Тәрбиеші: Балалар,ендеше, саяхатшыға «Туған өлкем» әнін орындайық.

Балалар «Туған өлкем» әнін орындайды.

Тәрбиеші:   Саяхатшы сіз алыс жолдан келдіңіз.Бізде қонақ болдыңыз.Маңғыстаудың дәмін татып,сыйымызды да қабыл алыңыз.

(Шұбат,бауырсақ ұсынып, үстіне шапан жабады)

Саяхатшы қоштасады.

 

Күтілетін нәтиже: Білуі керек: Туған жер,Отан, өлке туралы білуі керек.                                                                      

Нені игереді: Өлке байлықтарынының атауын атай біледі                                                                                                                                                      

Нені білді: Өлке байлықтарын қорғау керек екенін

                                                                                  

Коммуникация

$
0
0

Утесинова Оразгул Джумагазыевна 

Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

С. Шапағатов ауылы

«Айналайын» балабақшасы

Тәрбиеші

                                                                                            

Білім беру саласы:  Коммуникация                                                                                              

Оқу қызметі:  Сөйлеуді дамыту                                                                                   

Тақырыбы: Ауылым-алтын бесігім!                                                                                     

Мақсаты:Білімділік:  Ауыл туралы білімдерін тиянақтау. Өз ауылы туралы,ондағы ғимараттармен таныса отырып , сол туралы өз ойларын жеткізе білуге үйрету.

Дамытушылық:Балалардың ой-өрісін,белсенді сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Туған жерге, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Үлкенді тыңдай білуге, адам еңбегін бағалай білуге  тәрбиелеу.                                                                                                          

Билингвальды компонент:  ауыл-село                                                                                            

Сөздік жұмыс: әкімшілік, емхана, төлдер, енесі                                                                                                                       Көрнекіліктер: Теледидармен жұмыс, үй жануарлары макеті,ауыл көрінісі

Шаттық шеңбері.

Қол алысып кәне біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы дос болу,

Саяхатта бірге бару.

Тәрбиеші:Балалар,саяхат демекші,бүгінгі оқу-қызметіміз саяхат туралы болмақ.Ендеше,ауылға саяхаттауға қалай қарайсыңдар?

Балалар: Ауылға барайық.

Біздің ауыл  кішкентай,сондықтан жаяу жүріп жетіп алайық.(С.Ибрагимовтың «Жаяу» әнімен ауыл аралайды)

-Міне,балалар ауылға келіп жеттік.

-Біздің ауылымыз қалай аталады?

-Біздің ауыл- С.Шапағатов ауылы деп аталады.

-Мынау үлкен ғимаратымыз  қалай аталады?

-Біздің ауылдың әкімшілігі.

-Дұрыс айтасыңдар, әрбір ауылда,қалаларда  әкімшілік болады. Ауылды басқаратын әкімнің жұмыс орыны. Бұл орында да көп адамдар жұмыс істейді.

-Балалар,саяхатымызды жалғастырайық.

-Ал бұл қандай жұмыс орыны деп ойлайсыңдар?

Балалар: Бұл  біздің емханамыз.

Тәрбиеші: Емханада кімдер жұмыс істейді?

 Балалар:Дәрігерлер көп болады. Адамдар ауырса  емханаға келеді.Дәрігерлер емдеп жазады.

Тәрбиеші:Бәрекелді, дұрыс айтасыңдар. Ең нағыз адамның байлығы-денсаулық. Сондықтан да ауырмау керек. Ауырмайтын жол іздеу керек.

Балалар: Мұздай зат ішпеу керек.Жылы киіну керек. Шынығу керек.Тоңып қалмау керек. Балмұздақ жемеу керек.т.б.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, біздің ауылдың теңізі де адам денсаулығына пайдалы. Сондықтан да теңізге қарай жол тартайық.

-Қандай керемет,балалар сендерге теңіз ұнай ма?

-Кім теңізге барып көрді?

-Теңізге қай мезгілде адамдар шомылады?

(Балалардың жауабы)

-Теңіздің таза ауасын тыныстап бір сергіп алайық.

Сергіту жаттығуы. Әуенмен орындау.

Тәрбиеші: Балалар,біздің ауылға жақын маңда мал шаруашылығымен айналысатын ауыл бар. Онда Қазбектің ата- әжесі тұрады. Ата- әже ауылына барып көреміз бе?

-Ата-әже ауылына барайық.(Балалардың жауабы)

-Сәлеметсіз бе,ата-әже! (Балалар амандасады)

Тәрбиеші: Ата,әже біз сіздерге қонаққа келе жатырмыз.Бұл балалар Қазбек немереңіздің достары.

Әже: Бәрекелді,балғындарым,амансыңдар ма? Қош келдіңдер.Төрлетіңдер!

Тәрбиеші: Ата,әже  балаларға  үй жануарлары,қазақ халқының  төрт түлігі туралы таныстырып жіберсеңіз.

Ата: Ендеше маған еріңдер, мал қорасына  барайық.Ежелден қазақ халқы мал шаруашығымен айналысқан. Қой,ешкі,түйе,жылқы,сиыр. Өйткені малдың адамға көп пайдасы бар.Ет,май ,сүт, қымыз,шұбат, аламыз.Жүнінен киім тігеміз. Жылқы,түйе сияқты малды көлік ретінде қолданған. Үй жануарларының төлдері болады. Қараңдаршы, төлдер өте көп.

Ата:Балалар, маған көмектесесіңдер ме?

Балалар: Әрине көмектесеміз.

Ата: Ендеше,мал төлдерін ажыратып енесінің қасына қосып беріңдерші.

Д/О: «Төлдерін ажырат»

(Балалар ойынға белсене қатысады,тапсырманы орындайды)

Ата: Жарайсыңдар балалар,рахмет! Малды жайлап болдық,енді әжеге барайық,сендерге арнап тәтті дайындап қойған шығар.

Әже: Балалар,сендерге арнаған дәттілерімнен дәм татыңдар.Апайларыңа берейін,өзі үлестіріп берер.

Тәрбиеші: Ата,әже балалар сіздерге арнап ән орындап бергісі келіп тұр.

(«Қошақан» әнін орындайды)

(Ата-әже балаларға бата береді)

Тәрбиеші: Рахмет ата,әже. Мал ауыл туралы балалар көзбен көріп көп нәрсе білді. Біз енді балабақшаға қайтамыз.Сауболыңыздар!(Балалар да қоштасады)

Тәрбиеші: Балалар бұл қандай ғимарат?

Балалар: Бұл мектеп қой.

Тәрбиеші: Мектеп –білім ошағы.Мектепте балалар не істейді?

Балалар: Мектепте балалар сабақ оқиды. Менің апам мектепке барады. Күнде «бес» деген баға алады.Сабақты жақсы оқу керек. Апайдың айтқанын тыңдау керек.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,сендер де үлкен болып өсіп, балабақшаны аяқтаған соң мектепке барып білім аласыңдар! Сондықтан да тәртіпті, ақылды бала болу керек. Мектепке жақын орналасқан біздің балабақшамыз қалай аталады?

Балалар: «Айналайын» балабақшасы.

Тәрбиеші: Біздің топтың аты қалай аталады?

Балалар: Біздің тобымыз «Жұлдызша»

Тәрбиеші: Балабақша сендерге ұнай ма?

Балалар: Әрине ұнайды.

