Quantcast
Channel: Балабақша|Дедсад - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all 348 articles
Browse latest View live

Құтты болсын Жаңа жыл!

$
0
0

Тақырыбы: «Құтты болсын Жаңа жыл»

Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай отырып орындауға төселдіру.

 

Мерекеге сай безендірілген залға әсем әуенмен балалар кіреді.

Ән: «Елка»

Жүргізуші:

Келді міне жаңа жыл сәуле шашып,

Құлпырады табиғат нұры тасып.

Жаңа жылды ағайын қарсы алайық,

Шашу шашып, би билеп, ән салайық.

Осы кезде қардың сықырлаған дауысы естіледі.

Жүргізуші:  Балалар, мен қардың сыбдырын естіп тұрмын. Сендер естідіңдер ме?

Балалар:    Иә. Естідік.

Залға билеп Аққала кіреді. Аққала балалармен амандасады. Шыршаға таңырқап жүрген кезде шырша түбіндегі қоянды көреді. Қоян жылап отырады

Аққала:    Ақ қоян – ау, ақ қоян неге жылап отырсын?

Қоян:         Мен мына шыршаны әдемілеп безендірген едім. Бірақ оның шамдары               

                    жанбай тұр.

Аққала:     Жылама қоян, біз саған шырша шамдарын жағуға көмектесеміз.

                    Бір, екі, үш.

                     Шырша шамы жарқырай түс (свет сөніп шырша шамы жанады)

Жүргізуші: Қандай тамаша шыршамыз жарқырай түсті.

Қоян:            Алақай, шыршамның шамдары жанды.

Жүргізуші:  Енді, шыршаға арнап «Шырша» әнін шырқайық.

Ән: «Дин Дин»

Аққала:       Балалар, ортамызға бізбен бірге бір жыл болған «Тауық» жылын

                      шақырайық. Ескі жыл қайдасын? (осы кезде ескі жыл кіреді)

Жүргізуші:   Қош келдің ескі жыл. (Балалар амандасады)

Тауық :   Кішкентай менің достарым.

                Алғысым көп айтар менің

      Дәл осындай артығырақ

      Қарсы алындар ит жылын.

 

Жүргізуші: Ескі жыл сен жаңа жыл келгенше бізбен бол. Көңіл көтеріп, ән

                        салып, би билейміз.

 

Осы кезде аңдар келеді (қасқыр, аю, түлкі)

 

Қасқыр:    Мына жерде не болып жатыр? Жақындаған сайын әсем әуенмен    

                    балалардың көңілді дауыстары естіледі.

 

Түлкі:         Қасеке, мен білсем бұл үлкен мереке болып жатқан сияқты. Балаларда

                    әдемі киініп алыпты.

 

Аю:             Иа, түлкіжан сен дұрыс айтасың. Мұнда күндегіден әдемі болып кетіпті. Мына шыршаға қарап жаңа жыл мерекесін тойлап жатырма деген ой келді.

 

Жүргізуші: Ооо балалар, қараңдаршы бізге қонаққа кімдер келген?

Балалар:     Аю, түлкі, қасқыр

Қоян:           Балалар, міне менің достарым да келіпті, бәріміз көңілді би билеп, бойымызды сергітіп алсақ қайтеді.

 

Би: «Аңдар биі»

 

Жүргізуші:  Қараңдаршы мына шыршаға неткен сұлу, көрікті еді. Жаңа жылдық  

                      шыршамызға бәрі келіпті. Қазір Аяз атамыз бен Ақшақар да келіп 

                      қалар. Енді қарап тұрмайық бәріміз бірге дауыстап Аяз атамен 

                      ақшақарды шақырайық.

 

Балалар:       Аяз ата, Ақшақар (дауыстап шақырады)

Әуен ойналады. Залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Балалар қошеметпен қарсы алады.

 

Аяз ата:     Амансың ба, ұлдарым,

                   Амансың а, қыздарым.

                   Қандай әсем жүздерің.

                   Қандай әсем жырларың.

                   Асулармен алысқан,

                   Аталарың сендерге

                   Шаршап келді алыстан.

 

Ақшақар:  Сәлеметсіңдер ме, балалар! Өздеріңді сағынып келік. Жаңа  

                     жылдарыныз құтты болсын. Өтіп кеткен тауық жылына аман-есен 

                     саулық тілеп, келер жылымыз, ит жылы табысты жыл болсын, береке 

                     бірлік әкелсін.

 

Жүргізуші: Аяз ата алыстан шаршап келген шығарсыз. Біздің балалардың 

                      өзінізге тақпақтарын тамашаланыз.

Ән:   «Шырша жыры» Айзере

Тақпақтар:

 

Жүргізуші:  Аяз ата біз бәріміз осында жиналдық бірақ жаңа жыл әлі келген жоқ. ол бізді таба алмай жүр ме екен? (осы кезде иттің дауысы естіледі)

Аңдар:         Мынау иттің дауысы ғой. Жүріндер тез кетейік.

Жүргізуші:   Жо-жоқ кетпеңдер. Бүгін мереке. Ит сендерге тиіспейді.сендерге  

                       ешкім зиян келтірген жоқ.

Көңілді әуенмен ортаға жаңа жыл ит келеді.

Ит:               Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық.

                     Жаса, жаса достық, бірлік, туыстық.

                     Құттықтайық жаңа жылды өнермен,

                     Қуаныштың әр минуты тым ыстық.

 

Тауық:        мен сендерге молшылық, бақыт әкелдім,

                    Мына келер жылға тілегім.

                   Жасампаз заман бұл заман

                    Бүгіннен ертең ғаламат

                      Алдыңғы сапта боларсың.

Хош сау болыңдар! (ескі жыл шығып кетеді)

Ит:         Жаңа жылды өнер сапар қайсың бар,

                Алға шығып өлең, тақпақ айтыңдар.

               Жаңа жылда сыйлық алып қайтындар.

 

Би: «Гумибер» (иттер)

Тақпақтар:

Аяз ата мен Ақшақар:  Жарайсыңдар балалар, сендер өте білімді көңілді балалар  

                                           екенсіндер.

 

Аққала:       Балалар, менің де сендерге әкелген өзімнің тартуым бар. Сендердің 

                      менімен ойын ойнағыларың келе ме? қоян, қасқыр, аю, түлкі сендер          

                      де бізбен ойын ойнап, балалармен көңіл көтеріңдер.

Ойын: «Шыршаны безендіреміз»

Шарты:  екі топқа бөлінеді. Екі шыршаны екі қораптағы шырша 

                  ойыншықтарымен безендіру керек. Кім жылдам шырша безендірсе сол 

                   жеңімпаз болады.

 

Жүргізуші:  Балалар, Аққаланың ойыны ұнады ма?

                      Дөңгеленіп тұрмайық,

                     Ойын-сауық құрайық.

                     Би билейік тамаша

                     Жаңа жылға лайық.

 

Ақшақар:  менің көмекші тиіндерім қандай екен. Аяз атаға арнаған билері бар еді.

 

Би: «Тиіндер»

 

 

Аяз ата: Ал, қарақтарым мені күтіп отырған сендер сияқты қаншама балаларым бар. Мен енді сонда барайын. Сендерге көп рахмет. Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шындардан көрініңдер! Ақшақар бүгінгі мерекеге әкелген сыйлықтарымызды таратып берейік.

                       Тілектерін ақ болсын.

                       Бастарына бақ қонсын.

                       Келер жылы келермін.

                       Өнер тағы көрермін.

                       Сыйлық әкеп сендерге,

                       Көптен, көптен беремін.

                       Жақсылыққа қаныңдар

                    Тек биікке қоныңдар.

                    Келесі жылы көргенше

                    Амандықта болындар.

 

Түлкі: Аяз ата, Ақшақар бізде сендермен барайықшы?

 

Аяз ата: Жарайды.

 

Жүргізуші: Ал, құрметті балалар Аяз ата мен Ақшақарды және достарымызды шығарып салайық.

(Балалар қоштасып шығарып салады).

Құрметті ата-аналар мен қонақтар! Жаңа жыл барлық отбасыларынызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектерініз жемісті болсын. Бүлдіршіндеріміз аман болсын, қуанышымыз мол болсын. Жаңа жыл құтты болсын. Осымен біздің бүгінгі «Құтты болсын жаңа жыл» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!


Көңілді ноталар

$
0
0

Білім беру саласы: Шығармашылық. Бөлімі: Музыка Тақырыбы: «Көңілді ноталар» Мақсаты: Музыкалық ойындар арқылы балалардың денсаулығын, шығармашылығын нығайту. Музыканы мұқият тыңдай отырып ести білуге, ырғақтарды айыра білуге үйрету. Музыкаға әсерлену, дыбыс жоғарылығын ажырату қабілетін дамыту. Музыкалық ойындар арқылы музыкаға қызығушылықтарын арттыру. Әуенді ноталарды түстеріне байланысты ажырата білуге үйрету. Музыкалық репертуар: В.Тюльканов — «Марш» «Сәлемдесу жаттығуы” Г.Абдарахманова, Н.Шахина. "Қандай ырғақ" Іс - әрекет кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық -қозғаушылық Балалар музыка залына марш екпінімен кіреді. Амандасу. Шеңберде марш екпінмен қимылды қозғалыс жасату. Сәлеметсіздер ме балалар? Балалар, біздер музыкалық оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын музыканы тыңдау үшін құлағымызға жаттығу жасаймыз. Мұрынмен дем алып, сол демді үнемді түрде қолымыздағы гүлді үрлеу арқылы сыртқа шығара отырып үрлейміз. Енді балалар дауыс жаттығуларын жасаймыз. Ля Ля ЛЯ ЛЯ Ля Ля ля Ля Ля ЛЯ ЛЯ Ля Ля ля Ми МИ ми ми ми ми ми Ми МИ ми ми ми ми ми Жарасып тұр сәніміз, Ән шырқайық бәріміз. Естіген жұрт таң қалсын, Әдемі ән шырқалсын. Балалар музыка залына марш екпінімен музыканы тыңдай отыра кіреді. Музыка әуені арқылы жетекшімен қонақтармен амандасты Сәлеметсізбе апай! Тыныс алу жаттығуларын жасау. Ұйымдастыру шылық-ізденістік Балалар, менің қолымдағы суреттен ненің бейнесін көріп тұрсыңдар? Кемпірқосақта неше түс бар. Балалар, біздің музыка әлемінде де 5 қара сызықтың бойында скрипка кілті 7 нотаның түсі осы түстермен белгіленеді 1-нота қызыл түс 2-нота қызғылт сары түс 3-нота сары түс 4-нота жасыл түс 5-көгілдір түс 6- көк түс 7- күлгін түс Осы ноталар өздеріне сәйкес дыбысталады. Ойын: «Ноталар үйіне конаққа барамыз» саусақ қимылдары арқылы ноталар үйіне моншақты орналастыру. Балалар, кішкене отырып дем алайық. Ойын : “Қандай ырғақ” Мен сөзін айтамын, ал сендер аспаппен ойнайсындар. Данғыраны ұр қатты, Дәл қайтала ырғақты. Тоғайда көп тоқылдақ, Үн естілді тоқылдап. Тоқ тоқ тоқ, Тоқ тоқ тоқ. Данғыраны ұр қатты, Дәл қайтала ырғақты. Күн күркіреп жарқылдап,, Бұршақ жауды сартылдап. Сарт сарт сарт сарт, Сарт сарт сарт сарт сарт. Жарайсындар! Рахмет! Әр нота түстермен белгіленген «Көңілді ноталар» ойынын ойнайық. Бәріміз шеңбер құрып отырамыз, берілген түстерді ретімен қоямыз. Әр балаға жеті нота салынған каптамалар беріледі, жетекші айтуымен орналастырады. Сонғы нота қойылған сон орындарынан тұрады. Балалар, қарандаршы,біздің құрастырған түстерден ненің бейнесін көріп тұрмыз? Енді балалар, осы түстерді, яғни ноталарды аяқ қимылы арқылы тауып алайық. Кемпірқосақтың жеті түсі бар Ноталар атын атау Балалар ноталарды түстерімен орналастырады Ойын шарты бойынша түсініп ойнайды. Балалар шеңберде отырады. Музыкалық ырғақтарды аспаптардың көмегімен ойнап көрсетеді. Гүлдің,кемпірқосақтың, Күннің. Балалар жеті нотаны түстеріне қарай орналастырады. Рефлексиялық - түзетушілік Жарайсыңдар балалар! Сендерге бүгінгі оқу әрекетіміз ұнады ма? Мен сендерге көңілді ноталар таратамын. Осы ноталар арқылы қонақтарға көңіл күйімізді көрсетейікші. Марш екпінмен залдан шығып кету. Балалар өз ойларын еркін жеткізу. Күтілетін нәтиже: Біледі: Нота туралы мағлұматтар беру. Игереді: Әр түрлі ойындар арқылы ноталар дыбысын, түстерін нота сызықтарына орналастыруға үйрену. Меңгереді: Нота туралы түсініктерді ұғына отырып, ойнау дағдыларын

