Бекітемін
Күні
Білім беру саласы: «Вариативтік бөлімі»
Ұйымдастырылған іс-әрекеті: «Шебер қолдар»
Тақырыбы: «Қамшы өру»
Мақсаты: Әр түсті үш жіпті өруді және оның ұштарын бекітіп, таяқшаға байлауды үйрету.Өз қолдарымен бұйым жасауға деген қызығушылықтарын арттыру.Еңбек нәтижесіне жетуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар мен материалдар:Түрлі түсті жіптер.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ –жауап,әңгімелесу.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушы күш
Рефлексивті-түзетуші
|
Жылулық шеңбері Арайлып таң атты, Алтын сәуле таратты, Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз, Қайырлы таң балалар.
Балаларға қамшының түрлерін сурет арқылы көрсету.Қамшыны атқа мінерде қолданатынын түсіндіру.Ата-бабаларымыз ертеде атты көлік қылған ,ал қамшы көмекші құрал екенін түсіндіру. Балаларға қамшы өруді үйрету. - әр түсті үш жіпті өру және оның ұштарын бекіту. - және оны таяқшаға байлауды үйрету.
Балаларға жұмыс барысында көмек көрсетіліп ,жұмысты ұқыпты жасауы бақылыанды.
Жұмыс аяқталғаннан кейін балалар еңбегін талдап,жетістіктерін атап , ,түрлі-түсті қағазбен қиып жапсыру жұмыстарын орындау ұсынылады. |
Балалар жылулық шеңберіне тұрып сәлемдеседі.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Балалар жұмысты мұғалімнің көмегімен орындайды. |
Күтілетін нәтиже
Нені білу керек? Әр түсті үш жіпті өруді үйрену.
Нені игереді? Өз қолдарымен бұйым жасауды.
Нені біледі? Еңбек нәтижесіне жетуге тәрбиелеу.