Тәрбиеші: Ендеше, орындыққа жайғасайық.

-Балалар біз қайда саяхат жасадық?

-Біздің ауылда қандай ғимараттар бар екен?

- Кімнің ауылына қонаққа бардық?

Үй жануарларына нелер жатады,кәне төлдерін де ажыратайық.

(Теледидардан  көрсетілген үй жануарларын атайды)

-Бүгінгі саяхатымыз ұнады ма? (Ұнады)

 

Жарайсыңдар,Сендер де маған ұнадыңдар,оқу-қызметіне де өте жақсы қатыса білдіңдер.

 

Күтілетін нәтиже: Білуі керек:   Өз  ауылдары туралы білімдерін кеңейтеді                                                                                                               

Нені игереді:  Ауылдағы жұмыс орындарын ажыратады                                                                                                                                                

Нені білді: Үй жануарлары туралы,олардың төлдерін ажыратады

 

Жол атасы-бағдаршам.

$
0
0

Жол атасы-бағдаршам.

Сабақтың негізгі мақсаты:

Сөздік қорды дамыту, сабақтың мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажырату және оны танып білу.

Басты міндеттері:

-өмірдегі қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғымын кеңейту.

-патриоттық сезімін арттыру.

-Ұлттық тәрбиеге ықылас қою.

 

Сабақтың әдіс-тәсілі:

-бағдаршам, жол ережесі жөнінде мағлұмат беру

-тақырып бойынша сұрақтар-жауаптар.

-дидактикалық материалдарды, көрнекілікті тиімді пайдалану

-бой сергіті жаттығулары.

 

Сабақтың көнекілігі:

Бағдаршам, жол ережелеріне байланысты суреттер, таспа, қатырма түрлі түсті қағаздар, желім, ойыншықтар.

 

Сабақтың өтілу барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Балдырғандардың зейінін, ықыласын табиғат мүйісіне аударып:

-балалар, күнтізбеге қарайық, бүгін аптаның қай күні екен?

-Жұма күні.

-Әрине, бүгін аптаның бесінші күні-қасиетті жұма күні. Ендеше далаға көз салайық, ауа райы қандай екен?

-Күн жылы, аспанда күн жарқырап тұр.

-Балалар, таңертең балабақшаға келерде ауа райы қандай болды? Не байқадыңдар?

-Апай менің қолым тоңды.

-Аружан дұрыс айтады, әлі күн жылына қоймады. Балалар топтың ішінде ненің иісі аңқып тұр? Кім айтады?

-Бауырсақтың иісі.

-Шелпектің иісі.

-Шелпекті мұсылмандар қай күні пісіретін еді?

-Жұма күні.

-Ия, қасиетті жұма күні-мұсылмандар ниет етіп, ата-бабаларына бағыштап 7 шелпек пісіреді. Нұрлыбектің анасы 7 шелпек пісіріп алып келіпті. Мен сендерге сабақ соңында үлестіріп беремін.

 

Тәрбиеші:

Ал ендеше тыңдалық!

Жер жасарып көгерер,

Ағаштар әсем бөр бөрер,

Наурыз көже ішетін

Аталар бата беретін,

Айтыңдаршы балалар,

Бұл қай кезде болады? (көктем мезгілі)

 

Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болған. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшынның инженері-механигі Д.Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Аппарат ортасында газды шам орнатылады. Өкінішке орай, газ жарылып , кезекте тұрған полицей қаза болады. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болады.

Тек 1914 жылы Американың Кливлену қаласында , сосын Нью-Йорк қалаларында қайтадан пайда болады. Бұл жолы екі түсті (қызыл, жасыл) электрлі бағдаршам қайтадан болды. Ал 1918 жылдан бастап үш түс қолданысқа енді.

Кеңес Одағы бойынша көшелерінің қиылысынан орын алды.

Тәрбиеші: Балалар, бағдаршам алғашқы кезде қанша түсті болыпты?

Балалар: Екі түсті.

Тәрбиеші: қандай түсті?

Балалар: Қызыл, жасыл түсті.

Тәрбиеші: Ал біздің көшелердегі бағдаршамның неше көзі бар?

Балалар: Үш көзді жасыл, қызыл, сары.

Тәрбиеші: Шетелдердегі бағдаршамға – 131 жыл болыпты , ал біздің бағдаршамға – 75 жылдай болыпты.

Балалар: ол кәрі ата сияқты екен.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасың, «Бағдаршам –жол атасы» деп бүгінгі сабағымызды тегінен тегін атамадық.

Сабақты одан әрі белсенділік орталықтарында жалғастырады. Жеке-жеке орталықтарға жұмыс тапсырылады.

Өнер орталығы: балалар бағдаршамның суретін салып, түрлі түсті қарандаштармен бояйды.

Құрылыс орталығы: қатты қатырма қағаздан бағдаршамның үш түрлі көзін кесіп бағдаршам жасайды.

Үстел үсті ойындары орталығы: жолдың макетіне тиісті жол белгілерін тиісті жерлерге қояды. Онда көліктің қолда бар түрлері қойылады. (жедел жәрдем жүк машинасы машина автобус өрт сөндіруші машиналар)

 1 топ. Суреттен не көргенін айтып беру.

2 топ. Көлік аттарын атау.

3 топ. Қай көлік (транспорт) қайда асығып барады?

 

Ойын –сабақ.

Халық педагогикасының бөлімдері бойынша жұмыс жүргізе отырып, патриоттық сезімдерін, сүйіспеншілігін арттыру, еңбексүйгіштікке, бауырмалдылыққа тәрбиелеу.

Тәрбиеші: балалар сендер бәрін білесіңдер данышпансыңдар. Менің жұмбақ жасырғым келіп тұр. Зейін қойып тыңдалық.

Ақ пен қара сызығы,

Жолақ жолақ сызылған.

Адамға жоқ зияны,

Аямапты ақ пен қара сияны.

Ол қандай жануар, Сафариде жайылған?

Балалар: Ол «зебра» деген жануар.

 

Тәрбиеші: Данышпандарым, дұрыс айтасыңдар. Сол зебра жануарының үстіндегі ақ, қара жолақтары сияқты біздің көщелер бойында жаяу адамдар, яғни жолаушылар жүретін «зебра жол» деп аталатын арнайы жолаушыларға арналған жол бар. Қараңдаршы ұқсайды ма екен?

Салыстыру жұмысы. (көшедегі жолақ сызығы бар суретті және зебра жануарының суреті)

Бой сергіту жаттығуы: (магнитофоннан баяу әуезді әуеннің дауысы естіледі)

Күне жасап жаттығу,

Қан жүгіртіп алалық.

Керек мұны қатты ұғу,

Жасап биік саналық.

Үшінші кезеңінде баяу әуенмен балаларды қатар-қатарға тұрғызып, желілі-рольді орталығындағы балалар сахналық көрініс қояды.

Сюжеті: 3 бала- жеңіл машинасы.

            1 бала – бағдаршам.

            2 бала – автобус көлігі.

            3-4 бала жолаушылар болады.

Балалар белгіленген орындарға барып тұрады. Көше қиылысы машиналар зуылдап өтіп жатыр, жолаушылар бағдаршамға қарап тосып тұр. Дәл осы кезде жедел жәрдем машинасының сиренасы естіледі.

Тәрбиеші: балалар, мынау қай көліктің дауысы?