Сүйікті ойыншықтарым

$
0
0

Тақырыбы: «Сүйікті ойыншықтарым» Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым Мақсаты: Балаларды сурет бойынша 2-3 сөзден тұратын қысқа әңгіме қүрастыруға үйрету. Міндеті: Балалардың сөздік қорын зат есім, етістік, сын есімдерімен қатысты сөздермен байыту. Ойыншыктардың аттарын атай отыра сипаттап білуге үйрету. 2-3 сөзден тұратын шағын әңгіме құрастыруға үйрету. Ұқыптылыққа достыққа тәрбиелеу Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Аю ойыншығы немесе ересек адам. Ойыншық арба. қуыршақ, машиналар, үйрек, тауық, ит, мысық, дауылпаз, керней, паровоз ойыншықтары. Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс –әрекеті Баланың іс-әрекеті Мотивациялық –қозғаушы Тәрбиеші: Есік қағып (ересек адам аюдың киімін киіп) кіреді. Қолында ойыншық арбаға тиелген неше түрлі ойыншықтар (арбада көлемі, түстері, қандай материалдардан жасалған әр-түрлі ойыншықтар салынған: қуыршақ, машиналар, үйрек, тауық, ит, мысық, дауылпаз, керней, паровоз) Аю: сәлеметсіздер ме балалар! Тәрбиеші: балалар, қараңдар бізге аю қонаққа келген сияқты кәне қарайықшы: балалар тәрбиешімен топқа келген аюға қарап амандасады. Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе! Сіз кім боласыз? Тәрбиеші: қайдан жүрсіз? Аю: Мен орманда жидек теріп жүргем, бір уақытта мына арбаны көрдім, ішінде толған бірденелер, білмеймін, ойладым мүмкін сеңдерге керек болар? Тәрбиеші: Кел аю шаршаған боларсың, демінді бас. (аюды ортаға шақырады) Тәрбиеші бір белгі беріп балаларды екі орталыққа бөліп бірі шығармашылық орталығына барады, бірі кітап орталығына барады. Балалар тәрбиешімен жарты шеңбер бойы тұрады Балалар аюмен амандасады Шығармашылық орталығындағы балаларды екі топқа бөліп дайын екі панога өздері ұнататын ойыншықтарды жапсырады (балалардың алдында бірнеше ойыншықтар үлгілері тұрады және оларға басқа жағына жабысатын «липучка» тәрізді лентасы жабысқан ойыншықтардың пішіндері болу керек: мұнара болса – қызыл, сары, көк, жасыл, сопақшаға тәрізді пішіндер болу керек; жеңіл көлік- кабинасы, кузовы, донғалақтары болу керек.)Балаларға тапсырма: берілген үлгіден бір ойыншықтын макетін құрастырп беру керек. Сонында екі панно болып шығу керек. Ұйымдастыру іс-әрекеті Тәрбиеші: аюды ортаға шақырып дем алыңыз деп орындық береді Қол ұстасып, тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Бір-бірімізге қарайық, Күліп ойын бастайық! Дидактикалық жаттығу «Жел». Мақсаты: Балалардың артикуляциялық аппаратын дамыту. Шарты: Жіпке тағылған жапырақты алып ауыздын алдында ұстап: «Пф-ф-ф» (күзгі жапыраққа үрлейді). Жаттығуды 3 рет қайталайды. Тәрбиеші: Кәне балалар , аюдың арбасында не бар екенін көрейікші. Тәрбиеші мен балалар арбадағы ойыншықтарды қарап анықтайды (барлық ойыншықтарды балаларға алуды ұсынады, ұялшақ балаларға өзі таратып береді) Тәрбиеші: Балалар, сеңдердің қолдарында не бар? Балалар ойыншықтар (жеке әр баладан сұрайды) Дидактикалық ойын «Дауысынан таны». Мақсаты: Дыбыстарды дұрыс, анық айтуға үйрету. Шарты: Балаларды екі топқа бөліп бірі тындаушылар, бірі жасырушылар болады. Жасырушылар шамылдықтын артында отырып қолындағы ойыншықты дайыстап айтады, тындаушылар қандай дауыс шығып тұрғанын анықтап атап беру керек. Тәрбиеші: Балалар, ойыншықтар қандай болады? Тәрбиеші: екі машина түрлерін көрсетеді. (үлкен машина, кішірек машина) Тәрбиеші: үлкен, кішірек ойыншықтар болады. Дидактикалық жаттығу: «Үлкен-кішкентай» Тәрбиеші: Балалар, қолдарындағы ойыншықтарынды айтып беріңдерші «Үлкен қуыршақ-кішкентай қуыршақ». «Үлкен машина-кішірек машина». «Үлкен қоян-кішкентай көжек». «Үлкен дауылпаз- кішкентай дауылпаз». Тәрбиеші: Балалар, ойыншықтар көп болған жақсы, ал ойыншықтар тағы қандай болады? Дидактикалық ойын: «Сенің ойыншығын қандай?» Мақсаты: Сөздік қорын заттардың қасиеттері мен сапасын (көлемі, түсі, пішіні, қандай материалдан жасалғаны және не үшін керектігі) білдіретін сөздермен толықтыру. Шарты: Арбадағы ойыншықтарды балаларға таратылады. Тәрбиеші: Қол ұстасып, тұрайы, Үлкен шеңбер құрайық. Бір-бірімізге қарайық, Күліп ойын бастайық! Деп балаларды жауапқа тартады. Мысалы: Мынау қуыршақ. Мынау басы, екі көзі, екі аяғы, екі қолы бар. (егер балалар қиналып жауап бере алмаса, тәрбиеші түсіндіріп көмектеседі; киімнің түсімен шашына назар аударады; қуыршақпен қалай ойнайтынын түсіндіреді) Тәрбиеші: жақсы балалар. Тәрбиеші: Аю сен мына ойыншықты танисың ба? (дауылпазды көрсетеді) Аю: жоқ Тәрбиеші: Балалар, сеңдер мына ойыншықты танисыңдар ма? Тәрбиеші. Дұрыс Тәрбиеші: дауылпаз қандай? Қандай дыбыс шығарады, кәне естіп көрейікші. (дауылпазға соғады) «Бам-бам-бам». «Бим-бим-бим». «Бум-бум-бум». «Бом-бом-бом». «Бым-бым-бым». «Бим-бим-бим». «Бэм-бэм-бэм». «Бем-бем-бем». Тәрбиеші (балаларға қағазға салынған дауылпаз суретін таратады) Сұқ саусақтарымен дауылпазға соғамыз: Дидактикалық жаттығу: «Дауылпазға соғамыз бум-бум, бам-бам!». «Бам-бам-бам». «Бим-бим-бим». «Бум-бум-бум». «Бом-бом-бом». «Бым-бым-бым». «Бим-бим-бим». «Бэм-бэм-бэм». «Бем-бем-бем». Тәрбиеші балалардың сөздерді айту процесіндегі еріндерінің бір-біріне тиюін байқап қадағалай отыра түзету жұмысын өткізеді, түсіндіріп назарын аударады. Тәрбиеші: Аю саған біздің ойындарымыз ұнадыма? Аю: ұнады, мына арбадағы ойыншықтар керемет екен, сеңдерде қалсын. Аю: осы ойыншықтар туралы мынандай қызықты сөздерді айтып берейінші: Жаңылтпаш: «Арба дорбада, дорба арбада». Тәрбиеші: Аю рахмет саған. Тәрбиеші: балалар, бірге аюға рахмет деп айтайықшы. Аю: балалар орманға қайтайын, қонжығыма барып естігенімді айтып барайын. Тәрбиеші шығармашылық орталығындағы балалрды шақырып аюға жасаған жапсыру жұмыстарын көрсетіп сыйға тартады. Тәрбиеші: сен не жасадың? Қалай жапсырдың? Аю балалармен қоштасып кетеді. Балалар тәрбиешімен аюмен өлең жолдарын қайталайды. Балалар арбадағы ойыншықтарды қарап анықтайды Ойланады Балалар айтып береді Ойланады жауап береді. Балалар дауылпаз, барабан Балалар жауап береді. Балалар дауылпаз макетіне сұқ саусақтарымен кезек-кезек соғады. Балалар жаңылтпашты қайталайды. Рахмет саған аю Мен мұнара жапсырдым Бала мұнараны қалай жасағанын айтып беру керек Балалар аюмен қоштасады Рефлексивті-түзетуші Балалар, бізге қандай жануар қонаққа келді? Тәрбиеші: Аю не тауып алды? Тәрбиеші: Қандай ойыншықтар? Тәрбиеші: Қандай ойыншықтар болады? Тәрбиеші (дауылпазды көрсетіп) мынау не? Тәрбиеші: дауылпаз қандай дыбыстар шығарады? Тәрбиеші: ойыншықтармен қалай ойнаймыз? Тәрбиеші: ойыншықтарды шашпай, күтіп ойнаймыз. Бір бірімізбен бөлісіп ойнаймыз. Ойнап болған соң орындарына, сөрелерге жинап қоямыз. Аю Арба ойыншықтармен Балалар ойыншықтарды атап береді. Жұмсақ, қатты Дауылпаз Балалар айтып береді. Балалар ойланады (шашпаймыз, сындырмаймыз) Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: Балалар ойыншықтар туралы шағын әңгіме құрастырып білуі керек. Нені игереді: Ойыншықтардың түр сипатын айтуды игереді қажет. Нені біледі: Ойыншықтарды ерекшеліктеріне (түсі, пішіні, көлемі, құрылымы), қызметіне қарай қолдануға үйренеді.

Апорт

$
0
0

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

№ 4 технологиялық картасы

Тақырыбы:

Білім беру саласы:

Қатынас

Бөлімі:

Көркем әдебиет

Тақырыбы:

 

«Апорт»

Мақсаты:

Алманың түрімен таныстырып,  үлкендердің еңбегін құрметтеуге, шамасы келгенше көмектесуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Алма ағашының суреттері.

 

 

 

кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

 

Қонаққа қуыршақ Айсұлудың келуі.Өзінің алматы қаласынан  келіп, өзімен бірге көп алма әкелгенін айтуы.

 

Балалар қуыршақ Айсулудың келгенін қуана, амандасады.

 

 

Ұйымдастыру-іздестіру

 

-Балалар, мен алманы қайдан алдым деп ойлайсыңдар?

-Алманың дәмі қандай?

(Әр баланың аузына бір кесім алма салу)

Біздің әрқайсымыздың атымыз сияқты бұл алманың аты-апорт.

 

Өлеңмен таныстыру

 

Өлеңді талдау:

-Өлең не туралы?

-Алма  қай қаладан келді?

 

Түсіндіру.

Апорт басқа алмаларға қарағанда үлкен болады.Дәрумені көп. Оны жуып жеу керек. Ол үлкен еңбектің арқасында пісіп жетіледі. Үлкендердің еңбегін құрметтеу керек. Оларға қолдан келгенше көмектесу керек.

 

«Ретімен қой» ойынын ұйымдастыру

Мақсаты: Адам еңбегін құрметтеуге баулу

Шарты: Суреттерді ретімен қояды.

 

Сергіту сәті

Алма алма, көп алма

Қызыл сары көк алма

Теріп алып келейік

Атамызға берейік

 

Балалардың жауабы:

-Алманы сен ағаштан алдың.

-Алманың дәмі тәтті

 

 

 

Өлеңді көңіл бөліп тыңдайды.

 

-Өлең алма туралы

-Алма- Алматы қаласынан келді.

 

Тәрбиешінің сөздерін мұқият тыңдап алып, түсінбегендерін сұрайды.

 

 

 

Алма өсірудегі адам еңбегіне байланысты суреттерді ретімен қатарлап қояды.

 

 

Сергіту сәтін тақпақпен бірге қимылдарын жасайды

Рефлексивті-түзетушілік

 

«Бұл қай жеміс?» ойыны арқылы қоытындылау

Мақсаты: Сипаттама арқылы қай жеміс екенін табу.

(Сырты қызыл-іші ақ, өзі ағашта өседі.

Түсі жасыл, ағашта өседі, көлемі гитараға ұқсайды.(

 Қай жеміс туралы айтып тұрғанын табады. (Балалар жауабы: Алма, алмұрт)

Күтілетін нәтиже: 

Нені білу керек:

Апорт алмасымен танысып, оның үлкендер еңбегімен келетінін  білу керек.

Нені игереді:

Алма туралы  білгендерін еске түсіреді және пайдасын игереді.

Нені біледі:

Алмадай қып-қызыл, алмадай домалақ сөз тіркестерін қолданады. Жатқа айту біледі.

 

 

 

Бала неге балабақшаға барғысы келмейді? Не істеу керек?

$
0
0

Әдетте көп балалар балабақшаға барғысы келмей, жылап, біраз жүйкені жұқартады. Балаға ұрыспас бұрын ең алдымен оның себебін анықтап алу керек, деп жазады Sobesednik.ru.

Баланың дайын болмауы
 
Ата-аналар көбіне баласын 2-2,5 жасында балабақшаға береді. Жай ғана күртесі мен аяқкиімін кие алмауы ол үшін үлкен проблема. Мұндай жағдайда баланы балабақшадан алып, үйде үйрету қажет.
 
Бейімделу
 
Бала жаңа күн тәртібіне, жаңа талаптарға үйренуі керек. Топтағы күн тәртібін алдын ала біліп, үйде үйрете бастау қажет. Алғашқыда 2-3 сағат баламен бірге топта болу кеоек. Кейін біртіндеп ұзаққа қалдыра бересіз. Баланың жақсы көретін ойыншығын өзімен бірге алып бару керек.
  
Басқа балалармен араласқандағы қиындықтар
 
Егер бала ұяң, тұйық, ерке болса басқа балалар онымен ойнаудан бас тартуы мүмкін. Баланы қатарластарымен ертерек араластырып үйрету керек. Мысал үшін ауладағы ойын алаңында.
 
Тәрбиешінің қарым-қатынасы
 
Балаңыз тәрбиешіден қорқуы мүмкін. Егер тәрбиеші балаларға жиі дауыс көтеретін, ашушаң адам болса тәрбиешінің өзімен сөйлесу керек.
 
Дереккөз: Sobesednik.ru

Балабақшадағы ертеңгілік: Қош келдің, Жаңа жыл!

$
0
0

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

1. Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға балаларды
Ертеңгілік басталсын
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)
(музыка қосылады)

Здравствуйте, гости дорогие!

Новый год стучится в двери,

В новый год мы в сказку верим,

В новый год прекрасной феей

Чудеса приходят в дом.

От души вас поздравляю,

И здоровья всем желаю,

Пусть для каждого счастливым,

Будет этот новый год!

Давайте все вместе дружно скажем друг другу:

Поздравляем с Новым годом!

 

  1. Осы кезде Маша келеді. Шыршаға, айналасындағы ойыншықтарға таңырқап қарайды. Балалармен қол ұстасып «В лесу родилась елочка» өлеңін айтады.
    3. Шыршаның түбінде ұйқтап жатқан аю  оянып кетеді
    Аю: - Здравствуйте, ребята! С Новым годом!
    Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тасыр - тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір - ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» - дейді. Машаны да іздеп, осында болар деп келдім.
    Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім?
    Балалар. Аю.
    Жүргізуші: - Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны күтіп жүргенбіз, аюды емес...
    Балалар: иә.
    Маша: – Керемет....(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады. Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады)
    Аю. - Әрең таптым - ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп кетіп бара жатады)
    Жүргізуші: Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге болыңыздар!
    (Екеуі қуанып, балалардың жаныңа келеді)
    Жүргізуші. Балалар, мына сыйлықты бәріміз бөлісейік... (деп ашып жатқанда ішінен сиқыршы  шығады)
  2. Сиқыршы: Жаңа жыл келді
    Азаймасын ән мен жыр
    Ел көңілін көтерсін
    Құтты болсын жаңа жыл!
    Құттықтаймыз сіздерді!
    Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар
    Басталады Жаңа Жылдық карнавал
    Маска да бар, би де бар, асығыңдар
    Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.
    Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал
    Сиқыршы: Балалар қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен және осы жердегі ең кішкентай балақай екеміз шырша шамын жағайық!
    Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
    Шамдарыңды жарқырат! 3 рет

(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар.  Шыршамыздың шамы жанып жарқырап тұр айтыңдаршы  Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)

Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - рет

 Жүргізуші: Міне, керемет Аяз атамызбен ақшақар да  келді енді  , қол ұстасып әнімізді бірге  шырқайық.

Ән: «Шырша жыры»

Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз ата

 Ақшақар:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын. Ит жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін. Тарихи жыл болсын.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.

Аяз ата: Ойбай, жаңа жылдық мерекеңізге қанша балалар келген. Кім тақпақ айтса, кім өлең айтса, ал кім билесе, бәріне де сыйлығым бар. Қане, қайдасыңдар?

Ақшақар маған көмектеседі.

Ән: «Ертегілер»

Ақшақар: Мен сендермен жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын. Балалар, тағыда қандай өнерлерің бар?

Жүргізуші:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз

  1. Испан биі. Секенова Аружан
  2. Батырлар биі . Ұлдар тобы.

Жүргізуші: Ендеше, аяз атаға  тақпақтарымызды айтайық.

Сағыныш:
Кел билейік сенімен
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар
Адамдардың демімен.

Саят:
Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша,
Әппақ Аяз атамыз.
Рүстем:
Аралайды бақшаны
Үзілмейді жақсы әні
Гүлденеді бақшалар
Жауса, жаусын Ақшақар!
Аянат
Жаңа жыл, жаңа жыл
Сені күттім елеңдеп
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп.
Еркін:
Той, мереке, салтанат
Думандатты шартарап

Азамат:
Келді, міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап.

Жүргізуші:
Жүргізуші:
Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда, халайық
Ойын ойнайық жаңа бір.
Ақшақар: Балалар  менің де сендерге арналған ойындарым  бар.
Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,
ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге....
Балалар: Аязата!

Есть у меня игра для вас:

Я прочту стихи сейчас.

Я начну, а вы кончайте,

Хором дружно отвечайте.

На дворе снежок идет,

Скоро праздник… (Новый год).

 

Мягко светятся иголки,

Хвойный дух идет от… (елки).

Жүргізуші:- балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын тауық жылымыз қайда? Ай, Сиқыршы сен сиқырлап тастаған жоқсың ба? Балалар, тауық  қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық.

Тауық жылы балапандарымен билеп шығады.

Тауық: Балалар мен сендермен қоштасамын.

Жүргізуші: - Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл!
Енді, ортамызға жаңа ит жылын шақырамыз.

Ит жылы ортаға күшіктерімен билеп шығады.

Собака: Пусть Собака всех врагов

Лаем распугает,

Только искренних людей

Рядышком оставит,

Пусть подарит вам она

Смелость, верность, дружбу,

Чтобы в жизни было все,

Что для счастья нужно.

Ее год уж настает

Ждите и встречайте!

И задиру-Петуха

Смело провожайте.

