Павлодар облысы
Ертіс ауданы,Ертіс ауылы
КМҚК №2 балабақша
Баязова Рыске Сағынтайқызы
тәрбиеші
«Халық ауыз әдебиеті –бай мұра»
(іскерлік ойын)
Құрметті әріптестер!Бүгін біз сіздермен балалардың тілін дамытуда кездесетін қиындықтарды шешуде өзіміздің іс-тәжірибемізде пайдаланып жүрген әдістерді қолданып көрейік.
Педагогтар үш топқа бөлінеді.
Әділқазы мүшелерін сайлау.
1.тапсырма.(1 минут ішінде топтың аты мен ұранын ойластыру керек)
2.тапсырма.Теориялық бөлім.
Тақтаға сұрақтар жазылған қағаз салып үрілген шарлар ілінеді.Әр топтан 3 адамнан шығып,ағаштағы үрілген шарларды таңдап,ішіндегі сұрақтарға жауаап берулері қажет.Әділқазы мүшелері сұрақтың ұтымды жауабы мн уақытына сай баға береді.
1.Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту туралы не білеміз?
- Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту –сөздің барлық түрлерімен жұмыстану.
2.Диалог дегеніміз не?
- Диалог –екі және одан да көп адамның әңгімелесуі.Сонымен қатар диалог әдеби шығармада әңгімелесу түрі болып саналады.
3.Монолог дегеніміз не?
- Монолог – (грек тілінен аударғанда моном –бір және логос –сөз) –адамның өзіне-өзі немесе тыңдаушыларға арналған сөзі.
1.Бір нәрсенің тұлғалық,қысқаша анықтамасы?(мақал-мәтелдер)
2.Өлең түрінде қысқаша айтылатын моральді әңгме қалай аталады? (мысал)
3.Фантастикалық,қиял-ғажайып ,тұрмыстық бейне түрі бар халық ауыз әдебиеті қалай аталады (ертегі)
4.Ауызша айтылатын халық ауыз әдебиеті,халық даналығы қалай аталады? (фольклор)
3- тапсырма.Практикалық бөлім.
Берілген ертегі мазмұнын ым-ишара арқылы басына аяғына дейін қарсы топқа түсінікті болатындай көрініс қоюды ұсынамын (2-3 минут беріледі)
1-топ үшін «Түлкі мен тырна»
2-топ үшін «Қызыл телпек»
3-топ үшін «Қасқыр мен түлкі»
4.Тапсырма. «Ертегіні өзгеше әңгімеле» ойыны
Шарты: ертегіні басынан аяғына дейін ертегі кейіпкері немесе ертегіде кездесетеін заттың атынан әңгімелеу.Мысалы: «Бауырсақ «ертегісі.Үйдің жанындағы соқпақтың немесе жолдың атынан әңгімелеу.Мен ирелеңдеген жолмын.Менің қасымда әдемі үй тұр.Мен сол үйден шалдың кемпіріне: «Кемпір,маған бауырсақ пісір» деген сөзін естідім.Қарасам,көп ұзамай кемпір бауырсақты суысын деп терезенің алдына қояды.Бауырсақ жатып-жатып бірге мезгілде маған құлап түсті де домалай жөнелді.ол сондай жып-
жылы,жұмсақ,домлақ екен.Ол домалап-домалап қоянға кездеседі.Міне әрі қарай осылай ертегіні аяғына дейін көркем әдеби шығармалардан алған біліміңізді қосып жалғастырасыз.
1-топқа «Үш аю» ертегісіндегі Машаның атынан;
2-топқа «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі мысықтың атынан;
3-топқа «Шалқан» ертегісіндегі шалқанның атынан әңгімелеп беруді ұсынады.
5-тапсырма.Жаңылтпаштар.
Әр топтан 2 адамнан шығып берілген жаңылтпаштарды –жай,тезірек,жылдам айтулары тиіс.
1-топ:Көзді қыпылықтатпа,
Торта қойдым,
Орта қойдым.
Орта қойдым,
жорта қойдым
***
Төбесі төбел төрт бөрік,
Төртеуі де көк бөрік
***
2-топ
Топ бала,топ бала
Ойнап жүр,топтала.
Зымырап допты ала,
Қуады көп бала
****
Есет атам ет асатар,
Ет асатса,бес асатар
3-топ:
Әй,Тайқарбай,
Қойыңды Майқараға жай,Тайқарбай!
Тайқарбай,Байқарбайлар толып жатыр...
«Әй,Тайқарбай» дегенің қай Тайқарбай?
***
Мынау балқаймақ- қай балқаймақ?
Бұл балқаймақ – май балқаймақ!
6-тапсырма. «Төрт түлік мал» ретімен айту.
Тақтадан төрт түлік малдың суреттері бойынша,сол суретке сай өлеңдерді естеріне түсіріп мәнерлеп айтып беру.Қай топ көп айтатынын бағалау.
7-тапсырма.Шығармашылық конкурс.
Әр топтан бір адам шығып,мақал мазмұнына сай суретін салады.(ребус құрастыру)Ал қарсы топ сол мақалды тауып айтып береді.
1-топ. 1)Көп түкірсе көл болар.
2) Әке асқар тау,ана –бауырындағы бұлақ,бала- жағасындағы құрақ
2-топ.1)Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол.
2) Оқу инемен құдық қазғандай
3-топ.1)Ананың тілі бал,баланың тілі бал.
2)Қына тасқа бітеді,Білім жасқа бітеді.
Әділқазылардың қорытынды шешімін тыңдау