Quantcast
Channel: Балабақша|Дедсад - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 348

Елбасым - тірегім

$
0
0

«Елбасым - тірегім»

 

Мақсаты: Елбасының туып - өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Әнұран орындалуы. Рәміздермен таныстыру.

Елбасының ұстанымымен,өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын,жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Елбасының портреті, рәміздер,

Әдіс-тәсілі: Сұрақ - жауап,әңгімелеу, слайд көрсету.

 

Сабақ барысы:

Сәлеметсіздер ме, балалар! Армысыздар, құрметті қауым!

Сіздерді бүгінгі «Елбасым - тірегім» атты ертеңгілігімізде көгенімізге қуаныштымыз!

Ер болдық,ерік алдық астаналы,

Енді кімнен, қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады! - деп ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз!

Әнұран орындалады.

Тәрбиеші: Балалар, мынау кімнің суретін көріп тұрмыз?

Балалар: Бұл кісі - Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы.

Тәрбиеші: Бұл кісі - бізге кім болады?

Балалар: Бұл кісі - біздің елбасымыз.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар, бұл біздің елбасымыз - Н.Ә.Назарбаев. Кәне, балалар, осы елбасымыз туралы кім тақпақ айтады?

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

 

Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

 

Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып - арманы,

Халқымызда - ажарлы

Осының бәрі - әрине,

Елбасының - арқасы.

 

Сіздің атыңыз - Нұрсұлтан!

Туған елім - Қазақстан!

Мен сізден үлгі алам,

Қазақстаныммен мақтанам!

 

Ауыр күнді артымызға тастауы,

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым - қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаның бастауы.

Тәрбиеші: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өмір жолы қиында қайталанбас көп қырлы болған. Елбасымыз 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданында Шамалған ауылында, Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Балалықшағы таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқыды. Ата - анасын құрмет тұтты. Ұшқыш болуды армандады.

Слайдтан балалық шағын, өмірін, отбасын көрсету.

Тәрбиеші: Қ.Р. Тәуелсіздік алғалы, міне, 20 жылдан астам уақыт өтті. Мемлекетіміздің Тәуелсіздік ел болғанымыз - осы елбасымыздың арқасы екенін ұмытпайық.

Сергіті сәті:

Оңға - түзу тұр,

Солға - түзу тұр.

Алға қарай - бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары - төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Енді, балалар, біз өзіміздің рәміздерімізге тоқталып өтейік. Мынау - біздің елбасымыз. Елтаңбамызда шаңырақ, пырақ бейнеленген. Ал, мынау не?

Балалар:Ол - біздің туымыз.

Тәрбиеші:Туымызда не бейнеленген?

Балалар:Күн, қыран құсы және оюымыз бейнеленген.

Тәрбиеші:Туымыздың түсі қандай?

Балалар:Туымыздың түсі - көк. Ал күн мен қыран құстың түсі сары және оюымыздың түсі де сары.

Тәрбиеші:

Әнұраным - жанұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім - сағынарым,

Жүрсем, егер, дүние кезіп.

Бақыт, бірлік күн талабы,

Тоқтамайды дабыр әні.

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам - Әнұраным!

Біздің әнұранымыз да бар. Кәне, бәріміз, әнұранды орындайық.

Әнұранды балалар орындайды.

Тәрбиеші: Біздің елордамыз - қай қала?

Балалар: Астана қаласы.

Тәрбиеші: Астана қаласында қандай әдемі жерлер бар?

Балалардың жауабы.

Тәрбиеші: Егеменді ел болып,тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт - Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш,көлкөсір оқиға, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Ғасырлар бойы бостандақты аңсаған қазақ халқы үшін бұл шынында да айтып жеткізілмейтін - мол бақыт, асыл арманның жүзеге асуы еді. Осының бәрі - еліміздің тұңғыш елбасы - Нұсұлтан Назарбаев Әбішұлының арқасында!

Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

Алу мақсат - Ел деп алғыс жауыпты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.

Құрметті қонақтар, балалар, бүгінгі елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сау болыңыздар!

 

 

 

 

Муханбеткалиева Багила Кабдешовна

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, №33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК, тәрбиеші


Viewing all articles
Browse latest Browse all 348

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>