Наступает год одного из самых дружелюбных и благородных существ — собаки! Пускай символ этого года сбережет от напастей, отпугнет все беды, залечит все душевные раны и принесет с собой только самых верных друзей! Хочется пожелать настоящего собачьего «нюха» в делах, отличных выходных, проведенных с самыми близкими и отменного здоровья. С Новым годом!

Аяз ата: Адамзаттың серігі, сен ит екенсің ғой. (ал сыйлығыңды)

Игра: Лишний стул

Эту игру можно назвать классикой. Она хороша и для малышни и для взрослой веселой кампании. Ставим стулья в ряд или в круг в количестве меньшем на 1 чем число участников игры и включаем музыку, когда мелодия будет остановлена нужно успеть занять свободный стульчик. Кто не успел – тот выбывает, а 1 стул убирается и так до тех пор, пока останется 1 победитель самый проворный и внимательный.

 

Игра: Игра в снежки, но необычная. Гости делятся на 2 команды. Нужно поставить 2 ведра или бочонка для каждой из команд. По команде команды должны лепить снежки и кидать их с определенного расстояния в корзину или бочонок. Побеждает та команда, которая быстрее наполнит боченок.
Жүргізушы: - Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой - буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....
(барлығыңа сыйлыққа кәмпиттер үлестіріледі)

Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
Бәрі.
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ШҚО  ББ «Күршім ауданының

психологиялық-педагогикалық

түзеу кабинеті» КММ

 

 

 

 

 

 

ЕРТЕҢГІЛІК

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ертеңгілік «Алтын күз»

$
0
0

Ертеңгілік «Алтын күз»

Мақсаты:
1) табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту;
2) күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.
3) балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
(Топ іші күзгі суреттермен, мерекеге сай сарғайған жапырақтармен безендірілген)
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, кішкентай бүлдіршіндер! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Күз мезгілі барлық үйге молшылық алып келсін.
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Күз келгенде»әнін тамашалаңыздар
Жүргізуші: Бүгінгі мерекеге балалар анасымен бірлесіп, сән көрсетілімін дайындап келген екен,
ана мен баланың сән көрсетілімін бағалайтын әділқазы алқасымен таныстыру.
Жүргізуші: Қанекей, балалар енді күзге арнаған тақпақтарымызды айтайық.
1 - бала: Алтын күз, әсем айналам,
Қараймын көзім талғанша.
Жақын қалды желтоқсан,
Жабырқайды жапырақ.

2 - бала: Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал - терек,
Жапырағын жұлғызып.

3 - бала: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.

4 - бала: Алтын, сары, қызыл, көк...
Алуан алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырақ.

5 - бала: Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатам күзді мен.

6 - бала: Жайдарлы күз, жомарт күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.

Жүргізуші: Балалардың орындауында «Күзгі бақ»әнін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Балалар, адамдар күзде қандай киімдер киеді?
Балар: Күзгі жылы киімдерін киеді.
Жүргізуші: Ендігі кезекте, балалардың анасымен бірлесіп дайындаған күзгі сән үлгісін тамашалайық.
Әдемі әуен ойналып, балалар анасымен күзгі сән үлгісіне шығып, өздерінің және аналарының киімдерін неден қалай дайындағанын бірлесіп сипаттап, таныстырады.
(Осы кезде ішке сары киім киген түрлі - түсті жапырақтар тағынған алтын күз келеді)
Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің шақыру хаттарыңды алдым, сендерге көп рахмет.
Балалар, мен сендерге көкөністерімді, жемістерімді ала келдім. Көкөніс пен жемісті қалай жақсы көретіндеріңді тексереміз. Бізге екі бала қажет, олардың көздерін орамалмен байлап, мына тұрған ыдыстағы жеміс пен көкөністі қолдарымен ұстап, дәмін татып анықтаулары қажет.
Күз: Жарайсыңдар балалар, өте дәм сезгіш екенсіңдер.
Жүргізуші: Алтын күз, енді балалардың өзіңе арнаған «Жапырақтар» биін тамашалыңыз
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Жапырақтар» биі
Күз: Балалар билерің қандай тамаша, ендігі кезекте ата - аналарды сынап көрейік, күзде қалай шапшаң еңбектенеді екен. Екі ата - ана ортаға шығып, мына тұрған 2 картопты жылдамдыққа және қабығын үзбей тазалау қажет.

Жүргізуші: Балалар, күздің алып келген көкөніс, жемісі дәмді ме екен?
Балалар: Иә, өте дәмді.
Жүргізуші: Сол көкөніс пен жемістерді ортаға шақырайық.
(Осы кезде көкөніс пен жемістер ортаны бір айналып, қатарласып шығады)
Сәбіз: Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.

Алма: Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.

Қызылша: Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім қанға нәр.
Зияным жоқ біліп қой,
Қызылшамын пайдам бар.

Өрік: Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.

Қарбыз: Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп қалма.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алма.

Алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.

Қауын: Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргенде тамсанған,
Балдай тәтті қауынмын.
Күз: Балалар, ойын ойнап, көкөніс жемісті тани білдіңдер, мен сендерге ризашылығымды білдіріп, сыйымды табыс етемін.
(Күз, балаларға алма таратады)
Күз: Мен туралы жаттаған әсем тақпақтарыңды, айтқан әндеріңді көріп, билеріңді тамашалап көңілімді көтердім. Рахмет сендерге, келесі кездескенше.
Жүргізуші: Балалар, барлығымыз күздің сыйына алғысымызды білдіріп, шығарып салайық.
Балалар: Рахмет сізге күз, сау болыңыз!
Күз: Сау болыңдар балалар!
Жүргізуші: Ендігі кезекті әділ қазыларға береміз.
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Жеміс тердім»әнін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Алтын күз атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға рахмет.

 

"Қош келдің жаңа жыл"

$
0
0

Батыс қазақстан обылысы

Жылой ауданы 

Жаңа Қаратон КМҚК "Шапағат" ясли бақшасы

тәрбиеші; Тукпанова Мейрамгүл Саликовна

"Қош келдің, Жаңа жыл!" ашық шара 

 

Салеметсіздерме ата аналар  корермендер

Қош келдің жаңа жыл атты шарамызға қош келдіңіздер

Жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп жатыр  маңайды

 Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді

Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін

 Бәрімізге жаңа жыл арайлы!

 

 Құтты болсын ағайын!

 Жаңа жылың тағы да

Қол соғып қарсы алайық

 Шақырайық ортаға

 Ертеңгілік басталсын «Ақбота» сәбилер тобында!

(балалар ортаға келип айналып тұрады)

Жүргізуші:

 - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді? (Балалардың жауабы) Аяз ата Акшакар

 Жүргізуші:

Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.

 Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - рет

Аю: - Здравствуйте, ребята! С Новым годом! Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тасыр - тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір - ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» - дейді. Машаны да іздеп, осында болар деп келдім.

Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім? Балалар. Аю. Жүргізуші: - Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес... Балалар: иә. (осы кезде Маша келеді. Шыршаға таңырқап)

 Маша. – Керемет....(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады. Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады)

 Аю. - Әрең таптым - ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп кетіп бара жатады)

Жүргізуші: Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге болыңыздар! (Екеуі қуанып, балалардың жаныңа келеді)

Жүргізуші. Балалар, мына сыйлықты бәріміз бөлісейік... (деп ашып жатқанда ішінен сиқыршы шығады)

(музыка қосылады Сиқыршы кораптан шыгады)

 Сиқыршы:  Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы. (шыршаға қарап)

 Шырша дейміз елканы Балалар билеп қоршады.

 Түрлі - түсті ойыншық Шыршада көз тартады.

 Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!

 Бәрі:

Қуант, бізді, таңырқат Шамдарыңды жарқырат! 3 рет

 (Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)

- Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді.

 Бәрі. Қоңырау үні сыңғырла Аяз ата, Ақшақар

 Біз Сендерді сағындық Тез келіңдер ортаға

Аяз ата, ақшақар 3 - рет барлығы дауыстап

 Аяз Ата: Құтты болсын, балалар Келген Жаңа жылдарың Алаңдамай өсіңдер Еркелеп қыз, ұлдарым өткен жылы келіп ем Бәріңді де көріп ем Жыл өткізіп келем деп Уәдемді беріп ем Ойларың мен бойларың да Бірдей өсіп қалдыңдар ма? Ал, мен кіммін айтыңдаршы Мені тани алдыңдар ма? Балалар: Аяз ата!

 Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын! Сүйсіңдірер маңайды Ақшақармын арайлы Жалт - жұлт еткен жүзімнен Күміс сәуле тарайды. Ақшақармын аппақпын Қалай тыныш жатпақпын Менсіз қыстың сәні жоқ Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Ит  Сәлеметсіздер ме, балалар

 Мен тұрмын қуанып,

Шаттыққа бөленіп

 Бір жыл бойы сіздермен

 Дос болайық шаттанып.

 Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер. Әсем әні де, биі де бар Отыр ата, сәл дем ал.

Міне, керемет, кешіміздің сәні енді келді  қол ұстасып әнімізді шырқайық.

 Ән: «Шыршаға бардық»

Жүргізуші:

 Ендеше, шыршамызға арналған  тақпақтарымызды айтайық.

Ясина     Жаңа жыл Жаңа жыл

               Жаңа жылда жаңа нұр

Нұртас   Жасыл желек жамылған

                Асыл моншақ тағынған

Шұғыла  Жасыл шырша жанында

                 Жадырап бар бала жүр

Нурфия  Мине сұлу шыршамыз

                 Көптен күтіп сағынған

Ержігіт   Безендіріп шыршаны

                 Жыл қуантты баршаны

Мирас    Жасыл шырша жанында

                  Жадырап жүр бар бала

Би аяз ата ер балалр тобы

Ой жарайсыңдар қандай өнерлі биші балалар

Ал енді кезекті балалрдың тақпақтарна береиін

Тақпақтар  

Раяна    Тамаша тамаша

               Шыршамыз тұр жараса

Абылайхан  Басында әсем жұлдызы

                        Көз тоимаиды қараса

Аяулым    Келді алыс сапардан

                   Аяз ата оралып

Нұрбек  Жаңа жыл жаңа жыл

                Жаңа жылжа жаңа жыр

                 Жасыл шырша жанында

                Билеп барлық бала жүр

 

Арман   Әдемілеп біз ілген

               Ойыншықтар тізілген

Айтуған  Аппақ тонға оранып

                Базарлықты мол алып

                Келді алыс сапардан

                Аяз ата оралып

Жүргізуші:

 Әуеледі әніміз Жаңа кірді сәніміз

 Ақшақарды ортаға алып Би билейік бәріміз.

Ақшақармен шыршаны айналып  Жана жыл анине би билеу

Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!

 Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.Биді де тамаша билиді

Тағыда оз онерлерін көрсетеміз деген балалр бар келіңдер ортаға

Тақпақтар

Мунира   Қандай Әсем шыршамыз

                 Ән шырқайық баршамыз

Ақнұр     Ақ қар жапты даланы

                Ақ Жамылды айнала

                Жарқыратып шамдарын

                Шырша келді ортаға

Бектемір   Тамаша тамаша

                     Шыршамыз тұр жараса

Ернұр       Той маскарат басталды

                   Аяз оны басқарды

Сәр Айзере  Бақша іші мереке

                       Ойын күлкі асқақ ән

                        Жақсы апайлар жаңа кеп

                       Мерекені бастаған

Айзере    Безендіріп шыршаны

                   Жыл қуантты баршаны

Ақсұңқар   Қандай әсем шыршамыз

                    Ән шырқайық баршамыз

Жүргізуші:- балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын тауық жылымыз қайда? Балалар, тауық қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме?тауықтың дауысы естиледі  «Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық.

 Ортада  тауқтар биі

Жүргізуші:

Айта берсек таусылмас

Жаңа жылда жаңа жыр

Кел оданда, халайық

Ойын ойнайық жаңа бір.

 Ойын: «Байпақ» Шарты:  4 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет.ортада аяз атага биринши жету керек  (алдымен ата - аналар, содан соң балалар)

Аяз ата: мына ата - аналар да мықты екен.

 Енді мен дем алсам деймін.

 Жүргізуші: Иә, ата, дем алыңыз, ортамызда онерли биші қыздарымыз бар солардың өнерін тамашалайық

Би Улпа қар қызар тобы

Ал балалар көрермендер бізге  аңдар қонаққа келіп қалыпты  солардың өнерин тамашалайқ

Түлкі.- о - о, мыналарды қара! Аяз атадан сыйлық алмақшы. Сендерден бұрын мен аламын. (Аяз атаға келіп) Хи - хи - хи, Аяз ата, мен сіздерге өлең айтып берейін бе?

 Аяз ата: Айта ғой, түлкішек

Түлкі: Ананы да, алдадым

Мынаны да алдадым

 Мен түлкімін айлакер

 Аяз ата сыйлық бер. (қолын жаяды)

 Қасқыр: Ах, түлкішек, сен жұрттың бәрін алдап, енді атаны да алдайсың ба? Кет әрі. Аяз атаға әнді мен айтып беремін. (қолында гитара)

 Мен қасқырмын, қасқырмын

 Қозы ұрлаймын өрістен.

Ұйқым келмейді егерде

 Қозы етін жемесем Ахо - хо. Охо - хо. (осы кезде ит шыға келеді)

Ит:

 Ей, қасеке, қасеке

 Сен де адал есессің.

Мен тұрғанда қозы, лақ

 Оңайлықпен жемессің. Аф - аф – аф

 Жеті қазына бірімін

Қасқыр келсе үремін

Аяз ата мен сізге

Тақпақ айтып беремін.

Аяз ата: Адамзаттың серігі, сен ит екенсің ғой. (ал сыйлығыңды)

Жүргізуші:

 Міне, балалар аңдар да өнерлерін көрсетті. Жаңа жылға барлығы жақсы дайындалған, осындай өнерлерімен белсенділік танытып жүрген және он саусақтарынан өнер тамған ата - аналарым мен балаларым бірлесіп суреттер жасап әкеліп көрмеге шын жүректерімен қойған ата – аналарға көөптен көөп алғыс айтамыз

 Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?

Аяз ата: Ой - буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір.... (барлығыңа сыйлық үлестіріледі)

 Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар.

Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

 Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге! Бәрі. Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет ертеңгілігіміздің өтуне ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Қош келдің, Жаңа жыл!»

Салеметсіздерме ата аналар  корермендер

Қош келдің жаңа жыл атты шарамызға қош келдіңіздер

Жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп жатыр  маңайды

 Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді

Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін

 Бәрімізге жаңа жыл арайлы!

 

 Құтты болсын ағайын!

 Жаңа жылың тағы да

Қол соғып қарсы алайық

 Шақырайық ортаға

 Ертеңгілік басталсын «Ақбота» сәбилер тобында!

(балалар ортаға келип айналып тұрады)

Жүргізуші:

 - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді? (Балалардың жауабы) Аяз ата Акшакар

 Жүргізуші:

Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.

 Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - рет

Аю: - Здравствуйте, ребята! С Новым годом! Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тасыр - тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір - ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» - дейді. Машаны да іздеп, осында болар деп келдім.

Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім? Балалар. Аю. Жүргізуші: - Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес... Балалар: иә. (осы кезде Маша келеді. Шыршаға таңырқап)

 Маша. – Керемет....(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады. Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады)

 Аю. - Әрең таптым - ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп кетіп бара жатады)

Жүргізуші: Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге болыңыздар! (Екеуі қуанып, балалардың жаныңа келеді)

Жүргізуші. Балалар, мына сыйлықты бәріміз бөлісейік... (деп ашып жатқанда ішінен сиқыршы шығады)

(музыка қосылады Сиқыршы кораптан шыгады)

 Сиқыршы:  Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы. (шыршаға қарап)

 Шырша дейміз елканы Балалар билеп қоршады.

 Түрлі - түсті ойыншық Шыршада көз тартады.

 Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!

 Бәрі:

Қуант, бізді, таңырқат Шамдарыңды жарқырат! 3 рет

 (Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)

- Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді.