Балалар: Жедел-жәрдем.

Тәрбиеші: Ойпыр-ай, енді қай көлікті бірінші жібереміз?

Балалар: Жедел жәрдем машинасын жібереміз.

Тәрбиеші: неге?

Балалар: Жедел-жәрдем машинасында ауырып жатқан кісі бар.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар, Жедел-жәрдем машинасын бірінші жіберу керек. Себебі, олар адам өмірін құтқаруға асығып барады.

Сахналық көіріністі өз желісімен жинақтап, аяқтау.

Тәрбиеші мұқият тыңдағаннан кейін сұрақтар қою арқылы келесі жолы неге көңіл аудару қажеттегін айтады, ұсыныстар жасайды. Балалардың жасаған еңбектерін бағалап, сәтті шыққан жұмыстарға назар аударып, мадақтайды. Сөзі анық, мәнін мазсұнды айтқан, сабаққа белсенді қатысқан балаларды мақтау.

Сабақтың 4 кезеңі бағдаршамға арналған өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын талдау.

 

Бағдаршам. Жасыл жанды.

Өте бер. Бағың жанды.

Ал егер сары жанса,

Кідір тұр, жолды байқа!

Қызыл жанды қып-қызыл от сияқты

Қолыңды күйдірете шоқ сияқты

Бағдаршамды әрқашан есте сақта!

Қызыл түс жанғанда аялда, тоқта!

Қызыл-байқа, машина жоқ па?!

Сары-қозғалма, асықпа, тоқта!

Жасыл –жол сенікі осыны есте сақта!

Тәрбиеші бағдаршамның үш түсті көзінің атқаратын қызметін 2-3 балаға қайталап айтқызады.

 

Жұмбақ.

Менің үш көзім бар,

Бір көзім кідір,- дейді,

Бір көзім жүгір, -дейді,

Бір көзім абайла, -дейді,

Қарап ал, маңайға, -дейді.

Шешуі: бағдаршам.

 

Бағдаршам.

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға!

Сары көзін ашқанда

Қарап қалма аспанға

Жасыл көзін ашғанда

Өте бергін жасқанба!

Көзін ашып жұмады

Бағыт сілтіп тұрады.

Расында бұл не балалар?

Хормен: бағдаршам ғой!

 

Жол белгілерімен таныстыру.

Көше қиылысында тұратын бағдаршамның қызметі, көшеден қай белгінің қасынан өтеміз (жер асты жолы, жер үсті жолының белгісі), аурухана белгісі, жолаушылар жүретін қандай жол екенін айту, зебра жолақ жол сызығы  т.б. жол белгілерімен таныстыру.

-балалар мына суретке мұқият қарайықшы, не байқадыңдар?

-Бала жолан дұрыс өтпеді.

-Оны машина қағып кетеді.

-Бағдаршамнан өту керек.

-бәрекелді, дұрыс айтасыңдар, бала жолдан дұрыс өтпеді.

Бағдаршамнан өтуі тиіс, сонда өз тағдырын сақтап қалады. Ал сендер осылай жолдан өтесіңдер?

-Жоқ, апай өтпейміз.

Тәрбиеші суреттер бойынша ой түйіндеп, сабақты қорытындылайды.

Ө-ө дыбысы мен әрпі

$
0
0

Ө-ө дыбысы мен әрпі

 

Сабақтың тақырыбы: Ө ө дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Ө дыбысы және әрпімен таныстыру; дыбысқа сөз, сөйлем құрастыра білуге үйрету; өткен дыбыстарды қайталау; дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру; баланың ойлауын, сөздік қорын дамыту дамыту; буынға бөлуін, ауызша, жазбаша жаза білу қабілеттерін арттыру; дауысты, дауыссызын ажырата білуге баулу;

Көрнекіліктер: суреттер, деңгейлік тапсырмалар, тірек-сызба.

Әдіс-тәсіл: ойын, сұрақ-жауап, әңгімелесу;

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Балалар бір біріне жақсылық тілек тілейді.

 

Аспан ашық болсын!

Күн күлімдесін!

Жұлдыздар жарқырасын!

Молшылық болсын!

Тыныштық болсын!

Татулық болсын!

Достарымыз көп болсын!

Әке-шешеміз аман болсын!

Қуаныш болсын!

Денсаулық болсын!

Бір-біріне жылы лебіздерін білдірген соң балалар өткенді қайталау бойынша деңгейлік тапсырмалармен жұмыс істейді.

 

Мысалы: Өткен әріптерді қайталау. Дауысты, дауыссыз екенін ажырату.

І.Сары түс.        

   Б, Ш, С,

   Т, Р, Д.

 

   А, Ә, Ы,

    І, У, Ү

 

   

 

ІІ. Көк түс.

  1. Дыбыс дегеніміз не?          2. Әріптерден не құралады?        3. Сөзден не құралады?

 

           
 

     А, Ш, С,

     Л, У, Т

     Әріптер

 
 

 Сөз құралады

  1. Сағат
  2. Ана
  3. Бала
 
 

 Сөйлем құралады

  1. Сағат шырылдайды.
  2. Бала ойнайды.
  3. Мен балабақшаға барамын
 

 

 

ІІІ. Қызыл түс.

  1. Сөзді буынға бөл.
  2. Неше буын бар?
  3. Неше дауысты, неше дауыссыз бар екенін ажырат.

 

           
 

Ас-нан

2 буын

2 дауысты дыбыс бар

3 дауыссыз дыбыс бар

 
 

Ба-қа

2 буын

2 дауысты дыбыс бар

2 дауыссыз дыбыс бар

 
 

Ба-ла-лар

3 буын

3 дауысты дыбыс бар

4 дауыссыз дыбыс бар

 



  1. Негізгі бөлім.

Балалар бір-біріне жұмбақ жасырып, шешуін тауып ойнады.

 

Жұмбақ жасыру.                                                                Өрде өскен өрікті,                                         

                                                                                             Өмірсерік көріп тұр.

Сарғайып отсыз піседі,                                                      Сөйлемде бұл қай әріп,                                                                                                 

Үзіліп жерге түседі.                                                            Бірінші рет келіп тұр.           

                          (өрік)                                                                                      (Ө)

 

 

Өө

  

-Өрік деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

-Ө дыбысымен танысады екенбіз.

-Дауысты екенін қайдан білдіңдер?

-Созылып айтылады, қызылмен белгіленеді.

-Олай болса балалар бәріміз Ө әрпіне байла.нысты тақпақ жаттайық.

 

Не десе егер Ө деген,

Белін буған Ө дер ем.

Өлең, Өрнек, Өрмекші

Басталар бәрі Ө-менен

Ө дыбысына көптеген сөз ойлап табайық.

 

Ойын: «Жасырынбақ».

Ойынның шарты: Балалар көзін жұмған кезде бір әріп тығылып қалады. Бала сол әріпті тауып, ол қай әріптің алдында, қай әріптің артында тұрғанын табады. Әріпке сөз олап, сөзден сөйлем құрайды. Осы сөздерді буынға бөлу; неше буыннан тұрады? Неге? Екі буын екенін дәлелде.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық.

Қолды алға созайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.

(қимылдармен орындау қажет)

Жазу.

А) жазуға қолды даярлау

Ә) ауада жазу

В) өз бетінше жұмыс.

-Әр әріпті жазған сайын екі тор көзден тастап, оң жақтан  бастап жазамыз.

