Quantcast
Channel: Балабақша|Дедсад - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 348

Сөздер патшалығына саяхат

$
0
0

Қызылорда облысы  Қазалы ауданы Әйтеке би кенті

№11 «Балапан» балабақшасы

Тәрбиеші:  Аблаева В

 Күні: 

Тобы: «Ақбота» ересек тобы.

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Сауат ашу және жазу негіздері»

Тақырыбы: «Сөздер патшалығына саяхат»
Мақсаты:  Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, жазуға қолдарын жаттықтыру, әр түрлі тапсырмаларды орындату арқылы логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру,ойын арқылы тілдерін,ой-өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Өткен оқу іс-әрекеттеріндегі әріптері бар сөздерді ойлап табуға, дауысты- дауыссыз дыбыстарды бір-біріне ажыратуға, сөздерді буынға бөлуге, ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ғажайып сәт, әріптер, суреттер,әуенді кесте.

Методикалық әдісі: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, мадақтау.

Билингвалды компонент: шегіртке-кузнечик,құмырсқа-муравей,ара-пчела,шыбын-муха,маса-комар.

 

Әрекет кезеңдері

     Тәрбиешінің       іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

 

Мотивациялық

қозғаушы

 

 

 

Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетімізге келген қонақтармен амандасып алайық.

 

-Балалар, оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын,шеңберге тұрып,бір-бірімізге есімдеріміздің бас әріпінен бастап, жүрекше  арқылы, жылы лебізімізді білдіріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайықшы.

 

 

Балалар амандасады.

Әсет әдемі бол,

Айзере ауырма,

Бекдәулет  бақытты бол, Нұрай нұрлы бол,

Гүлсім  гүлдей жайнап жүр,Саяжан сыйлы бол,Ақерке ақылды бол,Перизат парасатты бол,Жанел жайдарлы бол.

 

Барлығы бірге айтады:

 

Бақыт деген осы шаттық шеңбері.

Қол ұстасып тұрайықшы кел бері.

Бақыт деген көрмей қалсақ сағынып,

Мен іздейтін  адал жүрек сендегі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іздену

ұйымдастырушы

 

-Балалар, өткен оқу іс – әрекетіміздегі әріптер мен дыбыстарды есімізге түсірейікші.

 

-Алдымыздағы айнаға қарап, дыбыстың шығу жолдарында есімізге түсірейік.

 

- Өткен әріптерге тоқталып өту.

- Енді, балалар әуенді кестеден кім көрсетеді.

- Ғажайып сәт:

Ханшайым келеді (тәрбиеленуші Айлен)

-Сәлеметсіңдер ме балалар бұл ересек тобы ма? Мен дыбыстар әлемінен келіп тұрмын. Бізде көптеген әріптер бар. Сол әріптер бір жерде тұра алмаған соң дауысты және дауыссыз болып екіге бөлініп кетті. Балалар дауысты және дауыссызды ажырату үшін дауыстыға қызыл көйлек, дауыссызға көк көйлек, кигізіп ажыратқан екен.

- Мен сендерге әріптер мен дыбыстардан құралған сөздер туралы көптеген тапсырмалар әкелдім. Тапсырмалар орындасаңдар сыйлықтарым бар. Мен сендермен қоштасайын, сыйлықтарды да,тапсырмаларды да апайларыңа беріп кетейін. Сау болыңдар балалар!

- Ханшайым қош айтысып кетеді.

- Ал, балалар, тапсырмасын көрейік.

- 1 - тапсырма. «Ханшайым қоржыны»

 Билингвалды компонент: шегіртке – кузнечик, көбелек – бабочка, құмырысқа – муравей, ара – пчела, шыбын – муха, инелік – стрекоза, маса – комар.

 

2 - тапсырма. Сөздерді буынға бөлу.

Мысалы: қызыл – қоңыз, түйе, қой.

 

3 – тапсырма. Екі буынды сөздерді екі терезеге, үш буынды сөздерді үш терезеге орнату.

 

 

 

4 – тапсырма. М дыбысы мен Е дыбысынан келетін сөздерге сызып жеткізу.

 

-         Ал, балалар тақтаға кім шығады?

Балалар шаршап кетсек сергіту сәтін

 жасап жіберейік.

-         Экраннан көрсетіледі.

 

 

 

5 – тапсырма. Өткен әріптерден құрап, тақтаға сөздер жазу.

Аман, анар, қора,бор

 

 

 

 

 Дидактикалық ойын.Ребус шешу:ҚОЛШАТЫР,Айгул,Құндызай,

Ернар,Тасбақа.

 

6-тапсырма. «Сәйкесін тап» д/о

 

 

 

 

«Р,А,Ғ,Н,М,Б,С,Т,О,Е»дыбысы

 

 

Балалар қол айнаны алып,әріптерді айтады.

 

Балалар тақтадан әуенді кестеден өткен әріптерді көрсетеді

 

 

 

Балалар келген қонақпен амандасады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар орысша жауаптарын айтады.Кузнечик,бабочка,муравей,пчела,муха,стрекоза,комар.

 

 

Балалар қолдарын шапалақтап буынға бөледі

Балалар тақтаға шығып,буынға бөліп суреттерді орнатады.

 

 

 

Балалар қолдарын көтеріп кезекпен тақтаға шығады.

 

 

 

-Балалар экранға қарап,қимылмен жасайды.

 

 

 

Күнсәулет,Жанель,Еркеназдар шығып,АНА,ОРАҚ,БОР сөздерін жазады.

 

 

Балалар суретке қарап ребусты шешеді.

 

 

Балаларды екі орталыққа бөліп,таратып береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қорыту,         рефлексия

-Балалар біз бүгінгі оқу іс-әрекетінде қандай әріппен,қандай дыбыспен таныстық?

 

-Балалар,бізге қонаққа кім келді?

 

-Жарайсыңдар балалар,осымен бүгінгі оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз,кәні келген апайлармен қоштасайық

Рахмет айтып сіздерге

Күлкімізді сыйлайық

Көріскенше күн жақсы

Аман-есен болайық

 

 

 

 Р,А,Ғ,Н,Б,С,М,Т,О,Е дыбыстарымен.

 

 

Ханшайым Айлен келді.

 

 

 

Балалар қонақтармен қош айтысады.

 

 


Күтілетін нәтиже:

Нені білді:Дыбыстар мен әріптер, әуенді кестеден әріптерді тауып алуы.

Қандай түсініктерді игереді:Сөздерді буынға бөлуді, дыбыстардың дыбысталу ерекшелігін.

Меңгереді: Тапсырмаларды орындау арқылы сұрақтарға тез, нақты жауап бере алады.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 348

Trending Articles