 Бәрі. Қоңырау үні сыңғырла Аяз ата, Ақшақар

 Біз Сендерді сағындық Тез келіңдер ортаға

Аяз ата, ақшақар 3 - рет барлығы дауыстап

 Аяз Ата: Құтты болсын, балалар Келген Жаңа жылдарың Алаңдамай өсіңдер Еркелеп қыз, ұлдарым өткен жылы келіп ем Бәріңді де көріп ем Жыл өткізіп келем деп Уәдемді беріп ем Ойларың мен бойларың да Бірдей өсіп қалдыңдар ма? Ал, мен кіммін айтыңдаршы Мені тани алдыңдар ма? Балалар: Аяз ата!

 Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын! Сүйсіңдірер маңайды Ақшақармын арайлы Жалт - жұлт еткен жүзімнен Күміс сәуле тарайды. Ақшақармын аппақпын Қалай тыныш жатпақпын Менсіз қыстың сәні жоқ Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Ит  Сәлеметсіздер ме, балалар

 Мен тұрмын қуанып,

Шаттыққа бөленіп

 Бір жыл бойы сіздермен

 Дос болайық шаттанып.

 Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер. Әсем әні де, биі де бар Отыр ата, сәл дем ал.

Міне, керемет, кешіміздің сәні енді келді  қол ұстасып әнімізді шырқайық.

 Ән: «Шыршаға бардық»

Жүргізуші:

 Ендеше, шыршамызға арналған  тақпақтарымызды айтайық.

Ясина     Жаңа жыл Жаңа жыл

               Жаңа жылда жаңа нұр

Нұртас   Жасыл желек жамылған

                Асыл моншақ тағынған

Шұғыла  Жасыл шырша жанында

                 Жадырап бар бала жүр

Нурфия  Мине сұлу шыршамыз

                 Көптен күтіп сағынған

Ержігіт   Безендіріп шыршаны

                 Жыл қуантты баршаны

Мирас    Жасыл шырша жанында

                  Жадырап жүр бар бала

Би аяз ата ер балалр тобы

Ой жарайсыңдар қандай өнерлі биші балалар

Ал енді кезекті балалрдың тақпақтарна береиін

Тақпақтар  

Раяна    Тамаша тамаша

               Шыршамыз тұр жараса

Абылайхан  Басында әсем жұлдызы

                        Көз тоимаиды қараса

Аяулым    Келді алыс сапардан

                   Аяз ата оралып

Нұрбек  Жаңа жыл жаңа жыл

                Жаңа жылжа жаңа жыр

                 Жасыл шырша жанында

                Билеп барлық бала жүр

 

Арман   Әдемілеп біз ілген

               Ойыншықтар тізілген

Айтуған  Аппақ тонға оранып

                Базарлықты мол алып

                Келді алыс сапардан

                Аяз ата оралып

Жүргізуші:

 Әуеледі әніміз Жаңа кірді сәніміз

 Ақшақарды ортаға алып Би билейік бәріміз.

Ақшақармен шыршаны айналып  Жана жыл анине би билеу

Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!

 Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.Биді де тамаша билиді

Тағыда оз онерлерін көрсетеміз деген балалр бар келіңдер ортаға

Тақпақтар

Мунира   Қандай Әсем шыршамыз

                 Ән шырқайық баршамыз

Ақнұр     Ақ қар жапты даланы

                Ақ Жамылды айнала

                Жарқыратып шамдарын

                Шырша келді ортаға

Бектемір   Тамаша тамаша

                     Шыршамыз тұр жараса

Ернұр       Той маскарат басталды

                   Аяз оны басқарды

Сәр Айзере  Бақша іші мереке

                       Ойын күлкі асқақ ән

                        Жақсы апайлар жаңа кеп

                       Мерекені бастаған

Айзере    Безендіріп шыршаны

                   Жыл қуантты баршаны

Ақсұңқар   Қандай әсем шыршамыз

                    Ән шырқайық баршамыз

Жүргізуші:- балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын тауық жылымыз қайда? Балалар, тауық қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме?тауықтың дауысы естиледі  «Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық.

 Ортада  тауқтар биі

Жүргізуші:

Айта берсек таусылмас

Жаңа жылда жаңа жыр

Кел оданда, халайық

Ойын ойнайық жаңа бір.

 Ойын: «Байпақ» Шарты:  4 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет.ортада аяз атага биринши жету керек  (алдымен ата - аналар, содан соң балалар)

Аяз ата: мына ата - аналар да мықты екен.

 Енді мен дем алсам деймін.

 Жүргізуші: Иә, ата, дем алыңыз, ортамызда онерли биші қыздарымыз бар солардың өнерін тамашалайық

Би Улпа қар қызар тобы

Ал балалар көрермендер бізге  аңдар қонаққа келіп қалыпты  солардың өнерин тамашалайқ

Түлкі.- о - о, мыналарды қара! Аяз атадан сыйлық алмақшы. Сендерден бұрын мен аламын. (Аяз атаға келіп) Хи - хи - хи, Аяз ата, мен сіздерге өлең айтып берейін бе?

 Аяз ата: Айта ғой, түлкішек

Түлкі: Ананы да, алдадым

Мынаны да алдадым

 Мен түлкімін айлакер

 Аяз ата сыйлық бер. (қолын жаяды)

 Қасқыр: Ах, түлкішек, сен жұрттың бәрін алдап, енді атаны да алдайсың ба? Кет әрі. Аяз атаға әнді мен айтып беремін. (қолында гитара)

 Мен қасқырмын, қасқырмын

 Қозы ұрлаймын өрістен.

Ұйқым келмейді егерде

 Қозы етін жемесем Ахо - хо. Охо - хо. (осы кезде ит шыға келеді)

Ит:

 Ей, қасеке, қасеке

 Сен де адал есессің.

Мен тұрғанда қозы, лақ

 Оңайлықпен жемессің. Аф - аф – аф

 Жеті қазына бірімін

Қасқыр келсе үремін

Аяз ата мен сізге

Тақпақ айтып беремін.

Аяз ата: Адамзаттың серігі, сен ит екенсің ғой. (ал сыйлығыңды)

Жүргізуші:

 Міне, балалар аңдар да өнерлерін көрсетті. Жаңа жылға барлығы жақсы дайындалған, осындай өнерлерімен белсенділік танытып жүрген және он саусақтарынан өнер тамған ата - аналарым мен балаларым бірлесіп суреттер жасап әкеліп көрмеге шын жүректерімен қойған ата – аналарға көөптен көөп алғыс айтамыз

 Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?

Аяз ата: Ой - буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір.... (барлығыңа сыйлық үлестіріледі)

 Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар.

Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

 Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге! Бәрі. Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет ертеңгілігіміздің өтуне ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!


"Менің тұңғыш Президетім"ашық шара

$
0
0

Батыс қазақстан обылсы 

Жылой ауданы 

Жаңа Қаратон КМҚК "Шапағат" ясли балабақшасы тәрбиеші

Тукпанова Мецрамгүл Саликовна 

Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім!

Әдеби музыкалық ашық шара 

 

Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтаң өмір жолы ,туып өскен жері туралы мғұлмат беру.

Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын ,халқын сүюге,ержүректілікке,азаматтыққа,патриоттық сезімге тәрбиелеу.

 

Әдісі: Әдеби музикалық ашық шара

 

 

Көрнекілігі: Елбасы суреттері,шарлар, Қазақстан Республикасының рәміздер әнұран,ту, елтаңба суреттері слаиттар т.б.

 

 

Ұйымдастыру:

 

Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Қайырлы күн, сүйікті де, сүйкімді балалар және тәрбиешілер!

 

Шаттық шеңбері:

  Қанекей балалар сендерді «шаттық шеңберіне» шақырамын.Кәнекей бір бірімізбен амандасайық!(ортаға шеңбер құрып тұрады)

 

Армысың, Әлем!

Армысың,Жарық күн! (қолдарын жайып көкке көтереді)

Армысың, абзал Адам! (қолдарын алға созады)

Армысың, менің достарым!

 

 Бүгінгі ашық шарамыз Елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады. Балалар, біз алғаш Елбасы күнін атап өткелі жатырмыз. 

 Бүгінгі ашық шарамызды әнұранмен ашайық. 

 

Әнұран айтылады.

 

Жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

 

1991 жылы 1-желтоқсанда  республика  жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. 

 

 Жүргізуші: балалар кезекті дайындаған тақпақтарыңа береміз

  • Айзере

 Қазақстан-қастерлі қазағым,

Қазақстан ғажап үн .

  • Раяна

Гүлдене бер Отаным,

Көтерген туын Нұр ағам.

  • Ясина

Елім,жерім,Отаным, бақ-дәулетім,

Болашағым,өнер-білім өркенім.

  • Шұғыла

Биіктей бер Нұр аға,

Қыран қанат талмасын.

 

2-ші Жүргізуші: 

1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.

 «Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды», -  дейді қазақ халқымыз. Кез-келген халықтың өз таңбасы болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мемлекеттік құжаттарға қойылады.

 Елтаңбаның авторлары – халқымыздың танымал ұлдары - Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов.

Шаңырақ –Отан отбасынан басталады. Ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр

 

Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында өрнегі бар. Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың  жобасын  жасаған – суретші Шәкен Ниязбеков болды. 

 

Ойын

Ал енді балалар кезекті сергіту ойынына  береміз.Кім жылдам ойынын ойнайық,ортаға төрт бала шығамыз,қолдарына берілген қорапқа ортада шашылып жатқан шарларды тездетип жинап салып алу керек,ең коп шар жинаған ойыншы жақсы бағаланады.

 

 

Кезекті балалардың тақпағына береміз

  • Нурбек

Арыстан жүрек,айбынды елім,

Таниды сені бар әлем бүгін.

  • Ержігіт

Ту көтерген елім бар,

Қол бастайтын, ерім бар.

  • Абылайхан

Бүкіл әлем таң қалған,

Парасатты данышпан.

 

Жүргізуші: «ТУҒАН ЖЕР» әнін қабыл алыңыздар, хормен айтылады

 

Қазақ елі, желбіреп көк байрағың,

Гүлге оранды ауылың мен аймағың.

Нұрсұлтаның биіктерге бастады,

Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.

 

 

-    Балалар, қазір мен сендерге сұрақ  жасырамын, сендер оның шешімін айтып отырасыздар. Жақсы, келістік пе?

-    Иә!

Сұрақтары:

  1. Біздің мемлекетіміздің аты қандай? (Қазақстан)
  2. Біздің Елбасымыз кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
  3.   Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала? (Астана қаласы)
  4. Біздің тіліміз қандай?                               (Қазақ тілі )
  5. Ал, ұлттық валютамыз, ақшамыз қалай аталады? (Теңге)

(Балалар сөзжұмбақты шешеді).

 

 

 

 

 

 

Жүргізуші

 

Елбас елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

 

Құрметті тәрбиешілер,балалар, Елбасы күніне арналған ашық шарамыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!

 

Ғажайып өзгерістер

$
0
0

                   "Ғажайып өзгерістер"

Білім беру саласы: Қатынас, денсаулық

Мақсаты: Балаларға жыл мезгілі жайлы, ондағы ғажайып өзгерістер мен ерекшеліктер туралы түсінік қалыптастыру, жылдың төрт мезгілін айыра білуге үйрету. Балалардың дүниетанымын, сөздік қорын дамыту. Әр жыл мезгіліндегі ағаштардың өзгеріп, әр түрлі түске енетінін ұғындыру.

Көрнекі құралдар: жыл мезгілдерінің суреттері, жыл мезгіліне байланысты әртүрлі түстегі ағаштар, слайд, кейіпкерлер - турлі-түстегі ағаштар, мұздан жасалған өткел, өзеннің суреті.

Билингвалды компанент: күз - осень, қыс - зима, көктем - весна, жаз - лето.

Шаттық шеңбері

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы гой,

Ал, қанекей бәріміз

"Салем" берейік улкенге

- Сәлеметсіздер ме!

- Здравствуйте!

-  Hello!

- Балалар, бүгін мен сендерге жыл мезгілдерінде болатын ғажайып өзгерістер туралы айтқым келіп тұр.

-Балалар, бір жылда неше мезгіл бар, атаңдаршы?

-Балалар, осы бір жылдағы төрт мезгілді жыл мезгілдері деп те атауға болады.

Ендеше экранға назар аударыңдар (аудиожазба)

Жиын - терім болатын

Қамбаға астық толатын

Сары жапырақпен ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың ?

Cлайдтан күз мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету

-Қазақ тілінде - күз, орыс тілінде – осень,-дейміз. Күз-осень қайталаймыз.

Күз мезгіліндегі сары түске енген ағаш кіреді (музыкамен)

- Балалар, күз мезгіліндегі ағаштар қандай түске енеді?

- Күз мезгіліндегі ағаштар сары түске енген.

- Ал, күз айларын кім біледі?

- Күзде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?

- Күз туралы тақпақ білесіңдер ма?

Күз мезгіліндегі табиғат құбылыстарынабайланысты жаттығулар жасайды.

Қолымызды жоғары көтеріп, желге ұқсап тербелеміз.

Жерге түскен жапырақтардай қолымызды алға созып, отырып тұрамыз.

- Балалар тағы экранға назар аударайық.

Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы, коньки тебетін

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Слайдтан қыс мезгілігінің сурет шығады, сурет арқылы әңгімелету.

Қазақ тілінде - қыс, орыс тілінде - зима. Қыс-зима қайталаймыз

Қыс мезгіліндегі түске енген ағаш келеді (музыкамен)

Балаларға қыс туралы сұрақтар қояды.

Қыста қандай өзгерістер болады?

- Қыс мезгілі ұнай ма?

- Қыста сендер қандай ойын ойнайсыңдар?

- Қыста қандай мереке бар?

Дыбыстық жаттығу

Ыс-ыс-ыс-қыс

Ғы-ғы-ғы-шаңғы

Ақ-ақ-ақ-аққала

Қа-қа-қа-қар

Ық-ық-ық-суық

Қыста қолымыз тоңып қалды, қолымызды бір-біріне ысқылаймыз, бетімізді ықылаймыз, шаңғы тебеміз (тіземізді бүгіп,екі қолымызды бірге жоғары, төмен шаңғы тепкендей қимыл жасаймыз). Мұздан жасалған өткелден  өтеміз (2 рет қайталаймыз).

- Балалар экранға назар аударамыз

Бұлтты айдап желдеткен,

Нөсерлеткен, селдеткен,

Шалшық кешіп ойнайтын,

Бұл қай кез деп ойлайсың?

(Слайдтан көктем мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету)

Қазақ тілінде - көктем, орыс тілінде - весна. Көктем-весна қайталаймыз

Көктем мезгіліндегі туске енген ағаш келеді (Музыкамен) амандасады.

-Көктем мезгілінің айларын кім атап береді?

-Көктемде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?

Көктемде қандай мерекелер болады?

-Балалар, көктемде құстар жылы жақтан қайтадан оралады. Ендеше құстар қалай ұшып келеді екен көрсетейікші. Шеңбер бойымен құстарға ұқсап қолдарын екі жаққа сермеп жүреді. Көктемде күн жылынғандықтан өзен-көлдер еріп, аға бастайды. Ендеше, ағып жатқан өзеннен қос аяқпен секіріп өтейік (2-рет қайталайды).

Қойның толы жеміске,

Көк майсалы егісте,

Көбелек қуып ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсын? (Жаз)

(Слайдтан жаз мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету)

Қазақ тілінде - жаз, орыс тілінде - лето. Жаз-лето қайталаймыз.

Жаз мезгіліндегі туске енген ағаш келеді (Музыкамен) Амандасады

-Жазда табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Жаз айларын кім біледі?

-Жаз мезгілі кімге ұнайды?

-Жаз мезгілі туралы кім тақпақ біледі?

