Quantcast
Channel: Балабақша|Дедсад - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 348

Сандар әлеміне саяхат

$
0
0

,

 

 

 

Білім беру саласы: Таным

Ұ000йымдастырылған оқу іс – әрекет түрі: Математика

Тақырыбы: Сандар әлеміне саяхат

Мақсаты: 1-ден 4-ке дейінгі сандарды тура және кері санау. Сан қатарындағы алдыңғы және келесі санды атай білуге үйрету. Балалардың білімдерін ойын кезінде тез ойлап, дұрыс шешім табуға үйрету. Балалардың ойлау, тыңдау қабілеттерін дамыту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: сандар, пішіндер, кейіпкерлер, слайд

Ұйымдастыру кезеңі:

«Шаттық шеңбері»

«Сәлем» десең адамға,

Ол да саған «сәлем» дейді

Мүмкін, бүгін саған да,

Жақсы хабар келеді

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме, балалар

Балалар айтыңдаршы адамдар бір – біріне қашан «сәлем» дейді?

Ал тағы қалай амандасуға болады? (қол беріп амандасу, басын изеу, қолын бұлғау, күлімдеу, «Ассалаумағалейкум»  деу...)

Балалар: Адамдар бір – бірін көрмеген жағдайда сәлем дейді.

Әр халық әртүрлі амандасады. Мысалы: Швецияда – грация, Америкада – хай дейді, Жапондар иіліп тұрады, ирандықтар оң қолын жүрегіне қояды. Балалар қараңдаршы, бүгін бізге көп қонақтар келіп қалыпты. Осы қонақтармен амандасайық.

Негізгі бөлім.

Тәрбиеші: Балалар амандасып болған соң найзағай басталады. Балалар, тез менің қасыма жиналыңдар, көздеріңді жұмыңдар. Көздеріңе құм және шаң түсуі мүмкін. Найзағай болған кезде әуен ойнайды. Топқа шарлар кіргізіліп, еденде үлкен лабиринт төселеді. Балалар, көздеріңді ашыңдар. Қараңдаршы, біз қайда келдік?

Балалар: Орманға

Осы кезде Орман періштесі ұшып келеді.

Орман періштесіне, айтыңызшы, біз қайда тап болдық?

Сендер «Логика» еліне тап болдыңдар.

Тәрбиеші: Ал біз қалай үйге барамыз?

Білмеймін. Мүмкін, «Логика» патшасы көмектесер? Ол бәрін біледі.

Тәрбиеші: Патшайымға қалай баруға болады?

Сендер сиқырлы лабиринттен өтулерің керек, сонда «Логика» патшалығына барасыңдар.

Тәрбиеші: Жарайды, онда «Логика» патшалығына барайық, үйімізге қалай қайтуды сұрайық. Еденге лабиринт төселген. Балалар, мұқият қараңдаршы, қай жолмен жүргеніміз дұрыс?

Балалар лабиринтке қарап жолды таңдайды. Жолда оларға кедергілер кездеседі. Кедергілерде жазу бар: «Есіктеді ашу үшін кілтті табу керек. Бірақ ол үшін мына тапсырманы орындауымыз керек»

Ойын: «Сандарды рет – ретімен қой»

Шарты: Сандарды ретімен орналастырады.

Балалар тапсырманы орындап кілтті табады. Есікті ашып, ары қарай кетеді.

Жолда олар тағы бір кедергіге жолығады.

Ойын: «Кім жылдам»

Шарты: Геометриялық пішіндердің аттарын, түсін жылдам аттап беру керек.

Енді кілтті алуға болады. Балалар кілтті алып есікті ашып, жолды ары қарай жалғастырады. Үшінші есікке бару үшін өзеннен өтулерің керек. Бірақ өзеннен өту үшін тастарды жинауымыз керек.

Қимылды ойын: «Тастарды жина»

Шарты: Өзенде әртүрлі тастар шашылып жатыр, соларды жинайды.

Ойын: «Жоғалған санды тап»

Шарты: Балалар жоғалған санды табуы керек. Балалар тапсырманы орындайды.

Балалардың алдынан кедергілер шығады. Одан өту үшін келесі тапсырманы орындайды.

Ойын: «Лото»

Шарты: Сандарды тура және кері санау екі тілде.

Балалар тапсырманы орындайды. Ойын біткен кезде сиқырлы қақпа ашылады.

Тәрбиеші: Алақай, балалар, біз «Логика» әлеміне келдік.  Балалардың алдынан «Логика» патшайымы шығады.

Логика патшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Менің патшалығымда не істеп жүрсіңдер?

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, құрметті ханшайым. Біз сізге бір өтінішпен келдік. Үйімізге қалай баруды білмей тұрмыз. Сіз бізге көмектесе аласыз ба?

Логика патшайымы: Мен сендерге сиқырлы әлемнен қайтар жолды табуға көмектесемін. Бірақ ол үшін сендер маған және менің қонақтарыма сыйлық қалдыруларың керек.

Тәрбиеші: Жарайды, біз өз  қолымызбен сыйлық жасап береміз. Балалар бізде пішіндер бар ғой, соларды бояп, патшайымға берейік.

Жеке жұмыс: Балалар үстел үстіндегі трафареттің пішіндерін бояуы керек.

Патшайым: Қане, енді көздеріңді жұмыңдар. Балалар тәрбиешінің қасында тұрып, көздерін жұмады. Осы кезде найзағайдың дауысы естіледі (лабиринт және шарлар жиналады)

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, біз балабақшаға келдік.

Қорытынды:

Балалар «сендер бүгін» сандар әлеміне саяхат жасадыңдар ма?

Сендер қандай санмен таныстыңдар?

Балалар, біздің сиқырлы елінен шығуымызға кім көмектесті?

Бүгінгі сабақ ұнадыма сендерге?

Жүректен – жүреке:

         Балалар шеңбер құрып отырады. Балалар, біз бүгін саяхатқа шықтық және көп қызықтарға тап болдық. Айтыңдаршы, көңіл – күйлерің қалай?

Мен сендермен өзімнің көңіл күйіммен бөліскім келеді. Ал, сендер ше?

Біздің де көңіл күйіміз жақсы.

Мен сендерге күлкі сыйлаймын

Біз де сізге күлкі сыйлаймыз.

Мен қуанамын.

Біз де қуанамыз.

Мен сендерді жақсы көремін

Біз де сізді жақсы көреміз.

Құм терапиясы:

Ал, енді балалар құмның бетіне өзіміздің қолымызды батырып сурет салайық.  Бүгінгі суретімізді көрген адамдар қуанып қалсын.

Балаларды мадақтау.

 

 

 

 

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 348

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>