Quantcast
Channel: Балабақша|Дедсад - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 348

Сұлулықтың сырын ұқ !

$
0
0

Ақтөбе облысы, Темір ауданы,

Алтықарасу мектеп-балабақшасының

бастауыш класс мұғалімі

Смагулова Жанаргүл Дихановна

Тақырыбы: Сұлулықтың сырын ұқ !

Мақсаты:Оқушыларға қоршаған орта, табиғат сұлулығы  жөнінде адамның сыртқы ортаға деген қатынасының үндестігі туралы түсінік беру. Оқушыларды сұлулықты сезіне білуге, аялап, қорғай білуге шақыру; оқушыларды жалпы сұлулықты дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайдтар,

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Топ аты:   Ғабит Мүсірепов

Топ ұраны: Ғылым сырын үйрендік,

 Біз талапты жас ұлан

Кіріспе:

  Мұғалім: Сұлулық –ең алдымен адам баласына тән сипат, әйтсе де сұлулықты айнала қоршаған ортадан, табиғат тынысынан да кездестіруге болады. Жазиралы кең дала келбетінің тамашасы тұтас бір сұлулықты көрсетіп, желегі жайқалған жасыл ағаштар мен құлпырған гүлдер сұлулығы жүрегіңді қуанышқа бөлейді. Кең даланы жосып жүрген киіктер керуені мен көздері жәудіреген ботаның сұлулығы табындырмай қоймайды. Айдын көлде жүзген сұлу аққудың сыңсып салған сазды әуені жүрек қылын шертеді. Ал ай мен күннің сұлулығында шек жоқ шығар. Тіпті еркелеп соққан самал жел де сұлу. Сол желмен ырғалған ақ қайыңдар да сұлу. Осындай сұлулықтың арасында жүрген әр адам сұлу. Сол себепті сұлулықты бағалап,  аялай білген жөн. Әсемдікке, әдемілікке, көрікті  де көркем нәрсеге ұмтылған адамның  ішкі әлемі де сұлу болады. Сыртқы ортаның  сұлулығына  табына білген адамның жан әлемінен әсем нұр тарайды. Халықта «жүзіне нұр тұнған, сөзінен бал тамған» деген сөз бар. Мұндай сөз ақылды, көрікті, инабатты, әдепті, яғни айналасын нұр шашып жүретін жаны да, тәні де сұлу адамға арналады.

-Балалар,  мен сендерге не  жайлы оқып бердім

-Жақсы, олай болса,  Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сұлулықтың сырын ұқ» деп аталады

Мұғалім:    Адам өмірі табиғатпен байланысты.. Адам табиғатты аялап, қамқорлап, туған жерге сүйіспеншілікпен қарауы тиіс.

  Адам табиғат  сұлулығынан,  әсемдігінен бойына қуат, көңіліне  шуақ алып, аса зор сезімге бөленеді.                         

   Табиғат тылсымы    С.Хангелдин

 Дилназ:

Табиғат, сен-тіршілік, тұнып тұрған:

сен-Күнсің, көтерілген күліп қырдан,

сен-көлсің,

сен-ормансың,

сен-бұлбұлсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

Сұлулық                                                                    Ш. Сариев.

Әлкей:

Жұлдыздардың жанарында-сұлулық,

Ақша бұлттың тамағында-сұлулық,

Түнерген тау қабағында-сұлулық,

Балбұлақты сылдырында-сұлулық,

Темірлан:

Айдын көлдің самалында-сұлулық,

Ұшар құстың баласында-сұлулық,

Гүл біткеннің арасында-сұлулық,

Елік-киік даласында-сұлулық,

Атар таңның шуағында сұлулық

Ай үздігіп қарасында-сұлулық,

Диас:

Кешкі ескен жібек жылы жел сұлу,

Хош иісті түрлі-түсті гүл сұлу,

Әдемі аспан-төбедегі көк шатыр,

Асқар тауы, дариясымен жер сұлу

Аяулым:

Жақсылық айтып басқаға,

Ортаға ойды салғайсың.

Тек мақтанба, жасқанба,

Сұлу жанды болғайсың.

Ақтан:

Күн сәулесі төгілгені әдемі,

Кемпірқосақ керілгені әдемі.

Көк шалғында асыр салып жүргенде,

Көк көбелек көрінеді әдемі.

Диляра:

Жас шыбықтың бүр ашқаны әдемі,

Алма ағаштың гүл ашқаны әдемі.

Қариялар жол үстінде кездесіп,

Амандықты сұрасқаны әдемі.

Ғани:

Бұлбұл құстың сайрағаны әдемі,

Қозы-лақтың ойнағаны әдемі.

Ақ боз атын ерттеп мініп атамның,

Қойды өріске айдағаны әдемі. 