Тыныс алу жаттығуы "Көбелектерді ұшырайық"

Релаксация "Жаздағы хош-иісті гулдер"

Дидактикалық ойын «Өз ағашына сәйкес орналастыр»

Шарты:Тақтада тұрған ағаштарға үстелдің үстінде жатқан суреттерді жыл мезгіліне сәйкес орналастыр. Мысалы: Күз мезгіліне жемісті.

Балалар бүгін сендер бізді қоршаған табиғатта болатын ғажайып өзгерістерді көрдіндер.

Жылдың әр мезгілінде ағаштар әртүрлі түске енеді екен

-Онда қанекей айтыңдаршы:

-Күз мезгілінде ағаштар қандай түске енеді екен?

-Ал, қыс мезгілінде қандай түске енеді ағаштар?

-Ал, көктемде қандай өзгеріске ұшырайды, тусі қандай болады?

-Жаз мезгілінде қандай түске енеді?

-Жарайсындар балалар сіздер бүгін ағаштардың ғажайып өзгерісін ұғып алдыңдар, сұрақтарға жақсы, дұрыс жауап бердіңдер!

-Енді слайдтан осы ағаштардың әр жыл мезгіліндегі ғажайып өзгерістерін тамашалайық.

өзіңе және өзгелерге көмектес

$
0
0

Білім саласы; Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Мүсіндеу.Жапсыру. Сурет

Тақырыбы:Өзіңе  және өзгелерге көмектес.

Мақсаты, міндеттері: Балаларды « қамқорлыққа», «өзіне және өзгеге» деген қамқорлық ұғымдарымен таныстыру, балалардың санасына, өзіне, жақын туыстарына, достарына деген қамқорлық сезімін қалыптастыру және дамыту.
- Балаларды адамдарға, айналасындағыларға қамқор, кішіпейіл, мейірімді, қайырымды болуға үйрету;
- Достарына, жанұясына, туыстарына сүйіспеншіліктерін арттыру;
- Қамқор болуға тәрбиелеу;

Қажетті құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, түрлі – түсті қағаздар, желім, қайшы, ермексаз, ылғалды сүрткіш, түрлі-түсті қарандаш.
Мотивациялық - қозғаушы Балалармен сәлемдесу Балалар сәлемдеседі
Ұйымдастырушылық - ізденушілік 1. Шаттық шеңбері
Қайырлы күн балалар! Осындай мейірімді, ақылды, қамқоршыл, қайырымды балапандарды көргеніме қуаныштымын. Ал енді бүгінгі оқу қызметіне келіп отырған қонақтармен сәлемдесейік! Сәлемдесу адамгершіліктің, инабаттылықтың, ізеттіліктің нышаны, көтеріңкі көңіл күймен күлімсіреп сәлем берейік.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,

Сәлеметсіздер ме!

Міне, тамаша! Енді, қанекей бір - бірімізді қарсы алайық!
Біз қамқоршы баламыз,
Үлкендерге панамыз.
Аялаймыз, сүйеміз,
Әрқашанда үлкенге
Біз қамқоршы боламыз.
Ал, енді мен сендерді ыңғайлап отыруға шақырамын.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі

Күз мезгілінде неше ай бар?

  • Үш ай бар

Үш айды барлығымыз қайталап айтайық бірге.

Қырқүйек, Қазан, Қараша.

Педагог қолындағы қаламды түсіріп алады. Сол кезде бір бала көмекке келеді. Педагог балаға рахмет айтады. Үлкендерге және өзінен кіші немесе  достарына әрдайым көмек көрсету керек. Бүгінгі біздің оқу қызметімізде бір бірімізге көмек беру жайлы болмақ. Ендеше балалар слайдқа назар аударайық. 

Балалар қандай ертегі болды?

Шалқан ертегісі. Дұрыс айтасыңдар Шалқан ертегісі екен.

Балалар Ата ненің тұқымын екті?

Шалқанның тұқымы. Дұрыс. Бұл ертегіде кімдер бір біріне көмек көрсетті?

Атаға, Әже. Атасына, Әжесіне, Қызы. Атасына,Әжесіне,Қызға, Иті. Атасына, Әжесіне, Қызыға, Итіне,Мысық.Атасына, Әжесі; Қызға,Итіне, Мысығына, Тышқан.

Тышқан келіп көмеек көрсеткенде Шалқан алынып кетеді.
Балалар барлығы бірлесу арқылы, бір-біріне көмек көрсете отырып Шалқанды  орнынан қозғалта алды. Бізде әрқашан бір-бірімізге көмек беру арқылы достығымызды және бірлігімізді көрсетеміз.

Осы кезде Қоян көңілсіз кіріп келеді.

Салематсызба. Қоян сізге не болды көңіл күйіңіз жоққо.

Қоян. Менің азығым таусылып қалды, менің енді қатты қарным ашып тұр сондықтан көңіл күйім жоқ.

Балалар Қоянның сүйікті азығын білеміз бе?

Қоянның сүйікті азығы ол Сәбіз. Дұрыс айтасыңдар балалар.

Қоян: балалар маған сіздердің көмеектерін қажет маған көмек көрсетесіңдер ме?

Йа біз көмек береміз.

Олай болса Айзере тақпағынды айтамыз.

Өсіретін бойыңды

Дамытатын ойыңды

Қоянға да азықпын

Мен жазықсыз сәбізбін.

Ендеше балалар менің қолымда түрлі-түсті текшелер бар. Сол түрлі-түсті текшелерді өздеріңіз таңдап алыңыздар.

Таңдаған түстердегі текшелермен өз орнымызға отырамыз.

Мүсіндеу.Жапсыру. Сурет салу жұмыстары жүргізіледі.

Қоян жапсыруға балаларға көмек көрсетеді. Педагог сурет салу мен мүсіндеуді түсіндіреді.

Сергіту жаттығу.

Көзім қайда? қайда? қайда?

Көзім мында, мында, мында.

Мұрным қайда? қайда? қайда?

Мұрным мында, мында, мында.  

Басым қайда? қайда? қайда?

Басым мында, мында, мында.  

Қолым қайда? қайда? қайда?

Қолым мында, мында, мында.  

Аяғым қайда? қайда? қайда?

Аяғым мында, мында, мында.  

Жұмыстарын жалғастырады. Педагог барлығын қарап шығады. Жұмысты аяқтайды. Балаларды ортаға шақырып жұмыстарын қоянға тапсырады.

Қоянның көңілі көтеріледі. Балалар Қоян үйшігіне баруына көмек көрсетіп жолын табауып берейік.

Д/о: «Қоянға жол табуға көмеектес»

Балалар барлығы жолын тауып Қоянды шығарып салады.

Қоян балалар мен сіздерге өте ризамын менің енді кететін уақытым келді сіздерге көп-көп рахмет. Сау болыңдар.

Қоян қоштаып шығып кетеді.

Балалар жарайсыңдар.

Балалар оқу қызметімізде қандай ертегіні тыңдадық?

Шалқан ертегісін. Шалқан ертегісінде кімдерді кездестірдік? Олар бір біріне не жасады? Көмнек көрсетті бір-біріне.Жарайсыңдар. Қонаққа кімдер келді?

Қоян. Қоянның азығы не болды?

Сәбіз. Сәбіздің суретін салдық, мүсіндеп бердік және де жапсыру арқылыда көрсеттік. Өте жақсы балалар сендер бүгін сабаққа белсенді қатыстындар Сендерге өте ризамын. Оқу қызметі осымен аяқталды. Сау болыңдар.

Балалар шеңбер құрады.
Күтілетін нәтиже:
Білу: Адамгершілік, инабаттылық, ізеттілік, ибалық т. б. жайлы мәліметтерді білді.
Меңгеру: Осы қасиеттерді бойына сіңіріп, меңгерді.
Жасай алу: Бір - бірлеріне қамқорлық көрсете алады.

Жаңа жыл

$
0
0

Зал іші мерекеге сай безендірілген

1.Жүргізуші: Амансың ба халайық?
Жаңа жылды тойлайық
Ән салайық, билейік
Көңілімізді көтерейік
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар!  «Құлыншақ» және «Шұғыла» тобынының балаларының Жаңа жылға арналған ертеңгілігін бірге тойлайық!

2-жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де.

Ұлмерей: Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрле, төрле жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын!

Жасұлан: Жаңа жылда балалар,

Тек қуаныш көріңдер.

Ауырмаңдар ешқашан,

Мықты болу өзіңнен.

Раяна: Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Інжу:   Жаңа жыл, жаңа жыл,

Жаңа жылға жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Екі шеңбер болып, шыршаны айналып, көңілді әуенге билеу.

Хор:   «Елочка»

1.Жүргізуші: Ортада таңдандырып талайды,
Шыршамыз жасанып, жайнайды.
Құбылып, құлпырып айнала
Сиқырлы сәулелер тарайды.
Балалар, қараңдаршы қандай әдемі шырша. Біз шыршамызға тақпақ, ән айтып берейікші.
Мұстафа: Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Келіңдер, келіңдер

Тақпақ айтып беріңдер
Жомарт Аяз атадан
Сыйлық алып көріңдер

Аягөз: Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған.
Міне сұлу шыршаның
Көптен күтіп сағынған

Әділжан:  Суреттерді әр үйге 
Әйнектерге әрине
Түнде салып береді
Көзі қалай көреді? 
Ақтілек:  Дала нұр, қала нұр,
Құтты болсын жаңа жыл!
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

2.Жүргізуші: Балалар, естідіңдер ме, біреу келе жатыр.

Көңілді әуенмен.Сиқыршы келеді.

1.Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Сиқыршы! Біз саған өте қуаныштымыз, төрлет. Біздің қонағымыз бол!

Сиқыршы: Балалар қараңдаршы, қандай әдемі шырша, қаншама ойыншықтар. Ал неге, шыршада шамдар сөніп тұр? Балалар шыршамен ойнайықшы, өз шамдарын жақсын, сөндірсін.

Ойын: «Шырша» (Балалар шапалақтайды) шамдар жанады. Ал енді, шамдарды сөндірейік, қатты, қатты үрлейміз. (Балалар үрлейді, шамдар сөнеді) ойын 2-3 рет ойналады.
Сиқыршы: Қандай сиқыршымыз бәріміз. Бірақ шыршада шамдар жанып тұрсын, сонда ғана шырша әдемі.

Қоян мен қасқыр келеді. Қап, бәлем музыкасымен.Қоянның қолында құмыра болады.Аяз атаның киімін киеді,.ал, қасқыр ақшақар киімін киеді.

2.Жүргізуші: Балалар, бұл кейіпкерлер қай мульфильмнен? Естерімізге түсірейікші.
Қоян: Салеметсіздерме балалар!.Жаңа жылдарың құтты болсын!.Жаңа сендердің балалабақшаларыңа келе жатқан да мына құмыраны тауып алдым.(Екеуі таласады).

Құмыраны жерге түсіріп алады.

Ішінен мыстан кемпір шығады.
Мыстан:
Мен шықтымау ақыры, мына қараңғы жерден. Мені сиқыршы сиқырлап тастап еді.

Мына шыршаның әдемісін ай.Үйіме алып кетсем бе екен.

Сиқыршы:Мыстан, енді сені қазір тағы да сиқырлап тастаймын.Балалардың мерекесіне кедергі келтірме.Одан да біз бен бірге жаңа жылды қарсы, ал, балалардың өнерін тамашала.

Мыстан:Менің бір шартым бар, мен сендерге жұмбақ айтамын жауабын тапсаңдар мен де қаламын, ал егер таба алмасаңдар шырша менікі.                                                                                                             

  1. Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады. (қар)
  2. Тісі жоқ тістеп алады, қолы жоқ сурет салады.( аяз)

Жұмбақ шешіледі.Мыстан кемпір қалады.

1 жүргізуші:Балалар, біздің мерекемізге Аяз ата мен Ақшақар неге кешігіп жатыр?.

Сиқыршы: .Мүмкін, адасып кеткен шығар.Біз Аяз атаны іздеп келейік.

Қоян,  қасқыр, Сиқыршы кетеді.

2 жүргізуші.Мыстан әже, сізбен бірге, балалар ойын ойнағысы келіп отыр.Қалай қарайсыз!.

Ойын: «Байпақ». 2ойыншы 2 сыңарды бөліп алады, біреуі оң, екіншісі сол аяғынікін киеді, әуенмен билеп шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет (балалар, ата аналармен).

Мыстан: Неткен күшті, ақылды балалар, сендер шаршамадыңдар ма?, мен  шаршадым, мен енді қайтайын, жақсы тілегін айтып кетеді.

1-жүргізуші:
Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуаныш көп болсын жаңа жылда.

2-жүргізуші:
Тобымыздың бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық.
Бишілерге кезек береміз.

Би:  «Ай мен жұлдыздар

1 Жүргізуші:Балалар, Аяз атаны шақырайықшы мүмкін естіп қалар.

Балалар: Аяз ата-3 рет

Аяз Ата мен Ақшақар келеді: Сәлеметсіздер ме балалар! Сәлеметсіздер ме қонақтар! (Балалар амандасады).Орманда адасып жүр едік.Мына жұлдыздар мен айдың жарығының көмегімен сендер жіберген қоян мен қасқырдың арқасында сендерге де жеттік ау.
Естіп жатырмын, естіп жатырмын,
Келе жатырмын, келе жатырмын
Жаңа жылдарыңмен,
Жаңа жылдарыңмен!
Балаларым, балғыным,
Өмір гүлім, шағыным.
Тілегенім жыл бойы,
Сендердің денсаулығың.
Амансың ба, ұлдарым,
Аппақ ару қыздарым?
Мен сендерге әкелген,
Құтты болсын жылдарың!

Ақшақар:Амансыздар ма,балалар, ұстаздар, ата-аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын.Ит  жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін.Тарихи жыл болсын.

Хор: «Аяз ата»
Арша: Тілеймін мен бар әлемге,

Дос көп болсын жаңа жыл,

Ата-әже, әке-ана

Құтты болсын жаңа жыл.

Қонысбек: Оралдың өлкеме

Жаңа жыл армысың

Оранды ақ көрпеге

Асқартау қарлы шың

Надежда: Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып,

Жолын қойдық жарық қып

Шыршаларға шам іліп.

Маңдайлы: Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Той маскарад басталды

Аяз оны басқарды.

Ән: «Шыршаға бардық»  Арша, Жансель

2.Жүргізуші: Төрлетіңдер, төрлетіңдер.
Шырша сәнін көріңдер.
Әсем әнмен би билеп,
Күй жырларды төгіңдер.

Би: «Аққала»

1-жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де- деп балалардың тақпақтарына кезек берейік.

Әмина: Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап,

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарап жылыстап.

Нұрсая: Жайна шырша жарқылдап
Бейнесіндей сәбидің
Түрлене түс жасыл бақ
Қыс пен жазға бірдейсің.

Санжар: Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны.

Данияр: Келді, келді жаңа жыл,
Қуанып қарсы ала біл.
Аяз ата сыйлығын,
Алайық айтып жаңа жыр.

Ақшақар: Қандай керемет, өнерлі балалар екенсіңдер!Енді балалар ата-аналарымызбен ойын ойнап серігіп алайық.

Ойын:   «Қырықаяқ»      

Ойын шарты:5 бала 5 анасы шығады.  2 топқа бөлініп ойнайды

Аяз ата: Балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын тауық жылымыз қайда? Сиқыршы сиқырлап тастамадыма екен! Балалар, тауық қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме!

2-жүргізуші:Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.

1-жүргізуші: Уа, халайық құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр

Жаңа жылды қарсы алып,

 Өткізейік дүрмекті

Уа, халайық той бүгін

 Бақыт, шаттық мол бүгін

Қарсы алайық  Ит жылын

Ұзатып сап Тауықты

Жаңа жыл жарылқасын ескі жыл есіркесін –деп , өткен жыл мен. Келер жылымызды  қошеметпен қарсы алайық!

Музыка ырғағымен (Жаңа жыл «Ит» , «Тауық» кіреді)

Тауық: Бір жыл бойы сендермен

Бірге жүрдім ойнадым

Енді міне балалар

Кезек келді қоштасар.      