Дәптермен жұмыс. Сабақты бекіту.

Сөз оқыту: өрнек, көл, көп. (хормен)

Ойын: «Жалғасын тап».

Ойынның шарты:

Балалар тақтада жазылған сөзді хормен оқып, сол сөздің жалғасын табады.

(көп) ойнаймыз далада,

Шомыламыз (көлге) біз.

Ою (өрнек) сызамыз,

Қызығамыз сабаққа.

Қорытынды.

Өө

 

 

  1. Қандай дыбыспен таныстық?
  2. Ө ө әрпі дауысты дыбыс па?
  3. Ө ө дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

Қуыршаққа шәй берейік

$
0
0

    Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

«Асылай» бөбекжай балабақшасы

  Тәрбиеші:    Жанпейсова Ғалия

Білім саласы: Қатынас

ҰОІӘ: Тіл дамыту

Тақырыбы: Қуыршаққа шәй берейік

Мақсаты: Бөлмедегі заттарды сипаттау кезінде үйренген сөздерді қайталау-қолдану, сөздік қорларын молайту. Ыдыс-аяқтың, тұрмыстық заттардың дұрыс атауларын, олардың не үшін қажеттілігін білуге тәрбиелеу. Газды қолдану кезіндегі қауәпсіздік ережесін түсіндіру.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сергіту, мадақтау

Көрнекілігі: қуыршақ, ойыншық ыдыстар

                                    Жүру барысы:

Әрекет кезеңі

 

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезеңі

Шаттық шеңбері:

Арайланып таң атты

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң,

Қайырлы күн

Қуанышты күн бүгін.

 

 

Балалар шеңберге тұрып қосылып айтады

Ұйымдастыру-іздестіру кезеңі

Балалар, күнделікті өмірде адамдар өмір сүру үшін көптеген заттар керек болады. Мысалы: киіну үшін киім керек, бір жерге бару үшін - көлік керек, тамақ ішуге ыдыстар және тұрмыстық заттар керек.

Бүгін бізге қонақ келді, ол қуыршақ Сәуле.

Қуыршақ Сәулеге амандасайық

Ол қонаққа келді, оған шәй берейік. Шәй беру үшін не керек?

Қандай заттар?

 

Ал шәйді қайда қойып қайнатамыз?

Дұрыс газге қойып қайнатамыз.

 

 

Балалар, үйде үлкендер жоқ болса газге жақындауға болмайды, газдың бұрандаларын бұрауға болмайды. Оны бұрасаңдар газ шығып кетіп адам уланып қалуы мүмкін.

Газ өте улы, адамға қауіпті. Сол үшін үлкендерсіз газды бұрап қосуға, оған жақындауға болмайды. Балалар онда қазір қуыршақ Сәулеге шәй берейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Сәлем, Қуыршақ Сәуле

 

Ыдыстар керек.

Шәйнек, құман, кесе, қасық, тәрелке т.б.

Газге қойып қайнатамыз

 

 

Жоқ

 

 

 

 

 

 

Барлығы шәй ішіп ойнайды.

 

Рефлексиялық түзетушілік кезеңі

Қуыршақ Сәулені шығарып саламыз. Шәй орнын жинастырып, балаларға бүгінгі сабақта не туралы әңгіме болғанын сұрап, сұраққа жауап алынады. Білімдері тиянақталады, тақырып пысықалалады.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Газға жақындауға болмайтынын түсінеді.

Игереді: шәй, тамақ пісіруге газ плита керек екенін.

Меңгереді: Газбен ойнауға болмайтынын, қауіпті екенін түсінеді.

Қатынас

$
0
0

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің

даярлық сынып мұғалімі,

Өтегенова Әйгерім  Жаналықызы

 

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Сауат ашу және жазу

Тақырыбы: «Ұ» дыбысы және әрпі

Мақсаты: Ұ ұ дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру. Ұ дыбысын басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Жеке сөздерді оқуға және тез оқуға дағдыландыру. Ұқыптылыққа, әдемі жазуға дағдыландыру.  Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Сабақтың көрнекіліктері: кеспе әріптер, суреттер, слайд.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, ойын, сұрақ-жауап, жұмбақ жасыру.

 

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

 

-Сәлеметсіздер ме, оқушылар!Балалар бізде қазір қандай сабақ?(Сауат ашу)

-Сауат ашудан нелермен таныстық?(дыбыс, әріп,сөз,сөйлемдермен таныстық).

-Әріп деген не?

-Дұрыс айтасыңдар! Әріп-бұл дыбыстың таңбалануы, оны көреміз, жазамыз.

-Дыбыс деген не?Нешеге бөлінеді?

-Бәрекелді, жарайсыңдар!Дыбысты естиміз, ауызымызбен дыбыстап, айтамыз.

Дыбыстар 2-ге бөлінеді: дауысты және дауыссыз.

-Өткен сауат ашу сабағында қандай дыбыспен таныстық?(Ж дыбысы және әрпі)

- Ж дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?(Ж - дауыссыз, көк текшемен белгілейміз).

-Ал, балалар, буын деген не?

-Буын – дауысты дыбыстардан құралады, әріптермен таңбаланып жазылады.

-Буындардан не құралады? (Сөз)

- Сөйлем дегеніміз не?

 Сөйлем- аяқталған ойды білдіретін, бірнеше сөздерден құралады. Сөйлемнің басындағы сөздің бірінші әрпі әрқашан бас әріппен жазылып, қалғандары кіші әріптермен жазылады және соңына нүкте қойылады.

 

Негізгі бөлім.

-Жарайсыңдар, оқушылар «Ж» дыбысын жақсы меңгерген екенсіңдер. Ал, бүгінгі сауат ашу сабағында қай дыбысты өтетінімізді білу үшін, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Балалар, жұмбақ шешкіміз келе ме?(Иә)

 

Жұмбақтар    

1.Шыр айналып биші қыз,                            

     Билеп-билеп алады.                                                      

     Өз бұрымын беліне,

     Орап, түсіп барады.            (Ұр-шық)

 

   -Ұршық деген не? Ұршықты көріппе едіңдер? Үйлеріңде бар ма?

  Ұршық – малдың жүнінен жіп иіретін құрал. Ол — мұрындық , басы мен саптан тұрады.  Ұршықпен қап, алаша, т.б.тұрмыстық бұйымдар мен киім-кешектерге арнап жіптер иірілген.

  1. Құстан аумайды,

Көкке заулайды.  (Ұ-шақ)

-Ұшақ деген не?

-Ұшақ – әуе көлігі, онымен алыс жерге көкке көтеріліп, ұшып барып, келеміз.

 

    Дыбыстық талдау жасату.Ұр-шық, ұ-шақ сөздерін қол саусақтарын айқастырып, иек тұсына қойып, буынға бөлдірту. Иегіміз қолымызға қанша рет тисе, сонша буын бар екенін айту.

 

-Осы сөздерде бірінші қай дыбысты естіп отырмыз?(Ұ дыбысын естиміз).

-Балалар, «Ұұ»дыбысын хормен айтайық!(Ұ дыбысының баспа және жазба түрін көрсету, тақтаға ілу).

-Ұұ дауысты әлде дауыссыз дыбыс па?Қандай текшемен белгілейміз?

-Суретте көріп тұрған «ұя» деген не?