Көрініс: Сұлулықпен сырласу

Кейіпкерлер: автор: Амангүл,Ақмоншақ, Диас, Нұржайнар, Ғани,Шұғыла

Автор: Амангүл

 Жазғы демалыста аталарының  үйіне келген Ақмоншақ, Диас, Нұржайнар, Шұғыла және  Ғани кештің қалай батқанын да байқамайды. Мал өрістен келген соң олар күнде бір ермек тауып алады.Кейде ертегі оқыса, кейде лото немесе дойбы ойнайды.Көбінесе теледидарды тамашалайды.

 Бірде «Балапан» арнасынан «Адам әлемі: Ақылыңа көркің сай болсын»

 деген тақырыпта сұхбат жүріп жатты. Сұхбатты қызықтай отырып, балалар өзара қызу әңгімеге кірісті.

 

Нұржайнар: Шұғыла менің де әдемі болғым келеді.

Шұғыла:  Сен өзің де өте сұлусың ғой.

Диас: Мен осы қыздарды түсінбеймін.Сұлулыққа неге қызығады екен.? Менің ойымша, ең бастысы адамның дені сау болуы керек деп ойлаймын.

 

Шұғыла: Әрине, денсаулық бәрімізге қажет.Дегенмен әдемі болуды кім жек көрсін.

Ғани: Біздің сыныпта сұлу қыздар көп.

Диас: Сол сұлу қыздардың мінезі қандай? Олар үлкендерді сыйлап, кішілерге қамқор жасай ала ма екен?

Нұржайнар: иә, олардың мінездері де жақсы. Сабақты да жақсы оқиды. Достықты да бағалайды.

Шұғыла: Мен де солай ойлаймын. Шынында, адамның сыртқы келбетіне ішкі жан дүниесіне сай болса, болды емес пе?

Ғани: Өзін-өзі күтіп, өзін-өзі жақсы көрген адамның сұлулығы ерекше болады, өйткені ондай адамның бойында өмірге деген құштарлық басым болады.

Ақмоншақ: Қыздар, олай болса, табиғат берген таза сұлулықты сақтап, айналаға жылы көзбен қараңдар. Барлық адамға жақсылық тілесеңдер, сендердің жүректерің де нұрға бөленеді. Ал жүректің нұрға бөленуі дегеніміз бақытқа жету деген сөз.

 

Автор: Амангүл: Балалардың таласа айтқан пікірлері олардың өздерінің де сыры мен сымбаты келіскен жандар екендігін көрсетеді. Олай болса, сұлулықты жыр етіп, адамдықты ардақтай білейік ,достар!

       «Ән сабағы» Бағдатова  Шұғыла

     Ән: Дилназ  «Жас дәуірдің түлегіміз»

Нақыл сөздер

 

1.     Сырты сұлуға көз қызығады, іші сұлуға жүрек қызығады.

Ғ.Мұстафин

2.     Сұлулық  адам  жанын марқайтатын, көзін қуантатын, тамсантып тәнті ететін, таңырқатып, сүйсіндіретін көрініс.

3.     Сұлулық адамның ізгі сезімдерін тербеп, көңілі мен жүрегін баурап алады.

4.Сұлулық адамның жүзінде емес, жүрегінде болады.

5. Адамдық ақылда- сұлулық жүректе

6. Денсаулық қайда болса,

     Сұлулық сонда

 

             Ойын: «Әдемі сөйлей білеміз бе?»

         Шығармашылық жұмыстар:

Ән:  «Сурет сабағы»

     Сұлулық сезімдері                                                   М.Жұмабаев

 Жаратылыстың сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады.

 Үлбіреген гүл, күңіренген орман, сылдыраған су, былдырлаған бұлақ, шексіз-шетсіз қара көк теңіз, түрлі шөптермен  толқынданған дала, бұлтпен бел алысқан биік тау, күннің ойыншыл алтын сәулелері, ерке сұлу ай, жұлдызды түн, міне осылар адам жанында бір ләззат, бір сұлулық толқынын оятады.

   Сәулет, сұлу сурет, мүсіндеу сықылды әсерлер адамның көру сезімін оятып, сұлулық толқынын оятады. Ал енді өнердің тылсыды жанды билеп алып кететін ән, музыка, поэзия, күй сықылды әсерлері есту сезімін сиқырлап барып адам жанында сұлулық толқындарын туғызады.

   

Қорытынды:

-Әдемі болыңдар, әсем болыңдар, сонымен бірге ақылды болыңдар!

-Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар, сонымен бірге саналы болыңдар!

-Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, сонымен бірге ұйымшыл болыңдар!-дей келе балалар, біз бүгінгі сабақта  айналамыз толған сұлулық, әсемдік екеніне көз жеткіздік. Алдағы уақытта осы әсемдіктің сырына үңіле түсіп, ұғынуға тырыса берейік.

Олай болса, бүгінгі сабағымыз  «Сұлулықтың сырын ұқ!» тақырыбындағы  тәрбие сағаты аяқталды


Viewing all articles
Browse latest Browse all 348

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>