Қуанышты ортамыз сазға ұласқан

 Тілегім болсын мәңгі ашық аспан

2018 жылы қадам басқан

Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан!.

2-жүргізуші: Шынымен балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз.                                                                      

 Құрметті достар!  Бізге жақсылықтарымен толы болған Тауық жылын шығарып салайық.  (тауық кетеді).                                                                                                                                                                      

Ит: Жаңа жыл – туындаған жаңа армандар,
Жаңа жыл – шуылдаған жаңа ормандар.
Ал мынау – мәңгі бақи жаңа дүние,
О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар.

Мен Жаңа жылмын

Мен жаңа нұрмын

Нұрымды да себейін

Жырымды да себейін
- Мен сендерге «Бақыт» сыйлаймын ( жылы сөздер жазылған жүрекшелер шашылады),

1-жүргізуші:
Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым.
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың -ендігі кезекті, балалардың тақпақтарына берейік.
Томирис: Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген.

Қандай әсем шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

Айнара: Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Дарын: Жаңа жыл келгенде

Қуанып қарсы аламыз

Аяз ата келгенде

Билейміз ән саламыз.

Бағдат:Ақ қар жапты даланы

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарын

Шырша келді ортаға

Жансель:Аяз келді,  қаһарлы

Айналаны қар жапты

Ақ тон киіп орман тұр

Дәл атамдай салмақты

Мейіржан: Жапалақтап ақшақар

Жауды күнде қайталап

Қырға шықты балалар

Шаңғыларын арқалап.

Інжу Н:Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

2-жүргізуші:
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін мәртебесін биікке асыр.

Хор: «Жаңа жыл»

Сыйлықтар таратылады
Аяз ата
: Ой, бәрекелді, балаларым. Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар.Мен сендерге сыйлықтар әкелдім!  (таратып береді).  Көп-көп рахмет, өркендерің өссін. Енді Ақшақар екеуміз, аттанайық. Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңдар!.
Ақшақар : Сау болыңдар, балалар, келесі жаңа жылда кездескенше.
Барлығы: Сау болыңыз, Аяз ата, сау болыңыз, Ақшақар.

1-жүргізуші: Міне, құрметті қонақтар. балалар! «Құтты болсын, Жаңа жыл!» атты, ертеңгілігіміз аяқталып қалды.  Осындай, керемет мерекеге атсалысқандарыңызға рахмет айтамыз. Жаңа 2018 жылымыз құтты болсын! Отбасыларыңызға тек бақыт, қуаныш нұры жаусын!.

2-жүргізуші: Жаңа жыл - әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамызға берекелі, мерекелі жыл болсын.
Келесі жаңа жылда кездескенше, аман-сау болайық!.
Бірге: Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты!

Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты!  Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Табиғаттағы маусымдық құбылыстар

$
0
0

Біздің табиғаттағы достарымыз                                                                                                             Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. Экология негіздері.                                                Тақырыбы: Табиғаттағы маусымдық құбылыстар.                                                                                        Мақсаты: Әр жыл мезгіліне тән табиғат құбылыстарының ерекшеліктерімен таныстыру. Табиғат құбылыстарының адамның физикалық және эмоциялық күйіне әсері туралы білімдерін дамыту. Табиғат құбылыстарының сырын білуге деген қызығушылықтарын арттыру.                                                                                                                                                                                 Әдіс-тәсілі: ой қозғау, әңгімелеу, сұрақ-жауап.                                                               Көрнекіліктер: табиғат құбылысын бейнелейтін суреттер, жыл мезгілінің  суреті, Уақыт періштесінің киімі, Күннің бейнесі ,жаңбыр, найзағай, боранның дауысы жазылған аудиожазбалар.                                                                                                                                                   Билингвальді компонент : сұр бұлт-серая туча, боран-метель, дауыл-ураған, буря, бұршақ-град.                                                                                                                                              Мотивациялық қозғаушы –Сәлем сөздің анасы, адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы. Ал балалар, алдымен бір-бірімізбен сәлемдесіп, жақсы лебіздерімізді білдірейікші.                                                                                                         «Қайырлы күн!»                                                                                                                           «Әрқашан күн сөнбесін»                                                                                                                       «Деніміз сау болсын»                                                                                                                                   «Бәріміз дос болайық»                                                                                                                                «Тату болайық»                                                                                                                                             Шаттық шеңбері                                                                                                                               Табиғат- біздің анамыз,                                                                                                                                Табиғатқа баламыз.                                                                                                                     Табиғатты қорғайтын,                                                                                                                                                      Біз әдепті баламыз.                                                                                                                                                  Іздену-ұйымдастыруы                                                                                                                       Уақыт періштесі келеді                                                                                                                                   -Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен Уақыт атты періштемін. Менің сиқырлы таяқшам бар. Оның көмегімен барлық жыл мезгілдеріне саяхат жасауға болады.                                                                                                                                                     Балалар оның сиқырлы таяқшасын тамашалайды.                                                                    Тәрбиеші:                                                                                                                                                    -Балалар қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?                                                                                        -Күз, қыс, көктем, жаз.                                                                                                                                         -Ал сендерге қандай жыл мезгілі ұнайды? Неліктен?                                                                   Балалар қандай жыл мезгілі ұнайтынын, неліктен ұнайтынын айтады.                                   Жұмбақтар:                                                                                                                                              Төгіліп жерге ақ моншақ,                                                                                                                    Ғайып болды сол шақта-ақ.    Бұршақ                                                                                           Әуеден күбі түсті,                                                                                                                                    Күбінің түбі түсті.      Найзағай                                                                                                                               Ақ сандығым ашылды,                                                                                                                                       Ішінен жібек шашылды.   Күн                                                                                                                  Қанаты жоқ ұшады,                                                                                                                                                 Аяғы жоқ желеді ,                                                                                                                                  Ауызы жоқ ұлиды.    Жел                                                                                                                         Сөздік жұмыс:  сұр бұлт, боран, дауыл, бұршақ,туман.                                                                                                                                                                                           - Балалар жыл мезгілі бір-бірінен қалай ерекшеленеді?                                                                                               Жыл мезгілінде ауа-райы әртүрлі болады.                                                                                    Уақыт періштесі:                                                                                                                                          -Сендер менімен бірге саяхатқа барғыларың келе ме? Әр жыл мезгілінде қандай құбылыстар болатынын байқап көрейік. Бізге менің сиқырлы таяқшам көмектеседі.                              1-2-3 бізді күзге алып ұш!                                                                                                                                   Балалар орнынан тұрып айналып, отырады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   Тақтаға күз мезгілі бейнеленген сурет ілінеді.                                                                                                    –Балалар, суретке қарап ауа-райын сипаттап беріңдерші.                                                         Аспанды сұр бұлт басқан. Күн бұлттың артына жасырынған.                                                             -Аспанда сұр бұлт пайда болған соң, артынан не болады?                                                       Жаңбыр жауады. Балалар жылы киінген. т. б.                                                                       Жаңбырдың дауысы жазылған  аудиожазбаны тыңдайды.                                                                                             –Міне, сендер айтқандай-ақ жаңбыр тамшылай бастады. Жаңбыр қалай тамшылайтынын көрсетіңдерші!. Саусақ жаттығуын жасайды.                                                                                                     Бұлт қабағын түйіп ап,                                                                                                                                   Бүркеп алды аспанды, тырс, тырс, тырсылдап,                                                                                     Жаңбыр жауа бастады.                                                                                                                            Балалар саусақтарымен партаны ақырын тырсылдата бастайды, жаңбыр күшейген сайын, олар да, саусақтарын жылдамдата түседі.                                                                                                  -Жаңбыр қай мезгілдерде жауады?                                                                                              Жаңбыр күзде, көктемде, жазда жауады.                                                                                                   -Жаздағы жаңбыр мен күзгі жаңбырдың айырмашылығы қандай?                                   Жаздағы жаңбыр жылы, ал күзгі жаңбыр суық болады.                                                                       -Күзде тағы қандай құбылыстарды байқадыңдар?                                                                                                    -Жел соғады.                                                                                                                                                  Жәй соққан желдің дауысын аудиожазбасын тыңдайды .                                                         -Балалар жел жәй соғып тұр. Өсімдіктер қалай тербелейтінін көрсетіңдерші! Балалар жәймен тербеле бастайды. Желдің дауысы күшейе бастайды. Балалар тербелістерін жылдамдата бастайды.                                                                                                                                                            –Балалар, күн суытып, желдің дауысы күшейіп келе жатыр. Бұл қай мезгілдің жақындап келе Қыс мезгілінің жатқанын білдіреді?                                                                                                          жақындағанын білдіреді .                                                                                                                                     Уақыт періштесі сиқырлы таяғын көтеріп,                                                                                               -Олай болса, балалар, қыс мезгілін қарсы алуға аттанайық!                                                       Тақтаға қыс мезгілінің суреті ілінеді.                                                                                                                     -Балалар қыста қандай құбылыстар болады?                                                                                        Қар жауады, қатты боран соғады, аяз болады, мұз қатады.                                                                –Ал, қардың қандай пайдасы бар екенін білесіңдер ме?                                                                 Қар мол жауса, көктемде еріп, топыраққа сіңеді. Ылғал көп болса, өсімдік жақсы өседі.                                                                                                                                                           -Балалар мына жерде ұлпа қарлар жатыр,( мақтадан жасалған жасанды қар)                                                                                     Балалар ұлпа қарларды алақандарына салып, тыныс алу жаттығуын жасайды, қолдарын уқалап, үрлеп жылытады.                                                                                                                                          -Біз суықтан қорықпаймыз. Жақсы шыныққанбыз.                                                                                                                                                                                                                                   -Қазір жылдың қай мезгілі?                                                                                                                              -Қардың түсі қандай?                                                                                                                                  -Бүгінгі ауа-райы қандай?  т. б.                                                                                                              Сергіту сәті:      Ойын :  «Ауа-райы».                                                                                                          Балалар шеңберге тұрады, бір біріне арқасымен, қолымен жасайды, көрсетеді.                                                                                                                                                        -Қызылорда –күн шығып тұр, жылы ауа-райы күтілуде.                                                                              -Ақтау- қар аралас жаңбыр жауады.                                                                                                       -Актөбе-бұршақ жауады.                                                                                                                                            -Карағанда- қатты аяз , боран болады.                                                                                                              -Алматы-қалың қар жауады.                                                                                                                           - Астана-қатты аяз, туман болады.                                                                                                                              -Бейнеу-қар жауады.                                                                                                                                            –Жарайсыңдар, балалар ,қыста аяз үрлеген кезде не болады?                                                                                   Аяз үрлегенде ақ түтек боран болады.                                                                                                            -Ал туман дегеніміз не білесіңдер ме?                                                                                           Туман кезінде ештеңе көрінбейді.                                                                                                              -Қыс қанша ашуланса да, мықты болса да, оның ашуын жұмсартатын қай мезгіл?                                                                                                                                                  Көктем мезгілі.                                                                                                                                       Уақыт періштесі:                                                                                                                                                –Онда дайындалыңдар! 1-2-3, бізді көктемге алып ұш!                                                                          Көктем мезгілінің суреті ілінеді.                                                                                                                 –Балалар, бізді жарқыраған күн қарсы алды. Ал, сендер өздеріңді күнбағыстың дәнімін деп, ойлаңдар.                                                                                                                                                            Балалар жүрелей отырады.                                                                                                                        -Күн сәулесі, жерді жылытып, дәннен кішкентай көшет өсіп шықты. Жылы жаңбыр жауып, суға қанған көшет, күнге қарай ұмтылды, бойы өсіп, гүлге айналды.                                                                                                                                                                           (Жаңбыр жауғанын бейнелейді. Ақырын орындарынан көтеріле бастайды. Қолдарын жоғары, күнге қарай созады).                                                                                                       Көктемдегі жаңбырдың дауысын аудиожазбадан тыңдайды. Бір кезде күннің күркірегені естіліп, найзағай шатырлайды.                                                                                                                                   –Балалар, ненің дауысын естіп тұрсыңдар?                                                                                                   Күн күркіреп, найзағай шатыр-шұтыр етті.                                                                                 Релаксация:                                                                                                                                                                            -Ал енді, бір сәт тыныштық сәтін ұйымдастырайық.  (Үнтаспадан жайлап саз әуені ойнайды, таудан судың сыңғырлап аққан, құстардың сайраған дыбыстары естіледі).                                                                                                                                  -Бәріміз ыңғайланып отырып, көзімізді жұмамыз. Өзіміздің әсем табиғат аясында, таулы аймақта серуендеп жүргенімізді көз алдымызға елестетеміз. Күн шайдай ашық, жағымды, жылы. Құстардың әртүрлі дыбыстар шығарып сайрағаны, қандай тамаша!. Таудың етегінде әдемі, қып-қызыл қызғалдақтар жайқалып өсіп тұр, неше түрлі гүлдердің иістері аңқып тұр. Терең демалып, гүлдердің аңқыған иісін иіскейміз.    Неткен керемет!.                                   Тек қана табиғаттың тылсым тіршілігін бақылап, тынығып, демалғанға не жетсін?!.                                        Біраз тынығып алдық, енді жайлап көзімізді ашамыз.                                                                                                 Уақыт періштесі:                                                                                                                                             -Балалар, жаз мезгіліне саяхаттайтын уақыт та, келіп қалған сияқты. 1-2-3 бізді жазға алып ұш!.                                                                                                                                                                                 Жаз көрінісінің суреті ілінеді.                                                                                                                       -Жазда қандай табиғат құбылыстарын байқадыңдар?                                                                  Жазда күн ысиды. Жел көп болмайды. Жаңбыр қатты жауады. Күн күркірейді, найзағай жарқылдайды.                                                                                                                                                                     -Қатты жауатын жаңбырды нөсер жаңбыр деп атайды. Ал нөсер жаңбырдың арты бұршаққа айналғанын көрдіңдер ме?!.                                                                                Дидактикалық ойын:  «Жыл мезгілдері».                                                                                                             Жеке жұмыс жүргізіледі. Балалар суретті бояйды, тапсырманы орындайды.                                        Көрме ұйымдастыру.                                                                                                                                   Тақпақтар:                                                                                                                                                  Күз     Жансерік                                                                                                                                            Қарашы күз келді күз келді                                                                                                                       Жапырақ жауыпты іздерді                                                                                                                        Құс біткен керуен тізеді                                                                                                                          Қара бұлт қабағын түйеді                                                                                                                       Қыс      Ұлболсын                                                                                                                                                      Далада қар борайды                                                                                                                                            Ақ мамыққа орайды                                                                                                                                      Мұз болады қатады                                                                                                                                 Жып жылтыр боп жатады                                                                                                              Көктем     Жанель                                                                                                                                                Жасыл көктем келеді                                                                                                                                  Самал беттен өбеді                                                                                                                             Көкте бұлттар көбейсе                                                                                                                          Мөлдір тамшы төгеді                                                                                                                             Жаз        Ақарыс                                                                                                                                                              Жазды ыстық сүйемін                                                                                                                    Сайраңдап жүремін                                                                                                                            Суына шомылып                                                                                                                                  Күніне күйемін                                                                                                                                                                                                                                                                                  -Сонымен, балалар, қандай табиғат құбылыстарымен таныстыңдар?                                                 Жаңбыр, қар, жел, боран, нөсер жаңбыр, найзағай, туман.                                                                              -Осы табиғат құбылыстарының ішінде қажетсізі бар ма?                                                            Балалардың жауаптары тыңдалады, оның қажеттігі дәлелденеді.                                                            –Балалар, бізді саяхатқа шақырған, Уақыт періштемен қоштасып, шығарып салайық!.                                                                                                                                                                Балалар Уақыт періштемен қоштасады.                                                                                                                      Қоштасу шеңбері                                                                                                                                        Біз балауса баламыз,                                                                                                                              Жетіліп ой-санамыз.                                                                                                                            Қоштаспаймыз сіздермен,                                                                                                              Жүздесеміз ертең біз,                                                                                                                            Сонда да біз айтамыз,                                                                                                                                 Сау болыңыз!.                                                                                                                                                                                                                                                                                                         Баланың білуі: Жыл мезгіліне тән табиғат құбылыстары бейнеленген суретпен жұмыс істейді.                                                                                                                                                            Баланың меңгеруі: Табиғат құбылыстарының атауын, әр мезгілге қандай құбылыстардың тән екенін.                                                                                                                                                             Баланың жасай алуы: Жыл мезгілдерінің атауын, оған тән ерекшеліктерді, берілген тапсырманы жасай алады.   

