№187 Мұстафа Шоқай атындағы
мектептің даярлық тобы мұғалімі
Бакирова Сәулеш Зікірияқызы
Тіл дамыту.
Сабақтың тақырыбы: Құстардың тіршілігі.
Мақсаты:
І. Құстардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру.
2.Сабақ барысында орындалған тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
3.Құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: қыстап қалатын құстардың суреттері, үнтаспаға жазылып алынған құстар үні.
Оқу іс - әрекетінің барысы:
- Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
Балалар дөңгелене тұрып, бір - біріне құстардың атына бай - ланысты еркелетіп айтатын сөздерді айтады.
- Көгершінім.
- Балапаным.
- Қарғам.
- Қарлығашым.
- Тотым, т.б.
- Кіріспе бөлім.
а) Қыс мезгілінің өзгерістерін сұрақ - жауап ойыны арқылы суреттеу, әңгімелеу. Балалардың жауаптары тыңдалып, педагог олардың жауаптарын қорытындылайды.
- Қыс мезгілі суық, қарлы, боранды болады. Қыста суыққа төзе алатын құстар ғана қыстап қалады. Олар мына құстар (суреттерін көрсету): торғай, қарға, кептер, сауысқан. Басқа құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Қыста құстар ағаштардың бұтақтарын паналап күнелтеді. Қарны ашып тоңған, жаураған құстар адамдарға жақын ұшып - қонып жүреді. Адамдар жем - шашар жасап, оған жем салып, ағаштың бұтағына іліп қояды.
ә) Балалар құстар, ұя деген сөздерге сөйлем құрастыру.
б) Сергіту сәтін өткізу.
Құстар біздің досымыз, бау - бақшаны қорғайды,
Ұя жасап қарсы алсақ, құстар бізді қолдайды.
- Негізгі бөлім.
а) «Құстар қалай қыстайды?» деген ертегіні оқып беру. Қыстың бір суың күні Суықторғай, Қарға, Торғай, Тоқылдақ, Құр, Сауысқандар кездесіп, әңгіме - дүкен құрыпты.
Қарға: Адамдар тұратын жерлерге жақын келіп орналасқанымыз жақсы болады. Бізге дастарқан дайындап қойыпты. Тіпті жеміс те бар екен.
Құр: Бірдеңе таптың ба? Маралдар да келмей қойды. Олардың ізіндегі қардан ашылған шөптің дәнін теріп жеп, бір тоятын едім.
Торғайлар: Мынандай қалың қарда дән қайдан табылсын. Ағаш бүршігімен күн көре тұрамыз да.
Сауысқан: Ей, Қаздар сендер жылы жаққа кетпеп пе едіңдер? Қыс түскенде мұнда неғып жүрсіңдер?
Қаздар: Әй, Сауысқан - ай, танымадың ба? Біз отырықшы Қаздармыз. Кейбір жабайы Қаздар ғой жылы жаққа ұшып кететін. Сендер өздерің неге жылы жаққа кетпедіңдер?
Сауысқан: Мен туған жерде қыстайтын отырықшы құспын ғой. Мен сияқты Алақарға, Шымшық, Тоқылдақ, Торғай қыста өз туған жерлерінде қыстайды.
ә) Суретпен жұмыс.
«Құстарға көмек» тақырыбында әңгіме құрастыру. Тірек сөздер: жемшашар, суықтан тоңған құстар, сарышымшықтар, жем салды, т.б.
б) Сөздік жұмысын жүргізу.
Сарышымшық — сұр, қоңыр түсті, бауыры сары, қауырсынды кішкентай құс.
Құр - тауық тұқымдас жабайы құс.
- Оқу іс - әрекетін қорытындылау.
а) «Қайсысы артық» дидактикалық ойыны. Шарты: Мұғалім тақтаға құстардың суретін іледі. Мысалы: суықторғай, тоқылдақ, қарға, жабайы үйрек. Балалар суреттерден қыстап қалатын құстарды атайды, ал жабайы үйректің артық екенін айтады.
ә) Сұрақтарға жауап беру.
- Қандай құстар қыста қыстап қалады екен?
- Біздер құстарға қандай қамқорлық жасауымыз керек?
- Қандай ертегі тыңдадыңдар? Ол не туралы?