Тақырыбы: «Құтты болсын Жаңа жыл»
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай отырып орындауға төселдіру.
Мерекеге сай безендірілген залға әсем әуенмен балалар кіреді.
Ән: «Елка»
Жүргізуші:
Келді міне жаңа жыл сәуле шашып,
Құлпырады табиғат нұры тасып.
Жаңа жылды ағайын қарсы алайық,
Шашу шашып, би билеп, ән салайық.
Осы кезде қардың сықырлаған дауысы естіледі.
Жүргізуші: Балалар, мен қардың сыбдырын естіп тұрмын. Сендер естідіңдер ме?
Балалар: Иә. Естідік.
Залға билеп Аққала кіреді. Аққала балалармен амандасады. Шыршаға таңырқап жүрген кезде шырша түбіндегі қоянды көреді. Қоян жылап отырады
Аққала: Ақ қоян – ау, ақ қоян неге жылап отырсын?
Қоян: Мен мына шыршаны әдемілеп безендірген едім. Бірақ оның шамдары
жанбай тұр.
Аққала: Жылама қоян, біз саған шырша шамдарын жағуға көмектесеміз.
Бір, екі, үш.
Шырша шамы жарқырай түс (свет сөніп шырша шамы жанады)
Жүргізуші: Қандай тамаша шыршамыз жарқырай түсті.
Қоян: Алақай, шыршамның шамдары жанды.
Жүргізуші: Енді, шыршаға арнап «Шырша» әнін шырқайық.
Ән: «Дин Дин»
Аққала: Балалар, ортамызға бізбен бірге бір жыл болған «Тауық» жылын
шақырайық. Ескі жыл қайдасын? (осы кезде ескі жыл кіреді)
Жүргізуші: Қош келдің ескі жыл. (Балалар амандасады)
Тауық : Кішкентай менің достарым.
Алғысым көп айтар менің
Дәл осындай артығырақ
Қарсы алындар ит жылын.
Жүргізуші: Ескі жыл сен жаңа жыл келгенше бізбен бол. Көңіл көтеріп, ән
салып, би билейміз.
Осы кезде аңдар келеді (қасқыр, аю, түлкі)
Қасқыр: Мына жерде не болып жатыр? Жақындаған сайын әсем әуенмен
балалардың көңілді дауыстары естіледі.
Түлкі: Қасеке, мен білсем бұл үлкен мереке болып жатқан сияқты. Балаларда
әдемі киініп алыпты.
Аю: Иа, түлкіжан сен дұрыс айтасың. Мұнда күндегіден әдемі болып кетіпті. Мына шыршаға қарап жаңа жыл мерекесін тойлап жатырма деген ой келді.
Жүргізуші: Ооо балалар, қараңдаршы бізге қонаққа кімдер келген?
Балалар: Аю, түлкі, қасқыр
Қоян: Балалар, міне менің достарым да келіпті, бәріміз көңілді би билеп, бойымызды сергітіп алсақ қайтеді.
Би: «Аңдар биі»
Жүргізуші: Қараңдаршы мына шыршаға неткен сұлу, көрікті еді. Жаңа жылдық
шыршамызға бәрі келіпті. Қазір Аяз атамыз бен Ақшақар да келіп
қалар. Енді қарап тұрмайық бәріміз бірге дауыстап Аяз атамен
ақшақарды шақырайық.
Балалар: Аяз ата, Ақшақар (дауыстап шақырады)
Әуен ойналады. Залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Балалар қошеметпен қарсы алады.
Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым,
Амансың а, қыздарым.
Қандай әсем жүздерің.
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан,
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Өздеріңді сағынып келік. Жаңа
жылдарыныз құтты болсын. Өтіп кеткен тауық жылына аман-есен
саулық тілеп, келер жылымыз, ит жылы табысты жыл болсын, береке
бірлік әкелсін.
Жүргізуші: Аяз ата алыстан шаршап келген шығарсыз. Біздің балалардың
өзінізге тақпақтарын тамашаланыз.
Ән: «Шырша жыры» Айзере
Тақпақтар:
Жүргізуші: Аяз ата біз бәріміз осында жиналдық бірақ жаңа жыл әлі келген жоқ. ол бізді таба алмай жүр ме екен? (осы кезде иттің дауысы естіледі)
Аңдар: Мынау иттің дауысы ғой. Жүріндер тез кетейік.
Жүргізуші: Жо-жоқ кетпеңдер. Бүгін мереке. Ит сендерге тиіспейді.сендерге
ешкім зиян келтірген жоқ.
Көңілді әуенмен ортаға жаңа жыл ит келеді.
Ит: Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық.
Жаса, жаса достық, бірлік, туыстық.
Құттықтайық жаңа жылды өнермен,
Қуаныштың әр минуты тым ыстық.
Тауық: мен сендерге молшылық, бақыт әкелдім,
Мына келер жылға тілегім.
Жасампаз заман бұл заман
Бүгіннен ертең ғаламат
Алдыңғы сапта боларсың.
Хош сау болыңдар! (ескі жыл шығып кетеді)
Ит: Жаңа жылды өнер сапар қайсың бар,
Алға шығып өлең, тақпақ айтыңдар.
Жаңа жылда сыйлық алып қайтындар.
Би: «Гумибер» (иттер)
Тақпақтар:
Аяз ата мен Ақшақар: Жарайсыңдар балалар, сендер өте білімді көңілді балалар
екенсіндер.
Аққала: Балалар, менің де сендерге әкелген өзімнің тартуым бар. Сендердің
менімен ойын ойнағыларың келе ме? қоян, қасқыр, аю, түлкі сендер
де бізбен ойын ойнап, балалармен көңіл көтеріңдер.
Ойын: «Шыршаны безендіреміз»
Шарты: екі топқа бөлінеді. Екі шыршаны екі қораптағы шырша
ойыншықтарымен безендіру керек. Кім жылдам шырша безендірсе сол
жеңімпаз болады.
Жүргізуші: Балалар, Аққаланың ойыны ұнады ма?
Дөңгеленіп тұрмайық,
Ойын-сауық құрайық.
Би билейік тамаша
Жаңа жылға лайық.
Ақшақар: менің көмекші тиіндерім қандай екен. Аяз атаға арнаған билері бар еді.
Би: «Тиіндер»
Аяз ата: Ал, қарақтарым мені күтіп отырған сендер сияқты қаншама балаларым бар. Мен енді сонда барайын. Сендерге көп рахмет. Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шындардан көрініңдер! Ақшақар бүгінгі мерекеге әкелген сыйлықтарымызды таратып берейік.
Тілектерін ақ болсын.
Бастарына бақ қонсын.
Келер жылы келермін.
Өнер тағы көрермін.
Сыйлық әкеп сендерге,
Көптен, көптен беремін.
Жақсылыққа қаныңдар
Тек биікке қоныңдар.
Келесі жылы көргенше
Амандықта болындар.
Түлкі: Аяз ата, Ақшақар бізде сендермен барайықшы?
Аяз ата: Жарайды.
Жүргізуші: Ал, құрметті балалар Аяз ата мен Ақшақарды және достарымызды шығарып салайық.
(Балалар қоштасып шығарып салады).
Құрметті ата-аналар мен қонақтар! Жаңа жыл барлық отбасыларынызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектерініз жемісті болсын. Бүлдіршіндеріміз аман болсын, қуанышымыз мол болсын. Жаңа жыл құтты болсын. Осымен біздің бүгінгі «Құтты болсын жаңа жыл» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!