Байқоңыр –ғарыш айлағы

$
0
0

                                  Байқоңыр –ғарыш айлағы

Білім беру саласы: Қатынас .  Шығармашылық .                                                                                                                                                                 Тақырыбы   Байқоңыр –ғарыш айлағы                                                                                                                       Мақсаты: Ғарыш әлемі жайлы түсінік беру.  Ғарыш айлағы-Байқоңыр туралы білім беру.  Ғарыш әлеміне деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.                         Сөздік жұмысы: Айлақ, ғарыш,  скафандр.                                                                                                            Көрнекілігі: Байқоңырдың, ғарышкерлердің, зымыранның, аспан әлемінің суреттері ,слайд.                                                                                                                                   –Балалар, біздің тұратын жеріміз-Жер планетасы, жер ғалам шары деп аталады. Төбемізде әдемі аспан әлемі бар. Бұл-аспан әлемі –ғарыш .Біз өзіміздің Жер планетасында тату-тәтті өмір сүреміз. Қане бәріміз Жермен, Күнмен, достарымызбен амандасайықшы.                                                   Шаттық шеңбері                                                                                                                    Амансың ба, алтын Күн ,                                                                                                      Амансың ба, Жер ана,                                                                                                          Амансың ба, достарым,                                                                                                       Сендерді көрсем қуанам !                                                                                                                 -Балалар, сендер көліктердің қандай түрлерін білесіңдер?                                                                          -Жер көлігі: машиналар, велосипед, мотоцикл ,су көлігі: кеме, қайық, әуе көлігі: ұшақ, тікұшақ, зымыран.                                                                                                                  -Дұрыс айтасыңдар ,балалар, ерте заманнан адамдар, әуеде құс сияқты ұшуды армандаған, сондықтан аспанға көтерілудің түрлі жолдарын ойластырған. Ең алдымен, әуе шарлары пайда болған. Келе-келе ұшақ, тікұшақ пайда болды .Ұшақтар адам тасымалдауға арналған. Ал тікұшақтармен ауыр жүктерді тасиды.                                                                                     –Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын .Дұрыс шешуге тырысайық.                                                                            Әдемі түнде мен жүрсем, жүреді бірге.    Ай                                                                        Күндіз бәрі қашады, түнде аспанды басады.   Жұлдыз                                                                    Аспанда бір алып құс,                                                                                                                          Ызғып ұшып барады.                                                                                                                  Қарап тұрсаң ғажайып,                                                                                                Соңында із қалады.        Зымыран                                                                                                   -Аспанда нелер болады ,балалар?                                                                                                     -Күн, ай, бұлттар болады.

-Дұрыс айтасыңдар ,ал зымыран бізге не үшін қажет? Зымыранмен кімдер ұшады? Зымырандар ұшатын орынды не деп атаймыз ?                                   Балалардың жауаптары тыңдалады .                                                                                         -Зымыранмен ғарышкерлер ұшады. Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді .Біз бүгін ғарышкер ағалармен аспан әлемімен танысамыз. Зымырандар ұшатын орынды ғарыш айлағы деп атайды. Біздің Қазақстанда ғарыш айлағы Байқоңыр деген жерде орналасқан. Ол Қызылорда облысында орналасқан .Ең алғаш 1961жылы 12сәуірде ғарышқа ұшқан Ресей азаматы Ю .А .Гагарин  болды .                                                                                 –Ал Қазақстаннан ең алғаш ғарышқа ұшқан кімдерді білесіңдер?  Қазақстаннан алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкерлер-Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев .Олар ғарышқа ұшып зерттеу жұмыстарын жүргізді. Олар біздің еліміздің мақтаныштары, ержүрек, батыр, халық қаҺармандары .                                                                                                                               –Балалар, ғарышкерлер қандай болуы керек?                                                                        -Күшті ,білімді, ақылды, әдемі ,тәртіпті , ержүрек, батыр т. б  болуы керек.                                                                                                                                                            - Ғарышқа ұшқыларың келе ме? Ғарышқа ұшуға дайынсыңдар ма? Қане мен сендердің күштеріңді тексеріп көрейін.                                                                                                –Балалар бір орында оңға-солға айналады, қолдарын жаяды, күштерін көрсетеді .Ғарышта ауа жоқ, қатты суық, өте ыстық болады .Сондықтан осылардан сақтану үшін, ғарышкерлер скафандр деп аталатын арнайы киім киеді .Скафандрдың арқасында ауа толтырылған баллоны, жермен және өзара байланысқа арналған байланыс құралдары болады .      Бейнефильм тамашалау.                                                                                                                               Скафандр киеміз, Ғарышкерлердің орындығына отырамыз. Сақтандыру ременін тағамыз, сол қолымызбен бастау, старт ,тетігін басамыз, 3-2-1- (манитордан көрсету)  ұштық, дем алу -дем шығару ш-ш-ш деп айту, арқаны тік ұстап.                                                                                                              Жұмбақ:  Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады.    Күн                                    -Ғарышқа келдік, аспан әлеміне, ременді шешіп, шеңбер бойымен секіріп жүру, аяқтың ұшына сәл көтеріліп жүру, айналаға қараймыз, нелерді көріп тұрсыңдар?                                                                                                                                               –Күнді, айды, жұлдызды ,шарды, тастарды, құмды,  роботтарды т.б Роботтар сияқты қимылдар жасайық, бір қадам алға- бір қадам артқа, оңға-солға бір қадам,  отыру-секіріп тұру, роботтар сынды еңкею, қолды бос төмен түсіру.                                                                                                                                    –Мен сынған роботтарды жөндеймін  ,қолмен балалардың ішіне тигізу. Міне жөнделді .(Қимылдарды қайталау) Қайта секіріп, жүріп ,отыру ремен тағу, сол қолмен тетікті басу, шық-шық -1-2-3 жерге ораламыз.     (радиодан әсем ән  тыңдап баруға болады,  Т Төреғали «Байқоңыр» әнін).                                                                                                                           Жұмбақ

Бір зат бар, дүниеде құшағы кең ,                                                                                        Ұшқан құс, жүгірген аң, бәріне тең.                                                                               Адамзат ,жан-жануар арасында,                                                                                   Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген.       Жер                                                                                            -Міне келдік, ременді босатып, шығып, киімді шешеміз ,жүру, балалар қараңдаршы, біздерді достарымыз күтіп алуда, қане оларға қол бұлғайықшы, саусақтарымызды созайық, қолды қыздырайық, орындарымызға отырып, ғарышта не көргендеріңді ермексаздың көмегімен ,мүсіндейік.                                                                                                                                   –Ендеше ойланып, қиялдарыңдағы аспан әлемін, қағаз бетіне түсіріп көрейік, (жағымды әуен ойналып тұрады)                                                                                                                                 Сергіту сәті                                                                                                                              Аспан, аспан арайлым,                                                                                                                   Саған жиі қараймын .                                                                                                                      Сені көзбен шоламын,                                                                                                                     Мен ғарышкер боламын .                                                                                                             Дид .ойын :   «Дұрыс орналастыр»                                                                                              Ойын шарты: Тақтаға зымырандарды орналастырып, біруі ,екеуі төмен қарай ұшып бара жатқандай орналастырылады.                                                    Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.                                                                -Қараңдаршы балалар, ғарыш әлемі , аспаны бір-біріне еш ұқсамайтын ғажайыптарға толы екен.                                                                                                                -Аспан денелеріне нелер жатады?                                                                                                   -Скафандр деген не?                                                                                                               -Ғарышқа қандай көлікпен ұшады?                                                                                                  -Міне балалар, сендер білімді, ақылды екендеріңді көрсетіп,  нағыз ғарышкерлер сияқты, сұрақтарға жақсы жауап беріп ,жұмбақ  шешіп  аспан денелерін мүсіндеп білдіңдер. Жарайсыңдар.                                                        Күтілетін нәтиже:

 

 

 

 

 

«Ана мен бала» ток-шоуы

$
0
0

                          «Ана мен бала» ток-шоуы

Мақсаты: Қазіргі заман ата-анасымен бала арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін ашу. Жаңа заман балаларын тәрбиелеуде ата-ананың мәдени деңгейін көтеруге ықпал ету.

Міндеті: Жаңа заман балаларына психологиялық мінездеме беріп олардың әуестенетін қызығатын әлемі мен таныстыру жаһандану заманында ата-анамен  балалардың қарым-қатынасындағы мәселелерді анықтап, оның шешу жолдарын табу.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар,тәрбиеші ұстаздар, балалар! Бүгінгі ана мен бала ток шоуына қош келдіңіздер.Сіздерді жаңа оқу жылымен құттықтаймын! Аспанымыз ашық болсын, дендеріміз сау болсын,отбасыларыңа амандық тілейміз. Құрметті ата-аналар қазір жаһандану, жаңару заманы. Өмірде адамдар да білім алу білім беру бәрі өзгеріп жаңаруда. Қазіргі жаңа заман балаларын жақсы білеміз бе? Олар қандай?

Ата-ананың ең бастапқы жіберетін қателігі ол алдымен өзін тәрбиелемей тұрып баланы тәрбиелеуінде(Л.Толстой).

Бүгінгі ток шоуымызға қатысып отырған аналарымызды таныстырып өтейін: 1. «Шұғыла»тобындағы Даниярдың анасы Асабаева Айзада.

  1. «Шұғыла» тобындағы Ақсындардың анасы Бақытжанова Ляззат.
  2. «Құлыншақ» тобындағы Надежданың анасы Уразова Жанар.
  3. «Құлыншақ» тобындағы Әминаның анасы Тілеужанова Гүлмира.
  4. «Құлыншақ»тобындағы Мейіржанның анасы Әбуова Аружан.
  5. «Құлыншақ» тобындағы Жансэльдің анасы Мусағалиева Ақгүл.
  6. «Құлыншақ» тобындағы Аиданың анасы Дабылова Анар.

Тәрбиешілер:

  1. Төлегенова Роза

2.Алиева Салима

3.психолог Қараева Самал

Жүргізуші: «Бала бақшаға барғым келеді...», «Өнерлі бала ата-ананың бақыты» деген   тақырыпта психолог маманының ата-аналарға бірнеше сұрақтарын қояды.

Тренинг өткізеді.

Жоғарғы санатты тәрбиеші Төлегенова Роза Жолберқызы сөз сөйледі.

Балалардың өнері тамашаланды.

Ортаңғы топ балаларының орындауында «Ата-ананы тыңдаймыз» әні,

«Қазақ биі».

Аналардың тілектері тыңдалды.

Жүргізуші: Құрметті аналар бүгінгі «Ана мен бала» ток шоуына келіп қатысқандарыңызға көптен көп рахмет! Баршаңызды келе жатқан ұстаздар күнімен құттықтаймыз!Жұмыстарыңда табыс тілейміз. Осымен бүгінгі ток шоуымыз  аяқталды. Сау болыңыздар!

 

 

 «Бейнеу ауданының әкімдігінің «Бейнеу» санаторлық бөбекжайы»КММ

  Дайындаған: Жумадурдыева Р.

              Қыркүйек  2017жыл

 


Мен-өзімді сүйемін.

$
0
0

Білім беру саласы: Қатынас.Таным.

Бөлімдері :Сөйлеуді дамыту.Жаратылыстану.

Тақырыбы: Мен-өзімді сүйемін.

Бағдарламаның мазмұны Балалардың бойына құнды қасиеттерді  (сыпайлылық,әдептілік,кішіпейілділік т.б ) сіңіру.Өз ана тілінде қарым-қатынас жасай білуге үйрету,қатынастық құзыреттілігін арттыру.Сұрақтарға толық сөйлеммен жауап беріп,өз ойын жеткізе білуге даөдыландыру,тіл мәдениетін жетілдіру,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Өз отбасы мен айналадағы қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Өзара қамқорлыққа,сүйіспеншілікке,адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: үнтаспа,интерактивті тақта,ойынға қажетті суреттер және күннің бейнесі.

Полингвалды сыңар: күн-солнце-sun

Сөздік жұмыс: қоңырым,боташым,лағым,құлыным.

Алдын ала жасалған жұмыстар: Серуенде қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктері туралы әңгіме жүргізіледі.

Ұйымдастыру кезеңі:

                              Шаттық шеңбер

Күлімдеп күн бүгін

Қарады маған да,

Күлімдеп күн бүгін

Қарады саған да,

Шуағын төгіп тұр

Сәлем,Күн-ана!

Интерактивті тақтадан жарқыраған күн қарсы алады.

Балалар күнмен сәлемдеседі.

Күн: Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын.

Сұрақ-жауап арқылы балалардың күн жайлы білімдерін бекіту.

-Балалар сендер күнді жақсы көресіңдер ме ?( ия жақсы көремі )

-Күн қандай?(көңілді,дөңгелек,үлкен )

-Күн бізге не береді?(жылу береді,жарық береді,нұрын төгеді )

-Балалар қараңдаршы,күн қандай көңілді.Бізде күн сияқты күлімдейікші?( балалар күн сияқты күлімдейді )                                                                                                                                                         Балалар күннен сұрайықшы:Күн сен өзіңді сүйесің бе?                                                                                             Күн: Мен өзімді сүйемін.Өйткені мен үлкенмін,жарықпын,жылы және өте ыстық боламын.Мен балалардың үлкен болып өсуіне,балабақшамның гүлденуіне ,ауа-райының жылы болуына өз үлесімді қосамын.Сол үшін мен өзімді сүйемін.

Тәрбиеші: Менде күнді жақсы көремін,әдепті де тіл алғыш балаларды-сендерді жақсы көремін . 

-Ал сендер кімді жақсы көресіңдер?( Анамды жақсы көремін,құстарды жақсы көремін,гүлдерді жақсы көремін т.б )

Күн  Жарайсыңдар балалар. Мен сендерге Ойнайықшы кел мұнда сергіту ойынын алып келдім.Барлығымыз бірге ойнайық.

(Балалар қуана келіседі,қызығушылықпен көңілді әуен ырғағымен қимылдар жасайды )

Тәрбиеші: Балалар шеңберге тұрғызып,музыка әуенімен түрлі қимылдар жасап,ән айтуды ұсынады.

Ойын  «Ойнайықшы кел мұнда»

Аяқпенен топ-топ-топ,

Алақанмен хлоп-хлоп-хлоп,

Бәр оңға,бір солға

Айналайық кел мұнда.

Қолымызды бір сермеп,

Басымызды шайқайық.

Бір оңға,бір солға,

Ойнайықшы кел мұнда.

Секіреміз жоғары,

Қиын емес секіру.

Бір оңға,бір солға,

Секірейік кел мұнда.

Күн:  Рахмет сендерге балалар!Мені одан әрі жарқыратып жібердіңдер.

Интерактивті тақтадан 5 түрлі шар шығады.

Тәрбиеші: Балалардан шарлардың түстерін сұрау,аталған түстердің орнына интерактивті тақтаның бетіне шыққан үй жануарлары мен төлдері жайлы әңгімелеп беруді ұсынады. (Балалар шарлардың түстерін атап шығады )

-Мынау не?(Түйе)                                                                                                                                                          -Түйе қандай жануар?(Үй жануары)                                                                                                                        -Түйенің төлін қалай атаймыз?(Бота )                                                                                                                          «Малдың төлін сүюі» атты өлең оқып беру.                                                                                                                         Қой сүйеді баласын « қоңырым»- деп,                                                                                                         Ештеңені білмейтін « момыным» -деп,.                                                                                                               Сиыр сүйеді баласын « торпағым»-деп,                                                                                                           Қараңғыға баспаған « қорқағым»-деп.                                                                                                          

 Түйе сүйеді баласын «боташым»-деп,                                                     

Жаудыраған көзіңнен « тоташым»-деп.

