Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
«Мерей» балабақшасының тәрбиешісі
Мухамбетқалиева Жеміс
1.Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы : Мен тұратын ауыл
Мақсаты: туған ауылын атай білуге ,және оның назар аударарлық жерлерімен таныстыру.
Білімділігі: өзінің туған ауылы оның сәулетті орындары туралы алған білімдерін бекіту.
Дамытушылығы: балалардың білуге құмарлығын, зейінін, ойлауын, елестетуін, дамытуға мүмкіндік беру,
Тәрбиелігі: өзінің туған ауылына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: презентация «туған ауылымның көрікті орындары», ашықхат көрікті орындар бейнеленген қиынды суреттер.
Қостілділік компонент: ауыл-село
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:
Туған өлке бейнеленген суреттер қарау.
Туған ауылға арналған өлеңдер оқу.
Ата-аналарымен бірге туған ауылының көрікті жерлеріне серуендеу.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Рефлексиялық-түзетушілік |
Тәрбиеші балаларды жанына жинап туған ауылым аттты өлең оқиды. -Балалар өлеңде не туралы айтылған? -Біздің ауылымыз қалай аталады? -Ауыл дегенді қалай түсінесіңдер? -сендер ауылымыздың көптеген көрікті жерлерінде болған шығарсыңдар? Айтыңдаршы туған өлкенің қандай жерлерінде болдыңдар?
Біздер бүгін топтан шықпай туған ауылымызға саяхат жасаймыз. Саяхатқа немен баруға болады7. Мен сендерге автобуспен баруды ұсынамын. Келісесіңдер ме? Автобусқа отырдық, саяхатымызды бастаймыз. Біз балабақшадан шығып бірінші аялдамаға келдік. Бұл аялдамада нелер орналасқан. Ол дүкендерде сен болдыңдар ма? Онда нелер сатады?. Қандай жиһаздар түрін білесіңдер? Әрі қарай кеттік, неден өттік? -Бұл өзен қалай аталады? Келесі аялдама-мәдениет үйі. Бұл орын сендерге таныс па? бұнда қандай мерекелер өтіледі7 Әрі қарай саяхатымызды жалғастырамыз. Мәдениет үйінің жанында тағы да қандай мекеме бар екен? - бұнда әр түрлі спорттық үйірмелер жұмыс жасайды. Кімнің аға-апалары спортпен айналысады?. Айша сен айта аласың ба, біз қай мекемеге келдік Бұнда нелер бар? Балалар , сендерге көп рахмет. Шаршадыңдар ма? Кәне аздап сергіп алайық Сергіту сәті: «Ән салуға барамыз» Кәне автобусқа отырамыз, саяхатымызды жалғастырамыз. Келесі аялдама- бұл мектеп. Балалар сендер мектепке барғанды жақсы көресіңдер ме? Мектепте не істейсіңдер?
Біздің саяхатымыз аяқталды, қайтадан балабақшаға келеміз. Кәне балалар туған ауылымыздың көрікті жерлерін есімізге түсірейік. Орынымызға отырайық, мен сендерге пазлдарды жинауды ұсынамын. Тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Ал енді не пайда болғанын айтып беріңдер. /Балалар жауабын тыңдайды/
-балалар бүгін қандай жиын болды? -біз қайда бардық? -қандай көрікті орындармен таныстық? -туған өлкеміз туралы не айтуға болады?
|
-туған ауыл, оның табиғаты туралы. -Құрманғазы ауданы деп аталады. Балалар жауабы.
-автобус, машинамен т.б
. -ия.
«Азиза» және «Құралай» дүкендері. -Ия, болдық, онда тағамдар мен жиһаздар сатады. -диван, кресло, үстел, орындық, әр түрлі шкафтар.т.с.с. -көпірден -шарон өзені деп аталады. Балалар жауабы.
-бұл спорт кешені. Балалар өз ойларын айтады.
Бұл менің әке-шешем жұмыс жасайтын орын «темірлан» сауда үйі деп аталады. Тігін цехы бар.
-ия, біз онда сабақ оқимыз.
Балалар жауап береді
-қоршаған ортамен таныстыру. -саяхатқа бардық -мәдениет үйі, спорт кешені, темірлан сауда үйі, мектеп т.б Әдемі, таза, жасыл, үлкен.
|
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: өзінің туған ауылының атын, көрікті орындары туралы;
Игереді: ауылының атын , сәулетті мәдени орындарды біледі:
Меңгереді. өз туған өлкесіне теңеу сөзді табуды.