Бекітемін
Күн
Білім беру саласы: «Вариативтік бөлімі»
Ұйымдастырылған іс-әрекеті: «Шебер қолдар»
Тақырыбы: «Желкенді қайық»
Мақсаты: Жаңғақ қабығына ермексазды толтыра отырып, дайын таяқша жапырақты қадап бекіту.
Көрнекі құралдар мен материалдар:Суреттер, жаңғақ қабығы, ермексаз.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ –жауап,әңгімелесу.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушы күш
Рефлексивті-түзетуші
|
Жылулық шеңбері Арайлып таң атты, Алтын сәуле таратты, Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз, Қайырлы таң балалар.
Тәрбиеші балаларға су көліктері туралы мәлімет беру.Кеме, қайық,желкенді қайық суреттерін көрсетіп әңгімелесу.
- Тәрбиеші балаларға желкенді қайықты жасалу ретін түсіндіреді. - Жаңғақ қабығына ермексазды толтыру. - Дайын таяқша жапырақты қадап бекіту.
Балаларға жұмыс барысында көмек көрсетіліп ,жұмысты ұқыпты жасауы бақылыанды.
Жұмыс аяқталғаннан кейін балалар еңбегін талдап,жетістіктерін атап , ,түрлі-түсті қағазбен қиып жапсыру жұмыстарын орындау ұсынылады. |
Балалар жылулық шеңберіне тұрып сәлемдеседі.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.Қайық туралы қызыға тыңдайды.
Балалар жұмысты мұғалімнің көмегімен орындайды. |
Күтілетін нәтиже
Нені білу керек? Қайық туралы.
Нені игереді? Жаңғақ қабығынан желкенді қайық жасау.
Нені біледі? Алдарына мақсат қоя білуді.