- Ұя - құстың түрлі шөп, бұтақ, ағаш қалдықтарынан өздері жасаған үйшігі.Ұя бұталарда, үй шатырының қырасында орналасады.

 

    Әліппе дәптермен жұмыс.

  1. Ұя, құдық, бұзау сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ұ дыбысының орнын ажыратқызады.

- Ұя сөзінде ұ әрпі қай орында тұр? (ұ-я)

-Құдық деген не? Құдық сөзінде ұ әрпі қай жерде тұр?

-Құдық- онда су қоры сақталады. Мына суреттегі құдық-бұл жердің тереңінен су алынатын құдық түрі. (құ-дық)

-Бұзау деген қай түліктің төлі? Бұзау сөзінде «ұ» дыбыс қай орында тұр?

-Бұзау-төрт түлік малдың бірі сиырдың төлі. (бұ-зау)

 

Буындап оқыту. Ұ-лу, сұ-лу, бұ, бұ-лан, бұр, тұ, тұр, тұ-рақ, құ, құр, сұ, сұр, құ-лан, құ-лын, ұ-я, ұн, құ-рақ, құс, ұш-қыш, ұ-шақ.

  -Құлан-бұл жабайы жылқы, есекке ұқсас.

   Бұлан-бұғыға ұқсас жануар.  Құр бұл  орман құсы.

 

Сергіту сәті:

Ұлпабастың басына

Ұлу шықты асыға.

Ұстап алмақ боп оны,

Ұмтылғандай боп еді,

Ұлу қаша жөнелді.

 

  1. Ауада жаздырту. Ұ әрпі таңбасының жазылу элементін көрсету, жазылуы 3 элементтен тұрады.

   Ұ әрпін ауада жазып көрсету, балалардың өздеріне жаздырту. Баспа Ұ әрпін негізгі жолға жазғанда жоғарыдан төменге сүйірлеп көмекші жолға дейін сызып, қайтадан негізгі жолға жоғары көтеру.Тік сызық көмекші жол ішіне сызылады, ал содан соң, белінен сызамыз.Мінеки, Ұ ұ әрпінің баспа түрін осылай бастырып жазамыз.

3.Жазу жұмысы. Үлгі бойынша ұ дыбысының кіші және бас әріпін бастырып жазады.

 

Тіл ұстарту жаттығуы.(2 рет)

    Ұс-ұс-ұс

    Қарлығаш – киелі құс.

 

4.Тақтамен жұмыс және кеспе әріптерден сөз құрату.

Торкөздегі ұ дыбысының орнына қарай сөз ойлап тауып, жазу және дәл сол сөзді екінші бала кеспе әріптер кассасына осы сөздерді құрайды.

 Сұр(тұр), сұ-лу, тұл-пар.

 

5.«Сөйлем құра» тапсырмасы (3 сөзден тұратын ортасында ұршық сөзі кездесетін сөйлем құрату).

Әжем ұршық иірді.                                        Мен ұршық иірдім.

 

Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»

Шарты: 3 қатар болып «ұ» әрпі кездесетін  сөздер ойлатып,  жарыстыру. Көп сөз айтқан қатарға                   пішіндерін беру. Кім көп жинаса, сол жеңеді. (балалар соңында пішіндерді атайды, түстерін ажыратады және санайды).

Жаңылтпаштар жаттату.(3-4 рет)

Талап-тұлпар

Білім-сұңқар.

Тұз-мұздай,

Мұз-тұздай.

-Балалар, тұз деген не, мұз деген не?

-Тұз-тағам қосылатын түссіз, ащы кристалл зат, онсыз астың дәмі болмайды.

-Қазір жылдың қай мезгілі еді? Қыс мезгілінде өзен, көлдің суы қатады, судың бетінде мұз пайда болады. Судың үш күйі: газ,қатты,сұйық күйі болады. Ендеше судың қатты күйі мұз болғаны.

-Мінеки, жарайсыңдар!Жаңылтпашты да жақсы қайталап, жаттап алдыңдар.

 

Қорытынды.

-Балалар, бүгінгі сауат ашу сабағынан қандай әріппен таныстық?

-Ұ дауысты ма, дауыссыз ба?

-Иә, дұрыс айтасыңдар! Дауысты дыбыстар созылып айтылады.

-Қандай жаңа сөздермен таныстық?

-Бұлан, құлан, сұлу, тұрақ, құр, сұр,т.с.с. сөздермен таныстық.

 

Қорытынды. Мадақтау.(жұлдызшалармен бағалау).

-Бүгін бәріңде сауат ашу ашық оқу іс-әрекетіне өте жақсы,белсенді қатыстыңдар, келесі сабақтарға да дәл осылай қатысыңдар.

-Балалар, орнымыздан тұрып, сау болыңыз айтайық! Сау болыңыздар!

                             

Сауат ашу және жазу пәнінен «Ұ» дыбысы және әрпі тақырыбы бойынша өткізілген ашық сабақ сәттері 

 

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

КӨШІРУ

 


Үлкенге – құрмет, кішіге - ізет

$
0
0

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің

даярлық сынып мұғалімі,

Өтегенова Әйгерім  Жаналықызы

 

Тақырыбы: «Үлкенге – құрмет, кішіге - ізет»

Мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету. Тыйым сөздер, мақал-мәтелдер арқылы бір-бірімен дос, тату, әдепті болуға тәрбиелеу.

 

Көрнекі құралдар: Өнегелі сөздер, мақал-мәтел, суреттер, тақырып атауы, плакат.

 

Барысы:

-Балалар, орнымыздан тұрып, амандасайық.

         Шаттық шеңбері.

-Кәне, бәріміз бір-бірімізге жақсы тілек тілейік.

-Әдепті бол! Мейірімді бол!

-Кішіпейіл бол! Қамқоршы бол! т.с.с.

 

Бәрі бірге:    Үлкенге де «сіз»,

Кішіге де «сіз»,

Бар адамға құрметпен,

Бас иеміз біз.

 

Тәрбиеші: Балақайлар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Ал, осы қыз мезгілінде ауа – райы қандай болады?
  • Ия, дұрыс, қыста суық болады, үскірік аяз болады, гуілдеп боран соғады. Ендеше боран соқаннын қимылмен қалай көрсетеміз?(Балалар қолдарын жоғары көтеріп, әрі-бері шайқалып, ауыздарымен гуілдеп дыбыс шығарады, қолдарын қуыстырып, аяқтарын тыпырлатады)

 

   Негізгі бөлім.

  • Жарайсыңдар! Бүгін мен мектепке келе жатып, бір оқиғаға куә болдым. Бұл жағдайды суретке түсіріп алған едім, көрсетейін. Ал, сендер бұл суретте не жайында айтып тұрғанын айтып беріңдерші?!

 Тыйым және нақыл сөздерді сурет арқылы түсіндіру, әңгіме, сөйлем құрату.

  1. Сөз басында “сәлеметсіз бе!” және сөз соңында “сау болыңыз” деу керек. Сөз басы- амандасу.
  1. Барлық бала сыпайы болуы тиіс: Сөйлесіп тұрғанда сен асықпа, қасыңдағы досың сөзін аяғына дейін тыңда, сосын өз пікіріңді айт;
  1. Сұрақты алдымен тыңдап алып, “өтінемін”, “рахмет!” деп айт
  1. Ешқашан ешкімге жаман және көңіліне тиетін сөз айтпа!
  1. Ешқашанда ешкімді мазақтама! Тентек болма!
  1. Үлкеннің сөзін бөлме!
  1. Рұхсатсыз өзгенің затына қол сұқпа!
  1. «Болмайды!» деп тыйым салған нәрсеге мүлдем жолама!
  1. «Үлкенге – құмет, кішіге – ізет» көрсет.

