Павлодар облысы
Ертіс ауданы,Ертіс ауылы
КМҚК №2 балабақша
тәрбиеші
Кусаинова Айгуль Егимбаевна
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»
а)білімділігі: Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру
ә)дамытушылығы:Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту.
б)тәрбиелігі:лкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу және мамандық таңдауға қызығушылықтарын тудыру.
Көрнекіліктері: түрлі мамандық иелері туралы суреттер, құралдар.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын, педагогикалық баға беру, мақтап-мадақтау.
Пайдаланған көрнекі құрал: мамандық туралы суреттер, кітапшалар, диск, теледидар, ойынға керекті көрнекіліктер,
Үштілдік компонент: мұғалім-учитель-- school teacher , дәрігер – врач- doctor, шаштараз – парихмакер- Barber, профессия – мамандық- profession ,аспазшы-повар - cook
Сабақ барысы:
Шаттық шеңберін құру.
Аспанымыз ашық болсын,
Еліміз тыныш болсын.
Деніміз сау болсын,
Достарымыз аман болсын!
Тәрбиеші: -Балалар, мына суреттерде кімдердің және нелердің суреттерін көріп отырсыңдар?
-Олар не істейді ?
-Яғни, халыққа қызмет етеді. Оларды біз мамандық иелері дейміз. Тағыда қандай мамандық иелерін білесіңдер ?
- Сендердің ата-аналарың қандай мамандық иелері екенін білесіңдерма?
-Мына суреттерге қарап, мамандық иелерін атап, қандай қызмет атқаратындарын айтып беріңдерші ?
Тәрбиеші: Балалар біз сендермен қазір мамандықтар әлеміне саяхат жасаймыз.Ол үшін бізге көлік керек?Ал мен қазір сендерге қазір жұмбақ жасырам,егер тапсаңдар,біз сол көлікпен барамыз.
Жұмбақ шешіп көрейік
1.Бір керуен жүреді екен қатар түйе,
Аузынан жалын шығар будақ күйе (пойыз)
Дұрыс айтасыңдар,ал пойызды кім жүргізеді? (пойыз машинисті,жүргізушісі)
Ал ендеше кеттік бәріміз,пойызбен.
Сергітусәті:
Қане, кімніңбойыұзын ?
Паравозыолпойыздың.
Қатар-қатартұрайық,
Пойыздыбізқұрайық.
Ал, паравозбастаалға,
Бәріміздібасқарда.
Пыш – пыш, пыш-пыш, бізкеттік,
Жүрістітымүдеттік.
Гу-гу, гу-гу, гуілде,
Қалыпқойма, біріңде.
Пыш – пыш, пыш-пыш, бізкеттік,
Жүрістітымүдеттік.
Ал, паравозтоқтайық, пыш.
Тәрбиеші: Біз тісіміз, ішіміз ауырса қайда барамыз?
Балалар: Дәрігерге.
Тәрбиеші: Дәрігер қайда жұмыс жасайды?
Балалар: Ауруханада, емханада.
Тәрбиеші: Олай болса, бүгін біз сендермен «Аурухана» ойынын ойнаймыз. (Алдын ала рөлдерге бөлінген балалар дәрігерлік сала бойынша «Аурухана кабинеттерінде» отырады).
№1 көрініс Алғаш болып, балалар дәрігеріне бір ана қызымен келеді.
Ана (Бану):- Саламатсыз ба, дәрігер?
Дәрігер (Несібелі):- Саламатсыз ба?
Ана:- Менің қызыма екпе салу керек еді, қызымды тексеріп жіберіңізші.
Дәрігер:- Жарайды (қызды тексеріп, өкпесін тыңдайды) қызыңыздың тамаққа тәбеті қалай?
Ана:- Ия, жақсы.
Дәрігер:- Олай болса, мына жеке медициналық кітапшасын алып, медбикеге барыңыз. Сізге екпе салып береді.
(Педиатрға (балалар дәрігеріне) тағы кезекте тұрған ата - ана баласымен кіреді).
Тәрбиеші: Ал енді мына жерде дүкен бар екен,дүкенге барайық
№2 көрініс:
Сатушы: Сәлеметсіз бе? «балдырған» дүкеніне қош келдііз?Не сатып алайын деп едіңіз?
Клиент:Сәлеметсізбе!Мен 1 кг кәмпит,1кг алма, иогурт беріңізші
Сатушы: Кәмпиттің қандай түрін салып берейін?
Клиент: маған шоколадты кәмпиттер керек
Сатушы: Неше иогурт керек?
Клиент:маған үш иогурт беріңіз
Сатушы: тағы қандай көмегім бар?
Клиент: рахмет,сау болыңыз!
Сатушы: сау болыңыз!
Тәрбиеші: Ал мен қазір сендерге қазір жұмбақ жасырам,егер тапсаңдар,біз сол көлікпен артқа қайтамыз
Құстан аумайды,
Көкте зулайды. (Ұшақ)
-Ұшақты кім жүргізеді ? (Ұшқыш)
Тәрбиеші:
а) «Мамандықты ата» дидактикалық ойыны. Дәптердегі мамандық иелері бейнеленген суреттерге қарап,мамандық иелерін (дәрігер, ғарышкер, полиция, құрылысшы) айтады. Төмендегідей сұрақтарға жауап береді.
- Дәрігер не істейді?
- Ғарышкер ше?
- Полиция қызметкері не істейді?
- Тағы қандай мамандық түрлерін білесіңдер? (Балалардың жауаптары тыңдалып, толықтырылады).
ә) «Кімге не керек?» тапсырмасы. Шарты: дәптердегі бірінші бағанда тұрған мамандық иелерінің суреттерін екінші бағандағы суреттердің тиістісіне сызықпен қосып көрсету. «Кімге не керек?» сұрағына ауызша жауап беру.
Шеңберге тұрып: Мамандықтың жақсы бәрі,
Армандай біл таңдада,
Бір мамандық ап шығады,
Күні ертең бар бала.
Тәрбиеші: Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!
Күтілетін нәтиже:
Қайта жаңғыртады: Балалар мамандық түрлерін білуі, қажетті құралдарын атай білуі керек
Түсінеді: Суретке қарап әңгіме құрауды меңгерді. Маман иелерін ажыратады.
Қолданады: Үлкендердің, мамандық иелерінің еңбегін бағалай біледі