Тегі: Бабиева
Аты: Дана
Әкесінің аты: Кайратовна
Білімі: Жоғары
Бітірген оқу орны: Семей мемлекеттік педагогикалық институты
Мамандығы: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
Біліктілігі: Тәрбиеші
Жұмыс орны: ұйым, ауыл, аудан атауы: ШҚО, Теректі ауылының балалар бақшасы.Теректі ауылы, Күршім ауданы.
Жалпы еңбек өтілі: 3 жыл
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: «Құрастыру»
Тақырыбы: «Үй құстары»
Мақсаты:
Білімділік: Үй құстары туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Ұқыпты жұмыс істей білуге дағдыландыру.
Тәрбиелілік: Құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Блингвальды компонент: Курица - цыплёнок, утка - утёнок, гусь – гусёнок, петух.
Көрнекілігі: Үй құстары
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жұмбақтар.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің басқару әрекеті |
Балалардың іс-әркеті |
|
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
|
Шаттық шеңбер: Күннің көзі ашылып, -Балалар қазір бізде құрастыру сабағы. Сабақтың тақырыбы: «Құстар». Бүгін біз сендермен үй құстарымен танысамыз. -Балалар, мен осы үй құстарына байланысты жұмбақ жасырғым келіп тұр. Қанекей сол жұмбақтың жауабын тауып көріңдерші. Жұмбақ: 1.Бұрап қойған сағаттай, Оятады таң атпай. Ол не? 2. Екі аяғы да жоқ, 3. Балпаң-балпаң басады, 4. Суға түссе балықтай, 5. Күн батса қонақтап қалғыған, 6. Ақ сарайын талқандап, Тақтаға ілінген суретке назар аудару. -Қараңдаршы бұл не? -Тауықтың түсі қандай? -Ал бұл балалар тауықтың балапаны. Балапанның түсі қандай? -Тауықты орыс тілінде «курица», ал балапанды «цыплёнок», - деп айтады. -Ал қандай үй құсы? Әтешті орыс тілінде «петух», деп айтады.
|
Балалар жартылай шеңберге тұрып, тәрбиешінің соңынан қайталайды.
-Балалар қызығушылықпен жұмбақты тыңдап, жауабын айтады.
-Әтеш
-Жұмыртқа
-Қаз
-Үйрек -Тауық
-Балапан
-Тауық -Тауықтың түсі қызғылт, тоқ сары. -Балапанның түсі сары. -Курица -Цыплёнок -Әтеш, петух |
|
|
-Бұл қандай үй құсы? -Үйректің жанындағы не? -Үйректі орыс тілінде «утка», үйректің балапанын «утёнок» деп айтады. -Ал бұл қандай үй құсы? -Қаздың жанындағы не? -Қазды орыс тілінде «гусь», ал балапанын «гусёнок» деп айтады. Қанекей бірге қайталап айтайықшы. Тауық, қаз, үйрек, әтеш - бұлар үй құстары. Адамдар оларды асырып күтеді. Себебі, адамдар олардың еті мен жұмыртқасын тамаққа пайдаланса, құстың жүні мен мамығын жастық, көрпе, күртеше жасайды. Үй құстары жәндіктермен, жем, тамақ қалдықтарымен қоректенеді. Адамдар оларға арнап қора салады. Оны тауық қора деп атайды. Мысалы, бейне көріністен тауықтың балапанын көрейік. Бұл көріністе балапанның жұмыртқа ішінен қалай шығып келе жатқандығы көрсетілген. Дидактикалық ойын: «Ұшты-ұшты» Мақсаты: Не ұшатынын, не ұшпайтынын білу. Ақыл-ойын дамыту. -Ал енді геометриялық пішіндер арқылы баланды құрастырамыз. -Мынау қандай пішін? -Түсі қандай? -Ал мынау қандай пішін? -Түсі қандай? -Мынау ше? Түсі қандай? -Мынау ше қандай пішін? Түсі қандай? -Ал мынау балалар кішкентай қара дөңгелек балапанның көзі болады. Енді осы пішіндерден балапанды құрастырамыз. (Тәрбиеші алдын-ала қалай құрастыру керектігін көрсетеді.) Құрастырып болған соң, ақ қағаз бетіне желімдейміз.
|
-Үйрек -Үйректің балапаны -Утка, утёнок
-Қаз -Қаздың балапаны -Гусь, гусёнок
Балалар мұқият тыңдайды.
-Бейне көріністен балапанды көреді.
«Ұшты-ұшты» ойынын қызығушылықпен ойнайды.
-Дөңгелек -Сары -Сопақша -Сары -Үшбұрыш, қызыл түсті. -Үшбұрыш, сары түсті.
Балалар балапанды құрастырып, желімдейді.
|
|
Рефлексивті түзетушілік
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
Нені білу керек:
Нені игереді:
Нені білді:
|
Сергіту сәті: Қуыр - қуыр - қуырмаш, -Балалар, жұмыстарыңды бітірсеңдер, көрме ұйымдастырып жіберейін. Балалардың құрастырып, желімдеген балапандарын бір-бірден көрсетіп, мадақтау. -Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? -Бүгін біз қандай құстармен таныстық? -Қанекей құстардың орыс тілінде қалай аталуын, қайталап айтайықшы?
-Қандай құсты құрастырып, желімдедік? -Балапанның түсі қандай? -Аяқтары мен аузы қандай түсті? -Балапанның құйрығы қандай түсті? -Көзі қандай түсті? -Жарайсыңдар балалар, сендер бүгін сабаққа жақсы қатыстыңдар.
-Үй құстары туралы түсінікті.
Үй құстарының орыс тіліндегі атауларын игереді.
Құстарды күту керектігін білді.
|
Балалар сергіту сәтін қызығушылықпен орындайды.
Балалар жасап болған жұмыстарын тәрбиешіге береді.
-Иә
-Үй құстарымен таныстық.
-Тауық – курица, тауықтың балапаны – цыплёнок. -Әтеш – петух. -Үйрек – утка, үйректің балапаны – утёнок. -Қаз – гусь, қаздың балапаны - гусёнок. -Балапанды құрастырып, желімдедік. -Түсі сары -Қызыл түсті -Сары түсті -Қара түсті
|