 

Тәрбиеші: Шаршаған боласыздар, ойын ойнап, бойымызды сергітіп, «достық көпірінен» өтейік, балалар өткенде, бір-бірімізді құлатпай өтуіміз керек.

  • Көпірден барлығымыз аман-есен өттік, ешкім құлаған жоқ, бұл ненің белгісі – достық пен көмектің белгісі, бір-бірімізбен татумыз, доспыз.
  • Осы үлкенді құрметтеу туралы кім қандай тақпақ біледі?

 

Сұлтанбек:   Жақсылықтан үйреніп,

                      Боламыз біз жақсы адам,

                      Жамандықтан жиреніп,

                      Үлгі аламыз жақсыдан.

     Мәдина:  Атаң болса анаңмен-

                                                                             

Алтыннан соққан қорғаның.

Ағаң болса ақылды –

Ешкімнен кем болмадың.

Қарақат:     Інің болса жанашыр,

         Семсер, қылыш білегің.

         Ақылды қыз, ақылды ұл

         Өкпе, бауыр, жүрегің.

Құдайберді: Не қасиетсіз?

  Бал салмаса – ара қасиетсіз,

  Жанбай қалған шала қасиетсіз.

  Әдепсіз болса – бала қасиетсіз,

  Әділетсіз болса – дана қасиетсіз.

Абылайхан: Дөрекі сөз айтпаңдар,

Жақсы істі жақтаңдар,

 Сыйлап сынып қыздарын,

 Әдепті болса бастаңдар.

   Жансерік: Бүгінен бастап бар бала,

Үлгілі мінез көрсетсін.

Сынайын достым досыңды,

Мін тізейік, осылай.

 

Ақжол:      Жақсылықтан үйреніп,

        Боламыз біз жақсы адам.

        Жамандықтан жиреніп,

        Үлгі аламыз жақсыдан.

 

Мұхамбет: Жабырқауды білмейміз,

           Жалқаулықты сүймейміз.

         Біз талапты жас ұлан,

         Үлгі аламыз жақсыдан

Ақниет:   Үлкендерді сыйлаймыз,

       Үй тазалап жинаймыз.

       Біз қолқанат баламыз.

Ақылды біз боламыз.

 

Қазақ биі: «Қара жорға» орындалады.

 

Дария:     Көп жасаған қария-

               Ақылы теңіз дария.

               Көп өнеге сөзі бар,

               Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.

 

Перизат: Ата салты ардақты,

               Әрбір сөзі салмақты.

               Сол сөздерді ұқпасаң,

               Тістейсің бір күн бармақты.

  • Енді балалар, ізгілік жайында білетін мақал-мәтелдерге кезек берейік.

 

Ерболат:  Ата-анаңды құрметесең,

               Сенде жақсылық, игілік көресің.

               Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.

 

Нұрсая:   Ата-бәйтерек,

               Бала-жапырақ,

               Әке-асқар тау,

               Ана-бұлақ.

               Бала- жағасындағы құрақ.

 

Сая:        Құрметтеп ата-анамды,

               Ардақтап әпке, ағамды,

               Қамқор боп сіңлі-ініме,

               Сыйлымын үлкен-кішіге.

 

Нұрбек:  Бәрін де жақсы көремін,

               Үнемі көмек беремін.

               Үлкенді сыйлау кішілік,

               Үлгілі мінез-кісілік.

 

Дамир:    Үлкендерді сыйлайтын,

               Кіші қамын ойлайтын.

               Сүймейтін жат әдетті,

               Ақжолдай досым бар,

               Өзі сондай әдепті.

 

   Қорытынды.

Осындай жылы жүректерге толы шеңбер аясында тұрып, қуанышты көңілмен ән салып, бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Рахмет, сау болыңыздар!

 

  «Үлкенге – құрмет, кішіге - ізет» тақырыбында өткізілген ашық тәрбие сағатының сәттері

Г дыбысы мен әрпі

$
0
0

Қызылорда қаласы №212 мектеп-гимназиясының

Мектепалды даярлық топ жетекшісі:

Смағұлова Салтанат Сапарқызы

 

Сауат ашу

Оқу іс- әрекетінің тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі

Оқу іс- әрекетінің  мақсаты:

Білімділігі: Г дыбысы мен әрпін таныстыру.Дыбыстар туралы балалардың ұғымдарын кеңейту. Г дыбысы бар сөзді буынға бөле отырып Г дыбысы сөздің басында, ортасында келетінін түсіндіру. Сөзге дыбыстық талдау жасату. 

Дамытушылығы: балалардың ой - өрісін, шығармашылығын дамыту. Сөздік қорын, сөйлеу жүйесін жетілдіру.

Тәрбиелігі: Өз ана тілін,елін,жерін сүюге тәрбиелеу.

Түрі:аралас

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Оқу іс- әрекетінің көрнекіліктер:суреттер,текшелер,

Оқу іс- әрекетінің барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық  шеңбері.

Қуанайық, шаттанайық  бәріміз!

Күліп  шықты  күн  бүгін.

Бәріміз  бірдей  жарқырайық!

Бәріміз  тату  болайық!

Бәріміз  дос  болайық!- деп  бір -бірімізге  жылы  лебіздерімізді  білдірейік. 

-Енді жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.

 

II.Өткен сабақты пысықтау.

-Алдыңғы сабақта біз қай әріппен таныстық?

Ү дыбысы мен әрпі.

Ү дыбысы қандай дыбыс балалар дауысты ма, дауыссыз ба?

-Қане айтып көрейік. Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

-Ү дыбысы дауысты, айтылғанда созылып, еш кедергісіз айтылады.

- Балалар дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не?

-Дыбысты естиміз, айтамыз.

-Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.

 -Ү дыбысы кездесетін сөздерді айтайықшы.

-Үйрек,үй,үйеңкі,үзеңгі,үміт,үкі,күрек,күз,т.б. Енді осы сөздерді буынға бөліп,сөйлем құрайық.

III.Жаңа сабақ

-Енді мына бір өлеңге құлақ түріңдерші.

«Гүлдер,гүлдер,көп гүлдер,

Қызыл гүлдер,көк гүлдер» деген өлең жолдарында не туралы айтылған?

-Гүлдер.

-Гүл сөзінің басында қандай дыбыс естіп отырмыз?

Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Г дыбысы мен әрпі»

- Г дауыссыз дыбыс, тіл арқылы жасалады, шұғыл айтылады.Көк текшемен белгіленеді.

  Г дыбысының баспа, жазба түрін көрсету.

  Г хормен айтқызу

- Г - дан басталатын сөздер айтқызу

- Г дыбысы сөздің басында, ортасында келеді.

-Гитара,көгершін,егін,кереге сөздеріне дыбыстық талдау жасатып,ондағы г дыбысының орнын ажыратқызу.Сөйлем құратқызу.

Енді балалар шаршағанымызды басып сергіту сәтін жасап жіберейік.
IV.Сергіту сәті
Гүлге ұқсап ырғалып,
Шаршағанда демалам.
Қолымызды қозғалтып,
Гүлдей болып жайқалам.

