Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
«Мерей» балабақшасының тәрбиешісі
Мухамбетқалиева Жеміс
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы : Адам –тіршілік иесі
Мақсаты: баланың өзін-өзі жеке тұлға иесі екенін тануға,ойлау талдау әрекетін белсендіруге үйрету.
Білімділігі: өзінің адам әлемінің өкілі ретінде алғашқы түсініктерін қалыптастыру, адамдардың бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастығын көре білуге, адамды жануардан ажырата білуге үйрету.
Дамытушылығы: өзінің адам ретінде әр түрлі кезеңнен өтетіні туралы ұғым беру,өзін-өзі тексеру дағдысын дамыту.
Тәрбиелігі: құрдастарына деген тілектестік қарым-қатынасқа , қызығушылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үлкен айна, күн шуағы, жұмсақ ойыншық-мысық, тақырып бойынша суреттер, қуыршақтар, альбом парағы, қарындаштар, адамның өсу кестесі.
Қостілділік компонент: адам-человек
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру- шылық-ізденіс -тік
Рефлексиялық-түзетушілік
|
Балалар шеңбер жасай отырады. -балалар менің қолымдағы не? /күн шуағы/ -күн шуағы сендермен танысқысы және өз шуағымен сендерді жылытқысы келеді. Кәне күн шуағымен амандасайық. Сәлеметсің бе, алтын күн! Сәлеметсің бе, көк аспан! Сәлеметсің бе, самал жел! Сәлеметсің бе, кішкене ағаш! Сәлеметсің бе, қайырлы таң! Сәлеметсің бе, қайырлы күн! Біз жалықпаймыз амандасудан! Ойын «Күн шуағы» Күн шуағын шеңбер бойымен береміз. -Міне күн шуағымен таныстық. Енді келген қонаққа өзіміздің әдемі күлімсіреген күлкімізді сыйлайық. -балалар , не көрдіңіздер? Жұмбақ: Жер бетіндегі ең күшті, әрі ақылды кім? -балалар біз Айшаны адам деп атаймыз ба? Мейіржанды ше? –Ал Ұланды қалай атаймыз? Ол кім ? -балалар біз барлығымыз кім боламыз? /Ұғымды қайталаймыз/ -балалар жер бетінде көптеген адамдар өмір сүреді. Олардың бір-бірінен ұқсастығы мен айырмашылықтар бар. Кім айтады, адамдар бір-бірімен несімен ұқсайды? -барлық адамдардың бас, дене, қолы, аяғы бар. Әр адамның өз денесі мүшесі бар. Орнымыздан тұрып өз дене мүшемізді атайық. -балалар біз бір-бірімізге ұқсаймыз,бірдей дене мүшелеріміз бар. Ал біз жануарға ұқсаймыз ба? Олардың да адамдар сияқты дене мүшелері бар ма? Есік сыртынан мысықтың мияулаған дыбыс естіледі. Тәрбиеші мысықты алып келеді, балалар амандасады, сипайды, қарайды. Қорытынды: адам жануарға ұқсамайды екен. Есік соғылады: -балалар бүгін бізге қонаққа қуыршақ Айша мен оның інісі Сәкен келді. Кәне балалар амандасайық және оны өзімізге шақырайық. -Өзіміздің дене мүшелерімізді зерттей отырып,біз адамдардың бір-біріне ұқсас екенін білдік. -егер біз бір-бірімізге мұқият қарайтын болсақ , біз әр түрліміз. Кәне Айша мен Сәкенге қараңдаршы қандай айырмашылықтары бар ? /қыз бала мен ұл бала бейнеленген суреттер ілінеді/ -Ұл баланы қыз баладан қалай айырамыз? Мысалы; Мейіржанды, Самалдан ше? -Ер бала қандай киім киеді? Ал қыз бала ше? -біздің Айша мен