«Өрттен сақтануды білейік»
Мақсаты: Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру, қауіп төнген кезде өздерн қорғай білуге машықтандыру, өз өмірлері үшін қауіпті екнін ұқтыру. Өрт сөндірушілердің қалай жұмыс жасайтындарын көрсете отырып, осы мамандыққа дегшен құрмет сезімдерін күшейту. Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Телефон, шелектер, өрт сөндіру машинасы, құм,балта, су, күрек, өртеніп жатқан үйдің макеті.
Тәрбиеші:
Таңғы шеңбер ұйымдастырады.
Армысың, мейірімді аспан Ата,
Армысың, қайырымды жер Ана,
Армысың шұғылалы нұрлы күн.
Армысың балабақша , дорс-жараң,
Армысың, құрметті қонақтар!
Сахнада үй.( көңілді музыка ырғағымен сайқымазақ келеді).
Тәрбиеші: Саламатсыз ба? Сайқымазақ сен мұнде неғып жүрсің?
Сайқымазақ: көңілімнің түсіп тұрғаны. Көңілімді көтертіндей не бұзықтық жасасам екен?(қолындағы сөмкесін сілкейді де, сіріңкенің дайысын құлағы шалып қалады) О,О,О, менің сөмкемде сіріңке бар екен ғой, қалай бақамағанмын? Сөйтіп сіріңкесін бір-бірден жаға бастады.
Ескендір: Ой сайқы мазақ. Сен мұнда не істеп жүрсің?
Сайқымазақ: Артынан шыққан дауыстан қорқып кетіп селк ете қалады!
Ой, қорқытып жібердің ғой. Не болды сонша айқайлап? Мен бар болғаны сіріңкені жағып ойнадым ғой. Ал сен болсаң мен үлкен өрт шығарардай айқайлайсың
Ескендір: Қайдан білесің, мен сені тоқтатпағанда бұл ойынынң үлкен өртке ұласар ме еді?
«Ойыннан от шығар» деген мақал бар.
Сайқымазақ: Қойшы сен де бір сіріңкеден қандай өрт шығар дейсің?
ӘминаТ: (сіріңкенің макетін ұстап)
Балалар-ау балалар,
Сіріңкеге қараңдар
Өзі кішкентай болса да,
Бойында алып бір күші бар.
Сіріңкемен ойнасаң,
Абайсызда от шығар,
Соны есте сақтаңдар.
Сайқымазақ: О мен енді түсіндім. Сріңкеңнің тентек екенін бұрын білмеппін.
Қауіпті екен сіріңке
Осы бәрі біледі
Дос болудың сіріңкемен
Жоқ-ау сірә кереге.
Тәрбиеші: Сайқымазақ, біздің балалар дұрыс айтады. Сіріңкемен ойнауға болмайды.
Тәрбиеші: Сайқымазақ кенеттен сенің үйіннен өрт шықты, не істерт едің?
Сайқымазақ: Мен төсектің астына тығылып қалар едім.
Тәрбиеші:Өрт кезінде шкафтың, керуеттің ішіне тығылып қалуға болмайды. Өрт қатты жанап тұрмаса, үйдің іші түтін болса тез шығып кету керек. Себебі: түтін өрттен де қауіпты, сондықтан түтін мен дем алмауға тырысып, ауыз бен мұрынды сулы шүберекпен жауып алу керек. Қосылған электронды үтікті, телевизорды қараусыз қалдыруға болмайды.
Тәрбиеші: Сайқымазақ көз алдынызға елестетіңізші. Сіз бір үйдің терезесінен будақтап түтін шығып өртке оранып жатқанын көріп қалдыңыз. Сіз не істер едіңіз?
Сайқымазақ: Кім? Мен бе? мен қашып кетер едім., Әйтпесе басқалар үйді өртеген мен деп ойлап қалады?
Тәрбиеші: Сайқымазақ қашып кеткенің қалай? Көмектесуіміз керек емеспе? Балалар сайқымазақ білмейді екен.Өрт шыққан кезде ең алдымен не істеуіміз керек.
Балалар: «101» номеріне телефон шалуымыз керек.
Асылы:
Егер кенет от шықса,
Зыр жүгіріп тек тұрма.
101 – ге хабарла
Ұмытпа сен айтуды,
Мекен – жайды, атыңды.
Ойын: «101» номерін теру.
Тәрбиеші: Сайқымазақ, сен білесің бе, өрттен немен өшіруге болады.
Сайқымазақ: Иә мен өте жақсы білемін. Отты жемістерімен, көкіністермен, тамақтармен өшіруге болады.
Тәрбиеші: Сен оны қайдан шығарып жүрсің? Сонымен сайқымазақ тыңда: Біздің балалар айтып береді. Өрт сөндірушілердің пайдаланатын құрал- жабдықтарына назар аударайық.
Шелек, күрек, балта, құм, су, өрт сөндруші, өрт сөндіру машинасы.
«Ойлан тап» ойыны. (жұмбақтар)
Нұрдәулет: (шелек) Жуылған киімдеріміздің қыртысын кептіріп,
ретке келтіретін зат. (үтік)
Бекежан: (балта)
Күндіз жіпке байладым
Күндіз ұйықтап, түнде тұрар
Айналаны жап-жарық қылар (электр шамы)
Мирас: (құм)
Өзінің түсі қызыл,
Дауысы шықса жаңғырар
Өрт шықса көмекке дайын тұрар (өрт сөндіру машинасы)
Тоғжан: (су)
Жалынмен алысқан,
Өрт сөндіріп жарысқан.
Бәріне көмек берер,
Дер кезінде көмекке келер. (өрт сөндірушілер)
Ойын. «Дұрыс немесе бұрыс» (лентамен)
Тәрбиеші: Ал сайқымазақ ойына не түйіпті.
Сайқымазақ: Балалар, бүгін мен сендердің өрт қауіпсіздігі жайлы ережелерін білдім, көп нәрсе үйрендім. Енді мен сіріңкемен ойнамаймын. Балалар мен сендерге көп рақметімді айтамын. Сендер нағыз өрт сөндіруші екенсіздер. Сау болыңдар.
Өрт сөндіруші маманы: сабақты қорытындылап слайд көрсетіледі.
«Қоштасу шеңбері»
Ал кәнеки балалар,
Тік түзу боп тұрайық.
Көріскенше күн жақсы
Сау-саламат болайық.
Магзумова Гулшат Кенжебековна
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, №33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК, тәрбиеші