V.Дәптермен жұмыс. 

Г әрпін ауада және тақтада жазып көрсету.

Дәптерге үлгі бойынша г дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

Сөзжұмбақты шешкізу.Ай+нұр,Гүл+сім,Ай+гүл.

«Балықшы» дидактикалық ойыны.Ойынның шарты:балалар аквариумнен магниттік текшелерді қармақпен аулап алады да,текшедегі қандай әріп,қандай дыбыс екенін тауып, сол дыбысқа сөз,сөйлем құрау.

VI.Қорытындылау.

«Адасқан әріптер»дидактикалық ойыны.Ойынның  шарты:тақтаға кейбір әріптердің орындары ауысып кеткен сөздер жазылған қағаздар ілінеді.Балалар «адасқан әріптерді»орындарына қойып,сөздерді оқиды.Мысалы:лүг-гүл,іген-егін,т.б.

Сұрақ-жауап әдісі  арқылы г дыбысы туралы білімдері бекітіледі.

Балаларды мадақтап,гүлмен марапаттау.

 

 

 

Үй жануарлары мен үй құстары

$
0
0

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту

 Дамытушы орталықтар:Қатынас.

Тақырыбы:Үй жануарлары  мен үй құстары

Мақсаты:

Білімділігі:Үй жануарлары мен үй құстары және олардың адамға келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптыру.

Дамытушылығы:Үй жануарлары мен үй құстарына деген қамқорлық сезімін ояту және оларға жағдай жасауға үйрету.

Тәрбиелігі:Үй жануарлары мен үй құстарына қамқорлық жасауға баулу.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі:үй жануарлары мен үй құстарының суреттері,ойыншықтар,үнтаспа.

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

1.Шаттық шеңберіне тұрғызып, «Төлдер» әнін орындату.

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың?

Бұлтиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың?

2.Кімді ата-аналары қандай төлдің атымен еркелетіп айтатнын сұрау.

1.Балалар әнді орындау барысында төлдердің қимылдарын келтіреді.

2. «Боташым», «қошақаным»,

т.б. сөздермен еркелетенін әңгімелейді.

Ізденуші-ұйымдастырушы

1.Кіріспе әңгіме

-Төрт түлік мал-халқымыздың байлығы.Өйткені халқымыздың тарихы осы төрт түлік малмен тікелей байланысты.

 «Ат –ердің қанаты»деп айтатын дана халқымыз жылқыны қастерлеген.Жылқы –мінсең көлік,жесең ет.Сиыр-жесең ет,кисең киіміайранісүті қаймағынсыз қазақ баласы өспейді.Түйе малы-нағыз көлік,қымыран мен шұбаты дертке дауа.Қой шарушылығы-Қазақстанның мал шаруашылығы-халқымыздың дәстүрлі кәсібі.

 Үй жануарларының төлдерін қалай атаймыз?

 

Осы төрт түлік халқымыздың ең басты байлықтарының бірі екенін білгеніміз жөн.

Құстар      Үй құстары.   Дала құстары .   Жыртқыш құстары болып бөлінеді. 

Ал үй құстарына тауық,үйрек,қаз,күркетауық.

Олардың адамға тигізер пайдасы мол.Мамығынан көрпе,жастық жасайды,етін ,жұмыртқасын азық-түлік ретінде пайдаланамыз.

 

Құстар туралы жұмбақ шешейік:

Қызыл, бұжыр айдары бар,

Қоқиланған айбары бар.

Ауық-ауық азан салып

Өңеш керген айқайы бар.

                                 (қораз)

Кеудесі қайқаңдап,

Жүреді балпаңдап.

                                 (қаз)

Сергіту жаттығуын өткізу.

Орнымыздан тұрайық,

Құстай қанат қағайық.бір отырып,

Бір тынығып алайық.

2.Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың бір-бірнен айырмашылықтары қандай?

2.Үй жануарларының көктемгі тіршілігі туралы әңгімелеңдер.

3.Үй құстарын ата.

 

 

 

Педагогтің әңгімесін тыңдайды,сұрақтар қояды.

Үй жануарлары мен үй құстары туралы әңгімелейді.

 

 

 

 

 

 

Түйенің төлі – ботақан,

Қойдың төлі – қошақан,

Ешкінің төлі – лақ,

Жылқының төлі – құлын,

Сиырдың төлі – бұзау.

 

 

 

 

 

 

Балалар, үй құстарының мамығымен, қауырсынымен танысады.

Оның қасиеті мен пайдасы жайлы әңгімелейді, альбомбар көреді.

Жұмыртқаларды салыстырып, ерекшелігін анықтайды.

 

 

 

Сергіту жаттығуын орындайды.

 

 

Сұрақтарға жауап береді.Бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

 

 

 

Рефлексивті коорекциялаушы

 «Төлдерін тап»дидактикалық ойыны.шарты:педагог тақтаға сиыр,түйе,жылқы,қой ешкінің суреттерін іліп қояды.Педагог балаларды бір-бірден шақырып,қоржын ішінен суреттерді алғызады.лақтың суретін алса.оның ешкінің жанына жапсырады.

Сурет арқылы малдың төлдерін табады.

Күтілетін нәтиже:төрт түлік мал мен үй құстарының пайдасы туралы түсініктерін жетілдіру.

Білуі тиіс:үй жануарлары мен үй құстарының келтірер пайдасын және оларды күтіп –баптауды біуі тиіс.

Түсінігі: үй жануарлары мен құстардың пайдасын білу.

Көрсете білуі:үйіндегі жануарларды күтіп-баптау.

 

 

Көрікті көктем

$
0
0

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Қоршаған дүниемен таныстыру.

Дамытушы орталықтар:Таным

Тақырыбы:Көрікті көктем

Мақсаты:

Білімділігі:Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар,өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер,адамдардың көктемдегі пайдалы іс-әрекеттері туралы мағлұмат беру.

Дамытушылығы:Үлкендер еңбегін бақылау арқылы бағалай білу,бақылағандарын есте сақтай білу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелігі:Еңбексүйгіштікке,табиғатқа деген қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрнекілік

Көрнекілігі:көктем мезгілі жайлы суреттер,бүр жарған ағаштардың суреті

Сөздік жұмыс:ұя,жер,егін,гүлзарлар

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің    іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Балаларды дөңгелендіре тұрғызып,төмендегі өлең жолдарын оқу:

Жаңбыр,жаңбыр жауасың,

Жанымызға дауасың.

Біз ойнайтын ауланың

Тазартасың ауасын.

Балалар педагогпен бірге өлеңді қайталайды.

Ізденуші-ұйымдастырушы

1.Балаларға көктем мезгіліндегі маусымдық құбылыстар,жануарлардың өміріндегі өзгерістер,өсімдіктердің өсуі туралы тусіндіру.Түсіндіру барысында көрнекіліктерді пайдалану.

-Көктем мезгілінің айларын атаңдар.

-Көктемнің алғашқы айы –наурыз.

Бұл айда күн жылынып,қар еріп,жылғалардан су ағады.Сай-сала суға толады.

Сәуір айында жер беті көгеріп,ағаштар бүршік атып,айнала құлпырып кетеді.Жаңбыр жиі жауады.Мамыр айында дала жасыл желек жамылады.