Сәкен шаш қою үлгісімен де ерекшеленеді? Ер балалардың шашы қандай? Ал қыздардың шашы ше? -Қыздар мен сендердің аналарың құлаққа сырға, мойынға алқа тағады, ал ер балалар мен сендердің әкелерің ондай әшекей бұйымдарын тақпайды. -Сендердің аналарың жұмысқа жиналғанда айна алдында тұрып не істейді? Ал әкелер бұны ешқашашда істемейді. Тақтаға ер адм мен әйел адам бейнеленген суреттер ілінеді. -енді алдымен қыздар , содан соң ер балалар тұрыңдар. Балалар кезекпен –кезек тұрады. -ал адамдар тағы да несімен ерекшеленеді? -Айша мен Сәкеннің бойының биіктіктері әр түрлі. Айша-биік,үлкен, ал Сәкен –аласа, кішкентай. Тәрбиеші балаларды бір-бірімен салыстырады. -балалар сонымен қатар адамдар салмағы бойынша ерекшеленеді -мысалы: Айшаны көтеріп қараңдаршы Ол қандай? Ал Сәкен ше? Тақтадағы суретке қараңдаршы , адамдар толық және арық болады екен. -Біздің топта арық балалар бар, бірақ олар мықты, әрі әдемі, біз оларды жақсы көреміз. Сергіту сәті: «Біз кішкентай баламыз» Дидактикалық ойын: «Бұл кім?» -қазір біз ойын ойнаймыз. Мен сендерге суреттер көрсетемін,ал сендер суретте кім бейнеленгенін айтасыңдар. -міне адамдарды жасына қарай да айыруға болады екен. Мен –әйел адаммын, жасым 35 –те, ал Самал –қыз бала, 5 жаста, ал біздің музыка жетекшісі –әже, ол 55 –те. Адамдардың сәбилік шақтан бастап қартайғанға дейінгі кезеңін бейнелейтін кестемен жұмыс. Дидактикалық ойын: «Адамның өсу кезеңі» ойналады.
Соңында балалар өз портретін суреттейді. Жиын соңы балалар суреті бойынша қорытындыланады. |
/қонақта бізге күлімсіреді/
/адам/ -адам/
-адамдар.
Балалар жауабы.
Балалар өздерін айна алдында тұрмын деп елестетіп , қолдарымен дене мүшелерін көрсетіп атайды. Балалар жауабы. -мысықтың –аяқтары, ал адамның қол мен аяқтары бар. -мысық төрт аяқпен , ал адам екі аяқпен жүреді -мысықтың құйрығы бар, ал адамда ол жоқ. Өз дене мүшелерін атай отырып , қуыршақтан көрсетеді. Біздің қонағымыз жынысы бойынша айырмашылығы бар. Айша –қыз бала, ал Сәкен –ұл бала.
(Ұл бала мен қыз баланы киіміне қарап ажыратады екенбіз. -Шолақ шалбар, жейде, олардың аяқ киімдері басқаша болады. -Ал қыздар көйлек, етек, сарафан, әдемі блузка, тақасы бар туфли киеді.
-қысқа -ұзын, бұрым қояды, бантик тағады. -ерін, көз, қабағын бояйды.
Балалар қарайды, салыстырады.
-бойымен.
-Мейіржан –мен биікпін, ал Самғат –менен-аласа.
-ауыр. -ол-жеңіл.
-ата, әже, қыз т.б
Балалар әр түрлі жастағы адамдар суретін қарап , адамның өсу кезеңіне қарай кестені құрас –тырады, және өздерінің өсу кезеңін анықтайды.
Балалар өз ойларын айтады. |
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: өзінің адам өкілі екендігін; дене мүшелерін, адамдардың ұқсастығы мен айырмашылығын сыртқы белгілеріне қарап ажыратуды:
Игереді: адамдардың жасы есейген сайын, олардың бет-әлпеті, дауысы, жүріс-тұрысы өзгеретінін ескере отырып,оларды атай білуі:
Меңгереді. бір-біріне ұқсастық пен айырмашылықты ажыратуды.