Quantcast
Channel: Балабақша|Дедсад - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 348

Рәміздерім мақтанышым

$
0
0

Алматы облысы, Қапшағай қаласы Шеңгелді ауылы

Ақбота балабақшасының тәрбиешісі.

Смайлова Гүлжайна Мергенбайқызы.

 

Тақырыбы: «Рәміздерім  мақтанышым»

Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Балаларды  Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Құрметті  ата-аналар  педагогтар  бүгінгі  «Рәміздерім  мақтанышым»  атты  ертеңгілігімізге  қош  келдіңіздер!

Тәрбиеші: 1992 жыл 4 - маусым - тарихи күн. Сол кезде Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз  ҚР - ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті.  Міне  сол кезден бері  4 маусым рәміздер күні.

Тәрбиеші: Балалар біздің еліміздің  мемелекеттік рәміздерін  білеміз бе қане атайық?

Балалар: ту, елтаңба,  әнұран.

Тәрбиеші:Ал орнымыздан тұрып бәріміз әнұранды  орындайық.

Тәрбиеші: Ту ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран, Тудаң сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн шұғыла, қыран, өрнек бейнесі алтын түстес.
Тәрбиеші:Ал  бүгін біздің балалар мерекеге арнап  шашу алып келіпті. Ал енді  балаларға кезек берейік!

Сезім:Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен – тек
Елдің ашық қабағы.

Аяулым:Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды

Ералы:Елтанбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі!

Санжар:Құт, береке шаңырақ
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген

Дина: Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.

Тәрбиеші:  Балалар әнұранымыздың  авторлары кімдер білеміз бе?

Балалар:  Әнінің жазған: Шәмші  Қалдаяқов.

Сөзін жазғандар:  Жұмекен  Нәжімеденов,

                                 Нұрсұлтан  Назарбаев.

Тәрбиеші:  Ал ендігі кезекті  мың  бұралған  бишілерімізге  берейік.

Би:  «Қырманға  кел  қалқатай!»

Тәрбиеші: Балалар  Көк аспан – кеншіліктің, тыныштық пен биіктіктің белгісі. Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын білдіреді. Елтаңбадағы алтын шаңырақ Қазақстанның «қара шаңырақ» деген қасиетті сөзінен алынып, шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп, халықтың қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына күн ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр.
Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз - ертегісінен алынған. Аңыз бойынша, қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттен азат еткен.
 Бидай сабақтары – молшылықтың нышаны. Аспан ашық, жұлдызы жарқыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болу.

Ән:  Достық.

Мадина:Елтанбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі.

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі!

Құт, береке шаңырақ

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ

Тәрбиеші:Сонымен қорыта келгенде, өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық! Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер - азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл - қыздар молая берсін.

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 348

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>