Ешкі сүйеді баласын «лағым»-деп,

Тастан-тасқа секірген «шұнағым»-деп.

Жылқы сүйеді баласын « құлыным»-деп,

Тұлпар болып жүгірер « жүйрігім»-деп.

Тәрбиеші: Балалар көрдіңдер ме,жануарларда өз төлдерін жақсы көріп,сүйеді екен.Ал сендердің ата-әжелерің,әкелерің,аналарың қалай еркелетіп сүйеді.(Күнім,алтыным,жарығым,ақылдым,ботақаным,айым,тәттім,құлыншағым менің!т.б )

Балалар  күнге «Мен өзімдісүйемін» –деген тақпақтарыңды айтып беріңдерші.

 

Керек болса көмегім                 Шынын айтқан кісінің

Қол ұшымды беремін               Пәктігіне қызығам

Адал туған Отанға                    Өтірік айтып өрекпіп

Ұлы болсам деп едім                Жамандыққа бармаймын

Сол үшін мен өзімдісүйемін.    Сол үшін мен өзімді сүйемін.

 

Ақиқатқа жүгінем

Адалдықты ардақтап

Жалғандықтан түңілем

Үлкендердің ақылын

Ақ бата деп ұғамын

Сол үшін мен өзімді сүйемін.

 

Тәрбиеші: Балалар « Сен нені жақсы көресің?»деген ойын ойнайық.

Шарты:Балалар музыка әуенімен билейді.Әуен тоқтағанда ,жердегі суретті бір-бірден алады да,қолындағы суретті не үшін жақсы көретінін бір-екі сөзбен айтып жеткізеді.                          Суреттер: Гүл,күн,су,ағаш,жануарлар,отбасы,құс,көбелек т.б.

Балалар қуанышты көңіл-күймен ойнайды.Суреттегі заттарды не үшін жақсы көретіндерін айтып береді.

Күн: Жарайсыңдар балалар!Әр уақытта өздеріңді сыйлап,сүйе біліңдер.Сау болыңдар балалар.

 

                          Көзге арналған жаттығу « Жасырынбақ»

Көзді қатты жұмайық

1,2,3

Көзімізді ашайық.

Әдепті бала болайық,

Айналаны шолайық.

Көзді ашып,жұмайық,

Осылай кел ойнайық.

( Балалар көздерін жұмады,ашады,оңға,солға,жоғары,төмен қарайды.Көздерін жұмып ашады. )

Интерактивті тақтадан  «Құйыршық» мультфильмнен үзінді көрсету.

-Мультфильм сендерге ұнады ма?

-Мультфильм қалай аталады?

-Мультфильм не жайлы екен?

(Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады. )

 

      Саусақ жаттығуы

Тық-тақ,тық-тақ

Тұр орныңнан басбармақ

Балан үйрек сенде тұр

Ортан терек сенде тұр

Шылдыр шүмек сенде тұр

Титтай бөбек,қане тұр,                                                                                                                             Саусақтарым ал жүгір.                                                                                                                                    Балалардың назарын күнге аударып,шығармашылық жұмыс істеуге шақыру.                                         Тәрбиеші: Балалар біздің күніміз шуағын шашпай тұр,оған сендердің көмектерің керек.Ол үшін күннің шуағын тауып,оған өзіміз жақсы көретін заттарды жапсырайық.

(Балалар ұжымдық жұмыс жасай отырып,күннің шуақтарын күнге әкеліп қояды.Бір-бірінің суреттерін қызықтайды. )

Тәрбиеші: Міне балалар біздің күніміз жарқырап шыға келді.Қане осы күнімізді қоршап тұрып әнімізді айтайық.

        Ән « Әр қашан күн сөнбесін»

(Балалар көтеріңкі көңіл-күймен әнді айтады. )

Қорытындылау.Балаларды мақтап,мадақтау.

Жеті қазынаның бірі

$
0
0

Сабақтың мақсаты:           

Балаларға жеті санының киелі екенін, жеті сурет бойынша ажырату, жеті қазынаны атауға, еліне қызмет жасайтын азамат болуға, аталған ертегі бойынша қойылған сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру, ертегі бойынша анық, мәнерлі сөйлеуге үйрету.

Тәрбиеші:

Біздің бүгінгі әңгімелейтін тақырыбымыз жеті санына байланысты. Балалар біздің қазақ халқы жеті санын «қасиетті киелі сан» - деп есептейді. Мысалы, айтатын болсақ, жеті ата, жеті шелпек, жеті қазына. Байқап отырған шығарсыңдар, барлығы жеті санымен айтылады. Бүгін мен сендерге «Жеті қазынаның бірі» ертегісін айтып беремін. Ертегі тыңдағыларың келе ма?

Балалар:

  • Ия

Тәрбиеші:

Ендеше мұқият тыңдаймыз.

        Баяғыда аң патшасы арыстан қызметшісі жолбарысты шақырып ормандағы барлық аңдарды жина деп бұйырыпты. Арыстан патша әлемдегі ең қайратты, ең ақылды, әрі епті кім екенін білгісі келіпті. Лезде арыстанның алдына аңдар жинала қалыпты.

Түлкі:

О, әлемде теңдесі жоқ патшам! Бұл өмірде сізден қайратты, ақылды, епті жан жоқ. Сондықтан да біз сізді патша етіп сайлағанбыз! Сіздің қайырымыңыз шексіз, - депті.

Тәрбиеші:

Барлық аңдар өз пікірлерін айтып, ең күшті, ақылды деп арыстанды айтады. Мақтау сөздерге мәз болған арыстан бір бұрышта құлағы салбырап, өзі маужырап жатқан итті байқайды. Итке гүрілдеп төне түседі.

Арыстан:

Әй, сен мыналардың не айтып жатқанын естіп отырсың ба өзі, неге үн қатпайсың? – дейді.

Тәрбиеші:

Ит салмақты үнмен

Ит:

«Ә, сен бе едің? Неге сонша бүкіл орманды басыңа көтересің? Менің де сені мақтап, бас ұруым керек пе?» - деп тәкәппарлана сөйлейді.

Арыстан:

«Ал сонда дүниедегі қайратты әрі ақылды, ол тек – адамзат!».

Тәрбиеші:

Арыстан одан бетер ашуланып, дереу жолбарысқа: «Ит иттігін жасап адамды мақтады. Біздің арамызда бұдан былай оған орын болмауы тиіс. Дереу арамыздан алыстатыңдар!» - депті күндей күркіреп.

Бұл сөзден соң иттің мүлде көңілі қалып, олардың арасынан біржолата қол үзіп кете барған екен. Содан бері ит – адамның досы, көмекшісі болыпты. Бертін келе «Ит – жеті қазынаның бірі» деген қанатты сөз қалыптасыпты.

Қорытынды:

  1. Ертегі қалай аталады?
  2. Арыстан өзі туралы не білгісі келеді?
  3. Түлкі арыстанды қалай мақтады?
  4. Арыстан итке не деді? (ал, сонда дүниедегі ең қайратты, ең ақылды, әділ әрі епті кім?)
  5. Ит арыстанға қандай жауап қайтарды? (мен үшін дүниедегі қайратты әрі ақылды, ол тек – адамзат).

 

Алтын күз

$
0
0

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

«Бейнеу ауданының әкімдігінің

 «Бейнеу санаторлық бөбекжайы» КММ

тәрбиеші

Тинеева Альфия

Алтын күз

Жүргізуші:

Армысыздар! Ата – аналар, ұжымдастар және де кішкене бүлдіршіндер! Бүгінгі «Айгөлек» тобының берекелі де ырысты «Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер.

Келді міне Алтын кз,

Сары шашты жарқын күз.

Мол өнімді ісімен,

Таңдандырып халқын күз.

Келесі кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік.

Жасмина:

Көк аспаның мөлдіреп,

Алтын күзім елжіреп.

Асыр салып жүре бер,

Сары көйлегің желбіреп.

Әсемай:

Астық – дала сәулеті

Астық – Отан дәулеті

Біздің дала бай дала

Алтын астық айнала

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар!

Ән: «Күз келгенде»

Жүргізуші:

Ал, балалар, балалар

Енді бері қараңдар

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші.

Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешуін тапсаңдар, ортаға жұмбақ қонағымызды шақырамын.

Жұмбақ: жиын терім болатын,

Қамбаға астық толатын

Қызыл қырман ойнайтын

Бұл қай мезгіл деп ойлайсың?

Балалар: «Күз»

Алтын күз:

Сәлеметсіздер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Мен Алтын күзбін

Жайдарлы жарқын күзбін

Қонаққа келдім сіздерге

Оған досым таң қалма,

Жапырақтар бар сиқырлы,

Ойын ойнар түр – түрлі

Жұмбақтар бар қыр – сырлы.

Жүргізуші:

Рақмет сізге, Алтын күз!

Қарсы аламыз сізді біз,

Отырыңыз жайғасып.

Ал, балалар бекер қарап тұрмайық, қонағымызға өнерімізді сыйлайық.

Күзде өздері пісетін,

Асымызға түсетін.

Мақтанбақшы сіздерге,

Көкөністер мен жемістер.

Сәбіз:

Кім бар сәбіз шырынын

Жастайынан ішпеген.

Мені жеген адамдар

Кем болмайды күшкеде.

Жүзім:

Мен жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып үзілдім.

Қызанақ:

Піскен кезде қызана,

Көз тартар қызыл түсімен.

Барма адам сүйсінбей

Ішпеген томат шырынын.

Қияр:

Дәмім тілді үйірген,

Мен тұздалған күйімде.

Жаңа піскен кезімде,

Жейді бәрі сүйсіне.

Алтын күз:

Өте жақсы. Енді мен, балалар сіздердің білімдеріңді тексеріп көрейін. Жұмбақ жасырам, сендер оның шешуін тауып көріңдер.

Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. (пияз)

Алты қырлы,

Алты сырлы.      (қалам)

Жарайсыңдар, балалар! Келесі кезекті «Жапырақтар» биіне берейік.

Жүргізуші: тақпақтарға кезек берейік.

Мадина:

Берекесін сыйлау,а

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Нұрбек:

Алтын сары, қызыл-көк

 Алуан, алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Жанель:

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Ой, алақай тамаша.

Шашу шашты жапырақ.

Ғазиза:

Көбейді құт береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз.

Би: «Қолшатырлар» қыздардың орындауында

Ербол:

Құстар қайтып ән салды.

Бұлт орлады аспанды.

Қыс келеді жар салып

Күзгі суық басталды.

Расуль:

Мерейлі күз, мырза күз

Сыйлығыңа ырзамыз.

Аппақ арай таңында

Шомыламыз нұрға біз.

Келесі кезекті әнге берейік.

Би: «Тамшылар»

Алтын күз: Керемет! Қандай тамаша. Балалар, менің басқада бүлдіршіндерге баратын уақытым болды. Мен енді кетейін. Сау болып тұрыңдар. Келесі кездескенше! Сау болыңдар.

Балалар:

Сау болыңыз.

Жүргізуші:

Балалар, бізге Алтын күздің арнап әкелген жемістерінен дәм тататын уақытта келіп жеткен сияқты.

Бүгінгі «Алтын күзге» арналған «Айгөлек» тобының мерекесіне уақыттарыңды бөліп келгендеріңе балалардың атынан алғысымды айтамын. Сіздерге күздей молшылық, алтындай денсаулық тілеймін.

Осымен «Алтын күз» мерекесі аяқталды. Қош сау болыңыздар!

 

 

 

Ана тілім – ардағым

$
0
0

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

«Бейнеу ауданының әкімдігінің «Бейнеу санаторлық бөбекжайы» КММ

Құрметті, бүлдіршіндер, тәрбиешілер бүгінгі «Ана тілім – ардағым» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Қуаныш бүгінгі мереке

Шуағын шашып тұр әлем

Өнердің түскен жолына

Жас досым саған мың сәлем!

Әр таңды бақытпен атырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз.

Сайысқа қатысуға келді ортаға

Сүйкімді балаларды шақырамыз.

  1. Атына көркі сай – Өтеген Жанель
  2. Қылығымен баурап алатын сүйкімді – Үсенова Жарқынай
  3. Айдидарлы әсем қызымыз – Балтабай Ғазиза
  4. Ақылды, инабатты – Болат Аида
  5. Арыстандай айбатты, зерек – Байболов Жандарбек
  6. Алғырда зейінді бүлдіршініміз – Боранбаева Жансая
  7. Еліктің лағындай ерке қызымыз – Болат Ақбота
  8. Сегіз қырлы, бір сырлы Орақбай Жанболат
  9. Батыл да алғыр – Серікбаев Ербол

Шеберлікті білімді,

Сараптап, сіздер көріңіз

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңіз – дей келе сайысымызды бастамас бұрын, «қара қылды қақ жарған» әділ қазылар алқасымен таныстырайық.

  1. Хилибаева Жанар
  2. Боқаева Амангүл
  3. Таджибаева Камшат

Әр сайыс кезеңдерін 1 – 5 ұпай сандарымен бағалайды. Әр сайыс кезеңдерінен кейін әділқазылар өз бағасын беріп отырады. Бүгінгі сайыс 4 кезеңнен тұрады.

  1. Таныстыру
  2. Көркем сөз
  3. Ертегі құрастыру және қай ертегі екенін атау.
  4. Өз өнері

Құрметті бүлдіршіндер сіздерге сәт сапар!

Бет ашарын сайысымыздың бастайық

Көрерменді бір селпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін

Өнеріне ду қол соғып қоштайық.

Жарайсыңдар балалар.

Әділ қазы алқасынан бағасын сұраймыз.

Ана тілім – күнім мнің қуатым

Жырым сендік жүрегіммен туатын

Тауысарма ырысыңды, қорыңды

Тізерлесіп қатар жазса, мың ақын – деп сайысымыздың келесі бөлімі «Көркем сөз» оқу шеберлігі

Әділ қазылардан әр бүлдіршіндердің ұпай сандарын беріп отыруларыңызды сұраймыз.

Ойнайықта, ойлайық

Қатардан артта қалмайық

Белсенділік танытып

Ортаға енді шығайық.

Ендігі кезекті бүлдіршіндеріміздің ойлау қабілетін, зеректігін сынайық. Бұл сайысымыздың түрі «Ертегі құрастыру және қай ертегі екенін атау»

Жарайсыңдар, балалар!

Әділ қазылардан ұпай сандарын сұраймыз.

Келесі кезекте «Өнерлі өрге жүзер» демекші бүлдіршіндеріміздің өз өнерін тамашалайық.

Өлең айтып, тақпақ жаттап

Ән салыпта билейміз

Оқу менен еңбекте

Тәрбиеленіп келеміз – дей отыра ортаға өнерлі бүлдіршіндерімізді шақырамыз.

Жарайсыңдар, балалар!

Әділ қазылардан бағасын сұраймыз.

Қазақ биі қыздарымыздың орындауында.

Міне сайысымыздың мәресіне таяп қалдық. Терең ойды алдай қалыпқа сыйғызып, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жинақтап айтатын әділ қазы алқасына сөз береміз.

Жүлделеріңіз құтты болсын, бүлдіршіндер!

Міне осылайша «Ана тілім – ардағым» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл әр ұлттың қайталанбас байлығы, тіл бар жерде ұлтта, елде, жерде бар. Ана тілімізден артық қазына, ана тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік. Уақыт бөліп көргендеріңізге рақмет. Ана тілімізді қастерлейік.

Қош сау болыңыздар.

 

 

Балабақша, 8 наурыз: «Ана – аса қымбатты жан»

$
0
0


ШҚО, Жарма ауданы
КМКҚ «Бастау» балабақшасы
«Балауса» тобының тәрбиешісі
Зейнелсадыкова Еркежан Серікжанқызы

Тақырыбы: «Ана – аса қымбатты жан»

Viewing all 348 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>