Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
«Бейнеу ауданының әкімдігінің «Бейнеу санаторлық бөбекжайы» КММ
Құрметті, бүлдіршіндер, тәрбиешілер бүгінгі «Ана тілім – ардағым» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Қуаныш бүгінгі мереке
Шуағын шашып тұр әлем
Өнердің түскен жолына
Жас досым саған мың сәлем!
Әр таңды бақытпен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға келді ортаға
Сүйкімді балаларды шақырамыз.
- Атына көркі сай – Өтеген Жанель
- Қылығымен баурап алатын сүйкімді – Үсенова Жарқынай
- Айдидарлы әсем қызымыз – Балтабай Ғазиза
- Ақылды, инабатты – Болат Аида
- Арыстандай айбатты, зерек – Байболов Жандарбек
- Алғырда зейінді бүлдіршініміз – Боранбаева Жансая
- Еліктің лағындай ерке қызымыз – Болат Ақбота
- Сегіз қырлы, бір сырлы Орақбай Жанболат
- Батыл да алғыр – Серікбаев Ербол
Шеберлікті білімді,
Сараптап, сіздер көріңіз
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіз – дей келе сайысымызды бастамас бұрын, «қара қылды қақ жарған» әділ қазылар алқасымен таныстырайық.
- Хилибаева Жанар
- Боқаева Амангүл
- Таджибаева Камшат
Әр сайыс кезеңдерін 1 – 5 ұпай сандарымен бағалайды. Әр сайыс кезеңдерінен кейін әділқазылар өз бағасын беріп отырады. Бүгінгі сайыс 4 кезеңнен тұрады.
- Таныстыру
- Көркем сөз
- Ертегі құрастыру және қай ертегі екенін атау.
- Өз өнері
Құрметті бүлдіршіндер сіздерге сәт сапар!
Бет ашарын сайысымыздың бастайық
Көрерменді бір селпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін
Өнеріне ду қол соғып қоштайық.
Жарайсыңдар балалар.
Әділ қазы алқасынан бағасын сұраймыз.
Ана тілім – күнім мнің қуатым
Жырым сендік жүрегіммен туатын
Тауысарма ырысыңды, қорыңды
Тізерлесіп қатар жазса, мың ақын – деп сайысымыздың келесі бөлімі «Көркем сөз» оқу шеберлігі
Әділ қазылардан әр бүлдіршіндердің ұпай сандарын беріп отыруларыңызды сұраймыз.
Ойнайықта, ойлайық
Қатардан артта қалмайық
Белсенділік танытып
Ортаға енді шығайық.
Ендігі кезекті бүлдіршіндеріміздің ойлау қабілетін, зеректігін сынайық. Бұл сайысымыздың түрі «Ертегі құрастыру және қай ертегі екенін атау»
Жарайсыңдар, балалар!
Әділ қазылардан ұпай сандарын сұраймыз.
Келесі кезекте «Өнерлі өрге жүзер» демекші бүлдіршіндеріміздің өз өнерін тамашалайық.
Өлең айтып, тақпақ жаттап
Ән салыпта билейміз
Оқу менен еңбекте
Тәрбиеленіп келеміз – дей отыра ортаға өнерлі бүлдіршіндерімізді шақырамыз.
Жарайсыңдар, балалар!
Әділ қазылардан бағасын сұраймыз.
Қазақ биі қыздарымыздың орындауында.
Міне сайысымыздың мәресіне таяп қалдық. Терең ойды алдай қалыпқа сыйғызып, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жинақтап айтатын әділ қазы алқасына сөз береміз.
Жүлделеріңіз құтты болсын, бүлдіршіндер!
Міне осылайша «Ана тілім – ардағым» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл әр ұлттың қайталанбас байлығы, тіл бар жерде ұлтта, елде, жерде бар. Ана тілімізден артық қазына, ана тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік. Уақыт бөліп көргендеріңізге рақмет. Ана тілімізді қастерлейік.
Қош сау болыңыздар.