Quantcast
Channel: Балабақша|Дедсад - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 348

Тақырыбы: «Киіз үй»

$
0
0

Бекітемін:_________

«Балдәурен»ясли бақшасның

Әдіскері: Утебаева.Қ

Тақырыбы: «Киіз үй»

Мақсаты: 1. Балаларды киіз үй құрлысымен таныстыру.

  1. Баланың сөздік қорын молайту арқылы, салт – дәстүр туралы ұғымдарын қалыптастыру.
  2. Балалардың бойына ата – мұра құндылықтарын қастерлеуге салт – дәстүрді біліп – үйренуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, ойын сұрақ – жауап, жұмбақ шешу.

 Сабақ көрнекілігі: Киіз үй тігілген, киіз үй жабдықтары. Тәрбиеші: Балалар қонақтармен амандасайық..

Шаттық шеңбер орындалады.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

 Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

Тәрбиеші: Балалар біз ненің ішінде тұрмыз? Балалар киіз үйдің ішінде тұрмыз деп жауап береді. Балалар киіз үйдің құрал – жабдықтарын, құрлысын кім біледі атай алады. (балалар иә, жоқ деп жауап береді)

Тәрбиеші: Дидактикалық ойын «Киіз үй» ойнатылады.

Көтеріліп шаңырақ (қолдарын жоғары көтереді) Уықтары шаншылып (қолдарын жоғары көтереді) Керегелер керіліп (алақандарын ашады ) Өрім дей болып өрілер (қолдарын белге қояды) Бәріміз бірге жүрсек айналып, киіз үй болып көрінер.

Тәрбиеші: Ендеше балалар мен сіздерге қазақтың киіз үйі туралы түсіндіріп өтейін. Тәрбиеші киіз үйдің құрал – жабдықтарымен таныстырып, қазақ халқының салт – дәстүрін байланыстыра отырып киіз үй туралы мол мағлұмат береді. - Киіз үй ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ыңғайлы. Ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел, дауылға көп шайқалмайды. Киіз үйдің негізгі қаңқасын сүйегі деп атайды. Олар: кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық (жарма есігі). Кереге – киіз үйдің ағаштан жасалған жиналмалы торкөзді сүйегі. Шаңырақ – киіз үйдің уықтарын біріктіріп, еңсесін көтеріп, тұтастырып ұстап тұратын дөңгелек шеңбер. Уық – кереге мен шаңырақтың арасын ұстап, қосып тұратын сырық. Киіз есік – сықырлауықты жауып, шаңырақ арқылы өткізіп байланады. Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарық теріден жасалады. - Үй жиһаздарына да толық мағлұмат беріп өту. Абажа – тамақ пен ыдыс – аяқ сақталатын кебеженің үлкен түрі. Ағаштан жасалып, киізбен, былғарымен қапталған. Кебеже – сүт ет, құрт, шай салып сақтау үшін ағаштан жасап, өрнектеген үй жиһаздары. Әбдіре – зат сақтайтын үлкен сандық. Сырты қаңылтырмен әшекейленіп қапталады. Ағаш төсек – жату үшін пайдаланатын үй жиһаздары. Асадал – тамақ пен ыдыс – аяқ сақталатын кебеже. Жастықағаш – ерте кезде жастықтың астына салынатын ағаш тиянақ. Адалбақан – киім ілуге арналған үй жиһаздары. Жүкаяқ – үйде жүк астына қоятын ағаш зат. Сандық – киім - кешек, б. б. зат салуға арналған үй жиһаздары. Төсеніштер: Алаша, киіз, сырмақ. Тұскиіз – сәндік үшін төсектің тұсына тұратын үй бұйымы. Қоржын – екі жағын тең етіп тоқылған, не құрап тіккен зат салатын дорба. Аяққап – ыдыс – аяқ салатын қапшық. Екі бетін киізден тігіп, бетін о - - өрнек салып не кестелеп әшекейлейді. Балалардың жауабы: Киіз үй құрлысын атап береді. - Кереге, шаңырақ ,,уық,, босаға, сықырлауық, табалдырық, маңдайша. Киіз үй жабдықтарын атап береді. - Іргелік, туырлық, үзік, түндік, ши, есік.

Сергіту сәті: Кел балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Шаңырақты көтеріп,

 Керегені құрайық.

Уықтарша иіліп,

Шаңыраққа қосылып.
Қазақ үйді құрайық.

 Тәрбиеші: Балалар киіз үй туралы жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Қабырғасы тор көз,

Төбесінде зор көз. (Кереге, Шаңырақ)

Тұмсығын тесіп.

Жүннен бұйда есіп

 Қазыққа байлады. (Уық )

Төбедегі көзінен.

Күн сәулесі түседі.

Бұрышы жоқ төрінен.

 Самал еркін еседі. (Киіз үй )

Жетпіс екі найзасы.

Біріктіріп тұрады. (Шаңырақ)

Тәрбиеші: Балалар біз бүгінгі сабағымызда не білдік, не үйрендік. Ненің құрлысымен таныстық? - Киіз үйдің қандай құрал – жабдықтарын білдіңдер? - Киіз үйдің құрылысы қалай аталады екен? Балалар жауап топ болып сұрақтарға жауап береді.

Тәрбиеші сабақты қорытындылайды. Балалар бүгінгі сабаққа барлықтарың жақсы қатыстыңдар. Киіз үймен таныс екендеріңді таныттыңдар. Сабаққа жақсы қатынасқан балаларды мадақтау.

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 348

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>