Мамыр айын «Ән  айы» деп атайды.Өйткені құстар балапан басады,тоғай,ггүлзарлардың ішінде,көл жағасында құстардың сайраған дауыстарын естиміз.

Сондықтан көктем-жылдың ең тамаша мезгілі.

Жер жыртады,егін,бау-бақша салады.Гүлзарларды гүл егуге дайындау,ағаштардың түптерін қопсыту,құстарға ұя жасау сияқты жұмыстар жүргізіледі.

Ең алғаш дәнмен қоректенетін құстар ұшып келеді.Мысалы,ұзақ,шұбар,шымшық,таңшым-шық,қараторғай сияқты құстар.Ал жәндіктермен қоректенетін құстар-қарлығаш,ұзынқанат қарлығаш,көкек,бұлбұл сияқты құстар сәуірдің аяғы,мамыр айларында ұшып келеді.

2.Сергіту сәтін өткізу.

Қанат жаям жалма-жан,

Талпынғандай ұшуға.

Иіліп келіп қол созам

Аяғымның ұшына.

3.Әліппе-дәптермен жұмыс жүргізу:

а)Б.Қозыкеевтің «Көктем»өлеңін дауыстап оқиды.

4. «Бұл қай кезде болады?»дидактикалық ойыны.Шарты:педагог жыл мезгілдері бейнелеген суреттерді көрсетеді,сол бойынша әңгіме өткізеді.

 

Балалар тыңдайды.

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

Өздері білетін тақпақтарын қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлең жолдарын қайталап,жаттығу жасайды.

 

 

Сурет бойынша жыл мезгілдерін анықтайды.Өлеңнің мазмұнына қарай көктемде болатын өзгерістерді әңгімелейді.

 

 

 

Рефлексивті коорекциялаушы

«Күн сәулелері» деген  ойын  ойнау.

Шарты: Балалардың  табиғатқа  деген  жылы  лебіздерін  айту.

                Мақал – мәтел  жаттау:

Қаз  келсе, жаз келер.

Сәуір  болмай , тәуір  болмас.

 

Елестету  арқылы  көктем  мезгілінің  суретін  салу.

Тапсырмалар:

Көктем мезгілінің ерекшеліктерін ата.

Көктем айларын ата.

Сабақта алған білімдері сұрақ жауап әдісі арқылы пысықталады.

Балалар белсенділікпен ойынға қатысып,сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:көктем мезгіліндегі табиғат құбылыстары туралы түсінігі болуы.

Білуі тиіс:көктем мезгілінің ерекшеліктерін білу.

Түсінігі: адамдардың көктемгі пайдалы іс-әрекеттерін білу.

Көрсете білуі:суретті ретімен орналастыру.

 

Құстар- біздің досымыз

$
0
0

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Экология негіздері

Дамытушы орталықтар:Әлеуметтік орта

Тақырыбы:Құстар- біздің досымыз

Мақсаты:

Білімділігі:Құстар және олардың көктемдегі тіршілігі,табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылығы:Құстардың тіршілігінде болатын өзгерістерге мысалдар келтіре отырып түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін және зейіндерін дамыту.

Тәрбиелігі:Құстарға қамқорлық жасауға баулу және оларға қалай жағдай жасау керектігін үйрету.

Әдіс-тәсілдер:  Әңгіме, түсіндіру, көрсету,   сұрақ – жауап, ойын

Көрнекілігі: Бейнелі суреттер, үнтаспа, таратпа материалдар (жұмыртқа қабығы, желім,қағаз қиындылары.

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің  іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері

Әрқашан аман болайық,

Құстар әнін сайрасын.

Бейбітшілік болсын,

Нанымыз көп болсын.

Міне, тамаша! Ал  енді   ыңғайланып отырамыз.Көздеріңді жұма қойыңдар.

Тыныштық сәті:

Әуен ойналады

- Мен әуенді қосқан кезде бәріміз жүрегіміздегі сиқырлы әлемге аттанамыз. Үнтаспадан құстардың сайраған дауысы естіледі.

  -Енді көзімізді ашамыз.

1.Үнтаспадағы дауыстар туралы сұрақ қою.

-Үнтаспадағы қандай  дауыс естідіңдер?

-Қандай құстардың дауысы естіділді?

Құстар туралы сұрақ қою.

 

-Үй құстарына қандай құстар жатады?

-Дала құстарына қандай құстар жатады?

 

 

Балалар жақсы көңіл күймен амандасады.

Ізденуші-ұйымдастырушы

3.Құстар  туралы әңгімелеу.

Құстардың суреттерін көрсетіп,олардың түрлерімен таныстыру.Құстар адамға көп пайда келтіреді. Сондықтан оларды қанатты достар дейміз. Әнші құстар жазда ұшып ,қонып жүріп, әндетіп көңілімізді көтереді. Олар ағаштарды, өсімдіктерді зиянды жәндіктерден, құрттардан тазартады. Сонда ағаштар жайқалып өседі де өз бойынан таза ауаны бөліп шығарады. Сол таза ауамен адам баласы – мына біздер дем аламыз. Сондықтан біз оларға  қамқор  бола білуіміз керек.

-Балалар қамқорлық дегенді қалай түсінеміз?

-Біз құстарға қандай қамқорлық жасаймыз?

Мына суреттерге қарап не айтуға болады  Дұрыс балалар , біз құстарға қамқорлық жасау арқылы оларға деген мейірімізді  көрсетеміз.

Мейірімділік , қамқорлық деген біреуге көрсеткен көмек, айналамызға жасаған жақсылық.

С.Көбеевтің «Құстың ұясы»деген әңгімесін оқып беру.

Сергіту жаттығуын өткізу.

Қарлығаш боп ұшайық,

Қане, қанат қағайық.

Ұшып – ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Құстар туралы мақалдарды оқып,мағынасын ашу.

1.Тырна көлге қонады,

Ара гүлге қонады.

2.Қыран құс құз-қиянын сағалайды.

Болар бала ізгі істі сағалайды.

«Бұл қандай құс?»дидактикалық ойыны.

Мақсаты:ерекшеліктеріне қарай

Құстардың пайдасын түсінеді.

 

 

 

 

 

Құстарға қамқорлық тақырыбындағы суреттерге қарап сөйлемдер құрайды.

Құстарға ұя жасаймыз.

Құстарға жем береміз.

Құстардың ұясын бұзуға болмайды.

Құстарды атуға болмайды.

 

 

 

Сергіту жаттығуын орындайды.

 

Әліппе-дәптермен  жұмыс жасайды.

 

 

Мақалдарды қайталап,жаттап алады.

 

Ойынға барлық бала белсенділік таныта қатысады.Мысалы:Аққу-мойыны ұзын,қауырсындары аппақ  құс.Ол өте әдемі құс.Суда жүзеді.

 

 

Рефлексивті коорекциялаушы

Сабақта алған білімдері сұрақ жауап әдісі арқылы пысықталады.

1.Қандай құстар адамға жақын жүреді?

2.Құстар немен қоректенеді?

 

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:құстар және оның табиғатқа келтіретін пайдасы жөніндегі ұғымының қалыптасуы.

Білуі тиіс:жыл құстарын ажырата білу.

Түсінігі: құстардың тіршілігі,немен қоректенетіні туралы түсінігі.

Көрсете білуі:құстарға қамқорлықтжасап, оларды қорғау.

 

 

Viewing all 348 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>