Quantcast
Channel: Балабақша|Дедсад - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 348

8 саны мен цифры

$
0
0

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Қарапайым матемтикалық түсініктерді қалыптастыру

Дамытушы орталықтар:Таным

Тақырыбы:8 саны мен цифры

Мақсаты:

Білімділігі:8 санының пайда болуы,8 цифрымен таныстыру,8 санының құрамын анықтау.

Дамытушылығы:тура және кері санау, «+»пен  «-»пайдаланып,сегізге дейінгі көлемде жазбаша,ойша есептер құрастыру.Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін анықтау,қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелігі:Алғырлыққа,тапқырлыққа,жылдамдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:сандар,суреттер,ойыншықтар.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің  іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері:

-Амансыңдар ма, балалар!

Мен  сендермен  кездескеніме қуаныштымын. Енді барлығымыз мына өлең жолдарын бірігіп айтайық.

Достарды біз қолдаймыз,

Қиын шақта қорғаймыз,

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз!

Балалар орнымызға отырамыз,сабаққа дайынбыз ба?

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-Қай ай?

-Аптаның қай күні?

-Апта күндерін ата.

-Бір аптада неше күн бар?

Өткен сабақты пысықтау.

-1-ден 7-ге дейінгі тура,кері санату.

«Кім зерек?»ойыны арқылы пысықталады.

 

1+   =7        2+   =7               5+   =7

 

Балалар жақсы көңіл күймен амандасады.

 

 

 

 

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ізденуші-ұйымдастырушы

Жаңа сабақ.

Тақтада жеті гүл тұр еді.Соған тағы бір гүл қостым.Барлығы неше гүл болды?Санап көрелік.

 Бұл сан сендерге таныс па?

Бүгін біз сегіз саны және цифрымен танысамыз.

Сегіз саны сегіз бірліктен құралады.  7+1    Ал  енді біз сегізге дейін санап көрейік.Тура –кері санату.

1,2,3,4,5,6,7,8;      8,7,6,5,4,3,2,1.

7+1=8        8-1=7  8 саны 7 санының көршісі.8 саны шықты.

Санамақ айтқызу.

Бір дегенім-білім

Екі дегенім-елім

Үш дегенім-үкі

Төрт дегенім-тақия

Бес дегенім-бесік

Алты дегенім-асық

Жеті дегенім-жейде

Сегіз дегенім-серке

Той бастаған ерке.

«Қай сан жоқ?»дидактикалық ойыны.

1 2*4*6 7*

*2 3*5 6*8   (Тиісті сандарды орнына қою)

«Кім тапқыр?» дидактикалық  ойыны.6+2=              8-1=

               5+3=              8-2=

Сергіту сәті

Тынығып дем аламыз,

Шешімін жылдам табамыз.

Жұмылып бір отбасындай

Көңілді біздер баламыз

Математикалық жұмбақ есептер:

1 есеп: Алма ағашта бес  алма

              Қандай тәтті жесе алма

              Біреуін мен жеп қойсам,

              Қалады сонда неше алма?

2 есеп: Табақта бес өрік,

              Қолымда бір өрік.

              Қосқанда барлығы

              Болады неше өрік? 

Әліппе-дәптермен жұмыс.

8 санын ауада жазғызу.

Дәптерге 8 санын жазу.

 

Балалар тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

8-ге дейін тура,кері санайды.

 

 

 

Санамақ айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойынға белсене қатысады.

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін орындайды.

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптермен жұмыс жасап,тапсырамаларды орындайды. 8 санын дәптерге жазып шығады.

 

Рефлексивті коорекциялаушы

«Тез ойлан»дидактикалық ойыны.

Салыстыр

6*8         7*8

5*4          8*8

Сабақты сұрақ-жауап арқылы пысықтау.Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап,марапаттау.

 Балалар  ойынға қатысып,сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:8 санының пайда болуы туралы түсінігі болуы.

Білуі тиіс: 8 саны мен цифрын, қосу және азайту белгілерін

Түсінігі: амалдарды орындауды

Көрсете білуі:8 санын танып,есептер құрастыруды

 

 

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 348

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>