Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Экология негіздері
Дамытушы орталықтар:Әлеуметтік орта
Тақырыбы:Құстар- біздің досымыз
Мақсаты:
Білімділігі:Құстар және олардың көктемдегі тіршілігі,табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылығы:Құстардың тіршілігінде болатын өзгерістерге мысалдар келтіре отырып түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін және зейіндерін дамыту.
Тәрбиелігі:Құстарға қамқорлық жасауға баулу және оларға қалай жағдай жасау керектігін үйрету.
Әдіс-тәсілдер: Әңгіме, түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, ойын
Көрнекілігі: Бейнелі суреттер, үнтаспа, таратпа материалдар (жұмыртқа қабығы, желім,қағаз қиындылары.
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Шаттық шеңбері Әрқашан аман болайық, Құстар әнін сайрасын. Бейбітшілік болсын, Нанымыз көп болсын. Міне, тамаша! Ал енді ыңғайланып отырамыз.Көздеріңді жұма қойыңдар. Тыныштық сәті: Әуен ойналады - Мен әуенді қосқан кезде бәріміз жүрегіміздегі сиқырлы әлемге аттанамыз. Үнтаспадан құстардың сайраған дауысы естіледі. -Енді көзімізді ашамыз. 1.Үнтаспадағы дауыстар туралы сұрақ қою. -Үнтаспадағы қандай дауыс естідіңдер? -Қандай құстардың дауысы естіділді? Құстар туралы сұрақ қою.
-Үй құстарына қандай құстар жатады? -Дала құстарына қандай құстар жатады?
|
Балалар жақсы көңіл күймен амандасады. |
Ізденуші-ұйымдастырушы |
3.Құстар туралы әңгімелеу. Құстардың суреттерін көрсетіп,олардың түрлерімен таныстыру.Құстар адамға көп пайда келтіреді. Сондықтан оларды қанатты достар дейміз. Әнші құстар жазда ұшып ,қонып жүріп, әндетіп көңілімізді көтереді. Олар ағаштарды, өсімдіктерді зиянды жәндіктерден, құрттардан тазартады. Сонда ағаштар жайқалып өседі де өз бойынан таза ауаны бөліп шығарады. Сол таза ауамен адам баласы – мына біздер дем аламыз. Сондықтан біз оларға қамқор бола білуіміз керек. -Балалар қамқорлық дегенді қалай түсінеміз? -Біз құстарға қандай қамқорлық жасаймыз? Мына суреттерге қарап не айтуға болады Дұрыс балалар , біз құстарға қамқорлық жасау арқылы оларға деген мейірімізді көрсетеміз. Мейірімділік , қамқорлық деген біреуге көрсеткен көмек, айналамызға жасаған жақсылық. С.Көбеевтің «Құстың ұясы»деген әңгімесін оқып беру. Сергіту жаттығуын өткізу. Қарлығаш боп ұшайық, Қане, қанат қағайық. Ұшып – ұшып алайық, Орнымызға қонайық. Әліппе-дәптермен жұмыс. Құстар туралы мақалдарды оқып,мағынасын ашу. 1.Тырна көлге қонады, Ара гүлге қонады. 2.Қыран құс құз-қиянын сағалайды. Болар бала ізгі істі сағалайды. «Бұл қандай құс?»дидактикалық ойыны. Мақсаты:ерекшеліктеріне қарай |
Құстардың пайдасын түсінеді.
Құстарға қамқорлық тақырыбындағы суреттерге қарап сөйлемдер құрайды. Құстарға ұя жасаймыз. Құстарға жем береміз. Құстардың ұясын бұзуға болмайды. Құстарды атуға болмайды.
Сергіту жаттығуын орындайды.
Әліппе-дәптермен жұмыс жасайды.
Мақалдарды қайталап,жаттап алады.
Ойынға барлық бала белсенділік таныта қатысады.Мысалы:Аққу-мойыны ұзын,қауырсындары аппақ құс.Ол өте әдемі құс.Суда жүзеді.
|
Рефлексивті коорекциялаушы |
Сабақта алған білімдері сұрақ жауап әдісі арқылы пысықталады. 1.Қандай құстар адамға жақын жүреді? 2.Құстар немен қоректенеді?
|
Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:құстар және оның табиғатқа келтіретін пайдасы жөніндегі ұғымының қалыптасуы.
Білуі тиіс:жыл құстарын ажырата білу.
Түсінігі: құстардың тіршілігі,немен қоректенетіні туралы түсінігі.
Көрсете білуі:құстарға қамқорлықтжасап, оларды қорғау.